Асқынулары
|
Белгілері
|
Себептері
|
Профилактикасы
|
Инфильтрат механикалық жарақат аймағындағы жасушалардың көбейіп тығыздалуы
|
-ауырсыну; - гиперемия; - жергілікті температуралық реакция;
|
- Бұлшық етке инъекция жасағанда иненің қысқалығы; - бір жерге біріңғай көп енгізу; - жылытылмаған майлы ерітінділерді енгізу;
|
Инфильтратты туындатушы себепті болдырмау. Емі: жылытқыш беру. йодтан тор жасау, капста жапырактарын жапсыру т.б.
|
Абсцесс ұлпанын ірідеуы
|
-ауырсыну; - тығыздалу; - гиперемия; - жалпы температуралық реакция;
|
Асептика ережесін бұзу.
|
Асептика ережесін сақтау. Емі: хирургиялық ем.
|
Майлы эмболия майлы ерітіндінің қан тамырларға түсіп, оларды бітеуі
|
Егер эмболдар тамырларға түссе: - ентігу; - тырысулық жөтел; - көбінде өліммен аяқталады. Егер эмбол үлкен қан айналым шеңберіне және ми тамырларына түссе: - көрудің, естудің, сөйлеудің және т.б. бұзылуы; - толық салдану;
|
Тері астына және көк тамырға инъекция жасағанда кездейсоқ иненің қан тамырларға түсуі.
|
Шприцті тартып көріп, иненің қан тамырларға түспегендігіне көз жеткізу.
|
Аллергиялық реакция дәрілерге, сарысуларға, вакциналарға төзімділіктің болмауы
|
Құбылмалы, әр түрлі: - тұмау; - қышыну; - конъюктивит; - Квинке ісінуі;
|
Химиялық заттарды және өзге ақуыздарды енгізген кездегі ағзаның жауап қайтаруы.
|
Аллергиялық тарихын білуі және аллергиялық сынақ жасалуы тиіс.
|
Анафилактикалық шок аллергиялық реакцияның жылдам әсері
|
- тахикардия; - тыныс алу ырғағының бұзылуы; - тырысулар; - естен тану; - АҚҚ-ның төмендеуі және т.б;
|
Химиялық заттарды және өзге ақуыздарды енгізген кездегі ағзаның жылдам жауап қайтаруы.
|
Тексерілуі керек: - аллергиялық тарихын; - аллергиялық сынағын; - Безредки әдісімен иммундық сарысу енгізуін Жедел көмек- анафилактикалық шокты көріңіз.
|
Жүйке талшықтарының зақымдануы
|
- неврит; - толық салдану; - шала салдану;
|
- инъекция жасалынатын бөліктің бұрыс таңдалуы (механикалық); - дәрінің ( кальций хлориді) бөлігі тері астында қалып, некроз туындатуы. - тамырлардың бітелуі;
|
- инъекция жасалынатын бөлікті дұрыс таңдау; - көк тамырға инъекция жасағанда тітіркендіретін дәрілердің ұлпаға түсуіне жол бермеу;
|
Некроз ұлпалардың жансыздану
|
- ауырсыну; - ойылу;
|
- қатты тітіркендіретін дәрілік заттардың венепункцияға бұрыс енгізілуі (мысалы: 10 калций хлорид ерітіндісі) ;
|
Дұрыс енгізу ережелерін қолдану. Көмек: инъекция жасалынған аймаққа 0,9 натрий хлоридін енгізу (концентрациясын төмендетеді).
|
Гематома тері астына қанның құйылуы
|
- қан түстес дақ.
|
Тесілу: - венепункция кезіндегі венаның перфорациясы; - кездейсоқ тері асты мен көк тамырдың тесілуі, тамырлардың зақымдануы.
|
Венепункция ерезесін сақтау. Көмек: қыздырушы компресс қою.
|
Иненің сынуы
|
|
- инені канюлаға дейін енгізу; - кездейсоқ бұлшық етті жиыру, егер науқас психикалық және физикалық жағынан инъекцияға дайын болмаған жағжайында;
|
- инені соңына дейін енгізбеу; - науқаспен психопрофилактикалық әңгімелесу өткізу; - инъекцияны тұрып істемеу;
|
Дәріні қате енгізу
|
Енгізілген химиялық препараттар әртүрлі әсерлер көрсетуі мүмкін.
|
Мейірбикенің ұқыпсыздығы.
|
Тағайындалғанды және дәрілік заттың аталуын оқу. Көмек: - егер инъекция тері астына жасалса, онда жгутты жоғары байлау. - антогонистті енгізу; - инъекция жасалынған аймаққа 0,9 натрий хлоридін енгізу (концентрациясын төмендетеді).
|
Тромбофлебит венаның тромбпен бітелуі. Флебит: вена қабынуы.
|
- ауырсыну; - гиперемия; - венаға енгізілетін аймақта инфильтраттың болуы; - дене температурасының көтерілуі;
|
- венепункцияны біріңғай бір жерге енгізу;
|
- веналар реттілікпен; Емі: дәрігер нұсқауымен
|
Сепсис жалпы жұқпалы ауру
|
- қабыну;
|
- көк тамырға инъекция жасағанда асептика ережелерінің бұзылуы; - залалсыздандырылмаған ерітінділердің қолданылуы;
|
Асептиканы сақтау. Емі: дәрігер нұсқауымен.
|
Вирустық гепатиттер және ЖҚТБ
|
|
- зарарсыздандыру және залалсыздандыру ережелерінің бұзылуы
|
№661, 553 бұйрықтарды сақтау.
|
Ауа эмболиясы қан тамырлардың ауамен бітеліп қалуы.
|
- майлы эмболия сияқты;
|
- системадан және шприцтен ауа көпіршіктерінің жойылмай енгізілуі.
|
- көк тамырға инъекция жасағанда системадан және шприцтен ауаны шығару; - шприцте 0,5-1 мл дәрілік заттың қалуы; - көк тамырдан тамшылатып инъекция жасағанда кішкене дәрілік затты қалдыру;
|