Дәріс 1 Алғашқы қауым құрылысы дәуірі кезеңіндегі Қазақстандағы дене шынықтыру тарихы


Дәріс № 3. Қазақстанда феодалдық қоғам пайда болуы кезіндегі дене шынықтыру мен спорт



бет3/25
Дата14.12.2022
өлшемі122,21 Kb.
#162742
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Байланысты:
ДТжС тарихы 3 курс лекция

Дәріс № 3.
Қазақстанда феодалдық қоғам пайда болуы кезіндегі дене шынықтыру мен спорт
Дәрістің жоспары:
1. Феодализм қоғамы құрлысының орнығуымен дамуы барысындағы дене шынықтыру.
Б.Э.Д. VI ғасырда Қазақстан территориясында федалдық қатынастар пайда бола бастады. Федалдық қатынастардың қалыптасуы көшпелі мал шаруашылығының жағдайында туындады. Қазақстанның оңтүстік аудандарында мал шаруашылығымен қатар, егін шаруашылығы да қалыптаса бастады. Көшпенділер өмірі белгілі қиындықтармен жетілген. Орыннан орынға көшіп-қону, малдың ұдайы күтімі осы сияқты көптеген көшпенді тіршіліктің өзіндік ерекшелегі қауым мүшесіне жоғары талап қойды. Ертеректе күш, ептілік, батылдық сынағынан өткен көшпенді жеткіншілігі мен бозбаласы шаруашылықта қосалқы роль атқарса (шамасына қарай еңбек етуші, бақылаушы, күзетуші т.с.с.), ал енді бұл жеткіліксіз болды. Әлі даму кезеңіндегі мал шаруашылығы жас буынның еңбек шаруашылығына тым ертерек дайындалуын талап етті. Өткен кезеңдерде көшпенділердің жасөспірімдері мен бозбалалары жігіт болғаннан кейін де бірігіп бақташы, ал кейбір жағдайларда аң аулаушы құстар және иттермен аң аулаушы болғаны белгілі. VI ғасырдың орта шенінде Манғолия жерінде ерте феодалдық үлгідегі кең байтақ мемлекеттік бірлестік-Түркі қағанаты пайда болды, бірақ ол ұзақ тіршілік еткен жоқ. 581 жылы ол екі дербес қағанатқа: шығыс-түрік, орталығы-Манғолия жері және батыс-түркі, орталығы-Жетісу өңірі болып бөлінді. Өткен заман мәдениетін яғни, сақ, қаңылы, үйсін және өзге де тайпа мәдениетін жалғастырушы тайпалар мен халықтар енді жаңа мемлекет құрамына кірді. Түркі қағанаты кезінде қазақстан жерінде ондаған қалалар мен мәдени орталықтар пайда болды. Тараз қаласы ірі сауда орталығына айналды. Көптеген, музыканттар, әншілер, тамаша шабандоздар, мерген садақшылар, әйгілі күресшілер мен күштілер жиналатын дәстүрлі жәрмеңкелер осы қаларда өткізілді. Түркі қағанаты кезінде, әсіресе, атты жаттықтыру түрлері қанатын кең жайды. Жылқы түркі тайпаларының өмірінде шаруашылықта ғана үлкен роль атқарып қойған жоқ, сонымен қатар, олардың әскер ісінен де айтарлықтай ерекше мәнге ие болды.
Қыс ұзақрақ болатын Қазақстанның Солтүстік және Шығыс аудандарында коньки мен шаңғы тебу кең қолданылады. Орта Азия мен Қазақстан халықтарының ежелгі тарихын зерттеуші И.Я.Бичурин (Иокинф) Қазақстан территориясының көптеген бөліктерінде шаңғы тебу әйгілі болған дегенді айтады. Ол былай деп жазды, «олар аяқтарына шаңғы байлайды, қолтықтарына имек таяқты таяды. Әрбір қимылдағанда жүз адамды алға өте тез алады». Түркі тайпаларының арасында шаңғымен жылжу үлкен орын алғаны жөнінде қытайлардың оларға қойған лақап аты да хабардар етеді. Оларды қытайлар «ағаш атқа мінген түркілер» деп атаған. Шаңғы тебу тек дене жаттықтыру мен көңіл-көтерудің түрі ретінде қолданылмады. Ол күнделікті өмірде елеулі роль атқарды, айқын қолданбалы мәнге ие болды. Академик Ә.Х.Марғұланның мәліметтері бойынша, шаңғы VII-ХII ғ.ғ. Қазақстан тұрғындарында жылжудың негізгі тәсілдерінің бірі болды және көптеген шаруашылық жұмыстарын орындау үшін қолданылды. Орта Азия мен Қазақстанның оңтүстік аудандарында басқа да көптеген дене жаттығулары мен ойын түрлері болды. Жүру мен жүргізуге үлкен мән берді. ХІ ғ. Уәзірі Наизам-әл-Мүліктің «Сиасет-наме» шығармасының бір бөлімі желаяқтарға арналған. Онда былай делінген: «желаяқтарды бірнеше белгілі жолдарға қою керек; олардың бәрі реттелген жағдайда бір тәуліктің ішінде елу фарсанг жолда болатын оқиға жөнінде хабар жетеді. Жұмыстан ауытқымаулары үшін, бұрынғы дәстүр бойынша оларға қамқорлық жасайтын шекибтар болуы керек.» Осы кезеңде Орта Азия мен Қазақстан мәдениетінің деңгейі жоғары көтерілді. Жазу, әдебиет, ғылым дамыды. Дене шынықтыру жоғары даму сатысына жетті. Ол рухани мәдениеттің құрамдас бөлігі болды. ХІІІ ғ. Басында Манғолия территориясында федодалдық басшы топтың өкілдерінің бірі-Темучин, кейін Шыңғысхан атымен әйгілі болған ірі мемлекет пайда болды. Монғол шапқыншылығы тұрғылықты халықтарға айықпайтын қайғы алып келді. Монғолдардың Қазақстанға келуі елдің өндіріс қуатын бұзды, ұзақ мезгілде экономика мен мәдениет дамуын тоқтатты. Монғол мемлекетініңі бар саясаты көрші елдерді тонау, халқын құлдыққа салу мақсатында болды. Әскерде қатаң тәртіп сақталды. Ауыр ауыртпалықпен әскер міндеті халықтың иығына түсті. Құлдыққа айналған жергілікті халық әскерге адам беруге міндетті болды. Осындай жағдайда бар мәдениет және дене тәрбиесінің барлық түрі монгол мемлекетінің саясатына, монғол армиясының әскери күш дайындығының мүддесіне бағындырылды. Дене шынықтыруға монғолдар жоғары деңгейде мән берді. Ерте жас кезінен-ақ, олар салт атқа міну өнеріне және садақ атуға дағдыланды, күрес бойынша жарыстарға қатыса отырып, жауымен жекпе-жекке шығуға қажетті күштерін және алғырлықтарын дамытуға үйретті. Осы күнге дейін өткізілетін «үш күйеу ойыны» (Эркин Гурван Надам) кейінен бүкіл монғолдың спорттық мерекелердің негізін құрады. Барлық тонаушылық жорықтары ат үстінде өтетіндіктен, монғол әскерінің бірінші міндеті-шабандоз болу болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет