Стоматологиялық цементтер. Стоматология өндірісі тәжірбиесінде цементтер ең көп қолданылатын материалдардың бірі болып саналады. Олар тұрақты пломбалар ретінде, тұрақты протездерді, салмаларды және ортодонтиялық аппараттарды бекіткенде кеңінен қолданылады.
Стоматологияда қолданылатын цементтердің артықшылықтарымен қатар көптеген кемшіліктері де бар. Мысалы; цементтер ауыз сұйықтығында ериді, физико-химиялық қөасиеті төмен, кіреуке мен дентинге жабысу қабілеті жоқ және т.б.
Цементтердің халықаралық жіктелуі мынадай:
мырыш – фосфаты
силикатты
силико – фосфатты
бактерицидті
мырыш – эвгенолды
поликарбоксилатты
шыныиономерлі
полимерлі
Бірақ ортопедиялық стоматологияда осы келтірілген цементтердің бәрі қолданыла бермейді. Көбінесе мырыш – фосфатты, поликарбоксилатты және шыныиономерлі түрлері жиі қолданылады.
Мырыш – фосфатты цемент. Бұл материалды тұрақты протездерді бекіту үшін және тіс өзектерін пломбылау үшін, сонымен қатар аралық төсем ретінде қолданылады. Бұл цемент ұнтақ және сұйықтықтан тұрады. Осы екеуін бір-бірімен араластырса ғана қолдануға жарамды болады.
Ұнтақ негізінен 75-90% -ға дейін мырыш тотығынан, 10%-ға дейін магний тотығынан тұрады. Цементтерді қасиетін жоғарлату үшін, кремнийдің екі тотығын және висмуттың үш тотығын қосады.
Фосфатты цементтің сұйықтығы құрамында мырыш, алюминий фосфаты, ортофосфор қышқылының судағы ертіндісі бар.
Цементтерді тегіс қалың тақташада металды шпательмен мынадай қатынаста: 1,8-2,2 ұнтаққа 0,5мл сұйықтық құйып араластырады. Бұлардың негізгі өкілдеріне фосфат-цемент, унифас-цемент, Чехияның Адгезорлы, цементтер жатады.
Поликарбоксилатты цементтер ұнтақ және сұйықтық күйінде шығарылады. Ұнтақ аз мөлшерде магний тотығы қосылған термохимиялық өңделген мырыш тотығынан тұрады.
Сұйықтық 32-42% полиакрил қышқылының судағы ертіндісі. Поликарбоксилатты цементтер кіреукемен, дентинмен химиялық әрекеттік тұрғыда байланысады және оның адам ағзасына тіс ұлпасына ешқандай да улы әсері жоқ. Салмаларды, өзектерді, тұрақты протездерді бекітуде және тіс жегілерді пломбылауға қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |