Бекітемін_________________
МКҚК «Айгүл» балабақшасы
әдіскері: А.Баянова
«Дәрілік өсімдіктер»
(Ересектер, «Құлыншақ» тобы, десант оқу іс-әрекеті)
Тәрбиеші: Г.Батырова
15 сәуір 2015 жыл
Білім беру саласы: Таным. Әлеуметтік орта
Бөлімі: Экология негіздері
Тақырыбы: Дәрілік өсімдіктер
Мақсаты: Өз жерінде өсетін дәрілік өсімдіктермен таныстыру; дәрілік өсімдіктерді емдеуге қолданудың қарапайым тәсілдерімен таныстыру; Өсімдіктер туралы білімдерін әрі қарай дамыту;білім көкжиектерін кеңейту; Өсімдіктерді қорғауға деген тілектерін арттыру.
Қолданылатын көрнекі құралдар: Дәрілік өсімдіктер, слайд суреттер, бөлме өсімдігі алоэ, дәрілік дайындалған шөптер: жалбыз, түймедағы, қалақай.
Сөздік жұмыс: дәрілік өсімдіктер.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері.
|
Педагогтің іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті
|
Мотивациялық –қозғаушылық
|
Шаттық шеңбері
Біз қандаймыз,қандаймыз,
Шұғылалы таңдаймыз,
Күлімдеген күндейміз,
Ренжісуді білмейміз.
Қуанамын менде,
Қуанасың сенде.
Қуанайық ,достарым,
Арайлап атқан күнге.
Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Көктем мезгілі неше ай қонақтайды?
Айларын кім атайды?
Көктемде алғашқы гүл жаратын қандай гүл екенін білемізбе?
|
Шеңберге тұрады,
өлеңнің сөздерін қайталайды.
Көктем
Үш ай болады
Наурыз , сәуір, мамыр
Бәйшешек гүлі
|
Ұйымдастыру-шылық-ізденістік
|
Д /о: «Гүл аттарын атау»
(слайд суреттері көрсетіледі)
Бұлар табиғатқа әсемдік беретін гүлдер. Бұл гүлдерді сыйлық ретінде береміз.
Енді мына суретке назар аударайық.
Бұлар дәрілік өсімдіктер,біздің жерімізде дәрілік шөптердің көптеген түрлері өсіріледі.Оларды ауырып қалған кезде емдік үшін пайдаланамыз.
Мысалы: Жалбыз- Оның жапырақтарын қайнатып, суық тиген кезде ішеді.
Жолжелкен – бізідң жерімізде көп өседі. Ол қан тоқтатады, микробтарды өлтіреді.
Түймедағы- ол көп жерде өседі.Жапырағын жараға жапсырып қойсаң, тез жазылып кетеді.
Қалақай –Оны ұсақтап, жараға таңса тез жазылады.
Осы дәрілік шөптердің қалай дайындалу жолдарын көреміз.
(тақтаға назар аударайық)
Дәрілік шөптер гүлдеп, өскен соң жинап кептіреді, кепкен соң арнайы құрылғымен ұсақтап мынадай қорапшаларға салады. Олар салқын, құрғақ жерде сақталады. Оларды біз дәріханалардан аламыз.
Сергіту сәті.
(Бейне роликпен орындау)
Дәптермен жұмыс.
Тапсырма : Суық тиіп ауырғанда қандай дәрілік шөпті пайдаланамыз? Белгіле .
Дәрілік шөптер далалы, таулы жерлерде өседі, сонымен бірге өз қолымыздан үйде өсіретін мынау, алоэ өсімдігі. Мұныңда емдік қасиеті бар. Денемізге жара шығып немесе ауырған кезде алоэ жапырағын таңып қойсақ, жарамыз тез жазылады.
Алоэны қалай күтеміз?
|
Раушан , қызғалдақ, жауқазын
Балалар суретке назар аударады.
Дәрілік шөптермен танысады.
Балалар суретке қарап дайындалу жолдарымен танысады.
Қимылмен орындайды.
Балалар тапсырманы орындап, жалбыз екенін біліп, белгілейді.
Су құямыз, шаңын сүртеміз, топырағын ауыстырып тұрамыз.
|
Рефлексиялық -түзетушілік
|
Мына бір шағын әңгімені тыңдап көрейік: «Бір қыз бір күні әжесіне қонаққа барды. Шалғынмен кетіп бара жатып, ол түрлі гүлдерді жинап алды. Ол үлкен гүл шоғын сыйлап, әжесін қуантпақ болды.Бірақ әжесі гүл шоғын көріп, қуана қойған жоқ:
Табиғаттағы гүлдер қалай болса солай жинап алу үшін өсіп тұрған жоқ. Гүл жинағанды жақсы көретін болсаң, алдымен өзің өсіруді үйрен- деді әжесі.
Балаллар, әжесі неге немересі сыйлаған гүлге қуанған жоқ.
|
Балалар өз пікірлерін айтады. Табиғатта өсіп тұрған гүлді жұлуға болмайды, оларды күтіп қорғау керек екенін біледі.
|
Күтілетін нәтиже:
Орындайды: Өсімдіктерді фото суреттерден тауып көрсете алуды, оларды қорғауды.
Түсінеді: дәрілік өсімдіктердің қандай ауру түрлеріне қолданылатынын.
Қолданады: дәрілік өсімдіктермен, олардың атауын, қандай ауруларға қолдануға болатыны туралы білімді.
Достарыңызбен бөлісу: |