Дәрігерлердің біліктілігін жетілдіру факультеті жанындағы колледждің стоматология кафедрасы «Тіс техникалық материалтану»



бет99/100
Дата11.12.2021
өлшемі192,7 Kb.
#79039
түріСабақ
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   100
Байланысты:
МР-зуб.мат-СТОМ-2к-теория-КАЗ

Жылтыратқыш материалдар. Жылтырату процесі дегеніміз материалдың бетін анадай жылтырату мақсатында өңдеу. Жылтырату процесінде протез бетінде жалтыр бет қана беріп қоймай, протез материалының жұқа бір қабатын алып тастайды.Оны жылтырату үшін арнайы жылтыратқыш аспатар және жылтыратқыш сықпалар қолданады. Бұл сықпалардың құрамына түрпілік және байланыстырғаш материалдар енеді.

Жылтыратқыш түрпілік материалдарға жататындар;

Хром тотығы –крокустан берік, оны іші тот баспайтын болаттан дайындалған өнімдері өңдеуге қолданылады.

Темір тотығы –крокус, тек тот баспайтын болаттан дайындалған бұйымдарды өңдейді. Себебі бұйым кеңінен тотығуға ұшырауы мүмкін.

Бор – металл мен пластикті жалтыратқанда қолданады.

Қалайлы тотығы – фарфорлы бұйымдарды жылтыратқанда қолданады.

Жоғарыда көрсетілген жалтыратқыш материалдан дөңгелектерге жағатын сықпалар алынады. Олар ұсақ жылтыратқыш түрпілерден, беттік белсенді және байланыстырғаш заттардың қоспаларынан тұрады. Қазіргі кезде мемлекеттік оптикалық институтта шығарылған сықпа кеңінен қолданады. Оның құрамында хром тотығы 74-81%, силикагель 2-18%, стеарин 10%, ыдыратылған май 5-10%, олейн қышқылы 2%, натрийдің гидрокарбонаты 0,2% керосин 2% кіреді. Жылтырату процесі тегістеу процесіне ұқсас, бірақ жылтыратқыш аспапратға жылтыратушы сықпа жағу арқылы жүргізеді. Жалтыратқыш аспаптар теріден, киізден, материалдан дайындалған дөңгелектер мен конустар, ал дөңгелек щеткалар қылдан немесе жіптерден жасалады.

Органикалық емес қышқылдар. Тұз қышқылы өткір хор иісті, түссіз сұйық. Тығыздығы 1,14г/см3. қышқылды хлорлы сутекті суда еріту арқылы алады. Хлорлы сутек ас тұзы мен күкірт қышқылының өзара әрекетке түсуінен түзелген газ.

Тұз қышқылы халық шаруашылығныңы әртүрлі саласында кеңінен қолданылады. Тіс протездерін жасау тәжірибесінеде тұз қышқылы алтын негізіндегі құймаларды ағарту үшін, басқа қоспалармен бірге тот баспайтын болатқа арналған ағартқыштар құрамына кіреді. Ол алтын мен пластинаны еріту үшін қолданылатын патша арағының құрамына кіреді және қалыптық қоспаларды дайындауға қолданады. Теріге титетін болса күйдіреді. Дем алғанда тұз қышқылының буы ауамен бірге тыныс алу жолдарын және ауыз қуысының кілегей қабаттарын тітіркендіреді. Сондықтан бұл қышқылдармен жұмыс істегенде қауіпсіздік ережесін сақатаған жөн.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет