Дәрігерлердің біліктілігін жетілдіру факультеті жанындағы колледждің стоматология кафедрасы «Тіс техникалық материалтану»


Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру



бет92/100
Дата11.12.2021
өлшемі192,7 Kb.
#79039
түріСабақ
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   100
Байланысты:
МР-зуб.мат-СТОМ-2к-теория-КАЗ

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. ------------15 мин(16%)

(тест, есептер, жазбаша жауап сұрақтары және т.б.)



  1. Фарфор, құрамы, қолданылуы.

  2. Пластмасса, құрамы, түрлері, қолданылуы.

  3. Жылтыратқыш материалдар.

  4. Қосалқы материалдар

10. Жаңа сабақты түсіндіру.-----------------------------------------------------------40 мин(44%)

Түрпілік материалдар. Протездерді және аппараттарды дайындап болған соң, барлық бөліктерін жақсылып жоғалатып жылтырату керек. Бұл өңдеудің мақсаты тіс протездерінің сыртқы қабаттарын кедір-бұдырларын тазартып тегістеу.

Тіс протездерінің конструкциясын қаншалықты дұрыс болғанымен, ол нашар өңделген болса, онда аурудың протезге үйренуін қиындатап, тамақ шайнауын аурлатады. Жақсы өңделген пртездер материалдардың беріктігін және тотығуы тұрақтылығын арттырады. Протезді өңдеу және жылтырату үшін, әртүрлі ұсақ түйіршікті материал қолданылады. Мұндай материалдар түрпілік материалдар деп талады.

Материалдарды түрпілерімен өңдеу, оның құрамындағы әртүрлі орналасқан түйіршіктердің қарама-қарсы қозғалысы кезінде кесуіне байланысты. Түрпілік түйіршіктердің әрекеті олардың майдалылығына, қалыбына және қасиетіне байланысты. Өнекәсәпте қолданылатын түрпілік материалдар «табиғи» және «жасанды» деп екіге бөлінеді.

Табиғи түрпілік материалдар. Алмаз-табиғатта кездесетін ең қатты материал. Ол көміртегінің бір түрі бола тұрып, одан кристалдық торының ерекше орналасауы арқылы ажыратылады. Алмаз қаттылықтың эталоны болып табылады. Моостың деңгейі көрсеткі бойынша, ең қатты материал-10.

Корунд – кристалдарының құрамында 90% алюминий тотығы бар табиғи минерал. Табиғатта таз күйінде өте сирек кездеседі. Ең жиі кездесетіні – темір және кремний тотықтары қосылыстары. Корунд қаттылығы жағынан алмазға қарағнда төмен. Моостың деңгейі көрсеткіші бойынша ол 9-ға тең.

Наждактың құрамында 97% корунд, темір қоспалары және басқа бірнеше минералдар бар. Моостың деңгейі көрсеткіші бойынша қаттылығы 7-8. қаттылығының әртүрлі болуы үшін, оның құрамындағы қоспаларды 1-2% азайту қажет.

Ұсақтылығы наждак ұнтағын електен өткізіп, қағаз бетіне немесе металдар бетіне желім арқылы жапсырады. Оны пластмассадан жасаған тіс протездерінің ойық беттерін өңдегенде қолданады.

Пемза – жанартау атылған кезде пайда болатын зат. Бұл тех қатқан газ тәріздес заттармен қаныққан лава. Пемзаның құрамы тұрақсыз. Оның негізгі компонентері кремнезем (60-70%). Метал тотықтары олардың басқа құрамдық бөліктері болып, пемза әртүрлі түс береді. Пемза ішкі құрылысында қуыстары көп, қатты және морт сынғыш материал.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет