Дәріс 1 Алғашқы қауым құрылысы дәуірі кезеңіндегі Қазақстандағы дене шынықтыру тарихы


Даріс 2 Қазақстанда рулық құрылыс пен таптық одақтар тұсында дене тәрбиесінің келіп шығуы



бет2/25
Дата14.12.2022
өлшемі122,21 Kb.
#162742
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Байланысты:
ДТжС тарихы 3 курс лекция

Даріс 2
Қазақстанда рулық құрылыс пен таптық одақтар тұсында дене тәрбиесінің келіп шығуы
Дәріс жоспары:

  1. Қазақстанда рулық құрылыс пен таптық одақтар тұсында дене тәрбиесінің келіп шығуы

  2. Дене тәрбиесінің жыныстық белгілерге қарай бӛлінуі

Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы кезеңіндегі дене тәрбиесі. «Соғыс демократиясы» кезіндегі дене тәрбиесі. Дене тәрбиесінің жаңа тәсілдерінің келіп шығуы: қыз куу, аламан бәйге, қылыштасу, ат үстіндегі күрес, күміс алу, садақ ату және т.б.; Сақтардың дене тәрбиесінің жүйесі.
Үйсіндердің дене тәрбиесінің жүйесі. Ғұндардың дене тәрбиесінің жүйесі.
Аландардың дене тәрбиесінің жүйесі.
Қаңлылардың дене тәрбиесінің жүйесі.
Массагеттердің дене тәрбиесінің жүйесі.
Александр Македонскийдің жаулап алу жорықтары кезіндегі дене тәрбиесі.
Орта Азия мен Қазақстандық таптық одақтардың әлемнің жекелеген елдерімен (Парсы, Вавилон, Ертедегі Греция, Кӛне Рим) дене тәрбиесі саласындағы жан-жақты байланыстары.
Б.Э.Д. алғашқы бір мың жылдықтың орта шеніне қарай, Қазақстан территориясында кӛптеген тайпалар тіршілік етті, олардың ішінде ең ірілері сақтар, массагеттер, сарматтар, каспии еді.
Сақтар батыр да жауынгер тайпа болды. Сақтардың жауынгерлік, батылдық қасиеттерін кӛрші тайпалар мен халықтардың барлыгы жоғары бағалады. Ежелгі тарихшы Дионский оларды: „жебе тартушылардың әлемдегі ең шебер атқыштары, мергендері" деп
атады . (35)
Ежелгі грек тарихшысы Страбон, шаруашылығы мен қоғамдық ӛмірінен жанастық тапқандықтан ба, сақтарды „азиялық скифтер" деп атаған. (36) Скифтер садақ отан тек қана соғыста қолданған жоқ, сондай-ақ аң аулауда, күнделікгі нысанаға тигізу жаттығуларында да қолданды". (37) Скифтерді кейбір жарыс түрлерін басқа халықтарда пайдаланды. Мәселен, скифтермен бір кезеңде ӛмір сүрген гректерде алысқа жебе тартқан ұланның бейнесі бір мәрмәр қабырғада сақталған. Садақ оғының 35-40° бұрыштыкпен жоғары кӛтеріліп тұруы, жебенің нысанасы емес, алысты бағытттауы, тиімді ұшу қашықтығын кӛздегенін байқатады. Грек ұлыньң тартып тұрған садағы, кӛлемі мен түрі жағынан — нағыз скифтікі. Осы кӛрініс жӛнінде орыс тарихшысы Е.Е.Тевяшев, мұндай алысты кӛздеген атыс скифтерден альнған, гректер мынадай жарыстарды ӛздерінде ӛткізген емес деген ой айтады.(38)
Сақ тайпалары да алыс қашықтыққа жебе тартуды дағдыға айналдырғанын осы күндері табылған археологиялық қазьндылар хабардар етеді. Хантаудан (Балқаш аймағының оңтүстік-батыс жағы) табылған кӛптеген қазба заттардың ішінен садақ тартқан әйел мүсіні назар аудартады. (39) Оң тізесі сәл бүгілген мерген әйелдің садақ оғы бұрыштальш жоғары кӛтерілуі, жебенің нақ алыс бағытқа бағытталғанын кӛрсетеді.
Сақтарда ат ойындары мен ат жарыстары кең дамыған. Біздің заманымызға жеткен қызықты мәліметтердің бірі, ол Вавиловда Кирдің патшалық ету салтанатына арналған аса үлкен сайыста сақтың ат жарысындағы кӛз жеткізсіз жеңісі.
Сақтар арасында некелесу рәсіміне байланысты жарыстар уйымдастыру салты болған. Салттың шарты бойынша, сайыста қалындығын күш сынауда, тӛзімділігін танытуда жеңіп шықса гана, сақ үлы үйленуге рұқсат алған. (41)
Кӛне дәуір әдебиеттерінде жазылған үйлену жарыстары қазақ, қырғыз ойыны «қызбӛрі» ӛте ұқсас. Академик А.Х.Марғұлан «қыз-бӛрі» деп аталуының ӛзіне, некелік одақ кұру кезінде қолданылған рулық идеологияның кӛне тӛтемдерге үндеуі деп есептеген жӛн деп жазды. Бозбала мен қыздың жекпе-жегі, некеге тұру салты кезіндегі жарыс түрі ретінде, Орта Азия мен Қазақстан елдерінде кең тараған құбылыс еді дейді аталған автор. (42) Қырғыз тарихшьшары, „қыз-қуу" ойының тарихына жүгіне отырып, бұрын бұл жарысқа тек қана қалыңдық қатысқан деп жазады. (43) Бұндай да анығырақ кӛзқарасты, қазақ галымы М.Брусиловский ұсынады, ол қыз қуу ойыны ӛзінің бастамасын бұрынырақта кең қолданылған қыз-бӛрі ойынынан алған деген ой айтады.
Осы мәліметтерге жүгіне отырьп, қазіргі кезеңдегі спорттық ат ойындары, қыз-қуу, ӛздерінің түп-тамырларын сонау сақ заманынан алады деп ой түйіндеуге болады. (45) Кӛшпенді сақтардың кейбір тұрмыстық ерекшеліктері осы күнгі үйлену кезіндегі жарыстар түрінде сақталып калуы, бұл кездсйсоқтық емес. (46)
Сақтар тек керемет шабандоз, атқыш мерген ғана емес, олар тамаша теңізші және ӛте жақсы жаяу әскер болды. тарихшы А.Н.Бернштам, Орта Азия мен Қазақстанның ежелгі тұрғындары, еңселі бойлы, аяқ бұлшық еттері қатты дамыган адамдар еді деген түжырым айтады. Осы және басқа да деректер, сақтар мен оларға туыс тайпалардың жан-жақты дайындықтарымен айрықша кӛзге түскендіктерін ӛздерінің әкери-күш қабілеттерімен ерекшеленгендіктерінен хабардар етеді.
Қазақстанның солтүстік-шығыс аймағьнда сармат тайпалары тұрды. Сарматгар, сақтар секілді, қарудың бірнеше түрін қолдана білді. Сармат әскерінің қару-жарақтарында кӛптеген найзаның, садақ пен жебенің түрлері болды. Жеңіл де, салмақты ұшы бар найзасы болды. Сармат әскерінің қабірінен садақ оғының ұшы табылды. Бүл «әскери бағыттағы тұрмыста тәжірибені алға жетелеуші күш ретінде тапсыру екендігін нақ болжауға болатынын» білдіреді. (48) Сақ тайпалары мен қоныстанушьлардың бӛлігін массагетгер құрады. Геродот, массагеттердің қару-жарағын, тұрмыс-тіршілігін суреттей келе, оларда найза, жебе, балта, дулыға болғанын атап ӛтеді. Олар атпен және жаяу соғысады. Салт атпен соғысқанда массагеттер ӛздерінің аттарының кеудесін мыс сауытпен жауып қояды. (49) Әскери демократия жағдайында, әскери-күш тәрбиесі бұл тайпалар ӛмірінде ерекше орын алды. Ол барлық қауым мүшелерін қамтыды. Геродот жазды: „Олар 5 жастан бастап 25-ке дейін балаларын тек үш нәрсеге үйретті, ол: салт атқа міну, жебе тарту және шыншьл болу". (50) Кӛне ғасыр авторлары Орта Азия тайпаларының әйелдері ер адамдармен қатар, қоғамдық ӛмірде де, соғыс қимылдарында да белсене қатысқанына ерекше назар .аударады. Массагет тайпаларының бірі жӛнінде, Геродот: „оларда әйелдер еркектермен бірдей жағдайда қолданылады", -деп жазды. (51) Кейбір массагет әйелдері тайпа кӛсемі болды. Сармат әйелдері батыр да ержүрек еді. „Мен сармат әйелдерін білемін, олар соғыс ісін еркектерден кем білмейді " - деп Климент Александрийский атап кӛрсетті. Герадоттық суреттеуі бойыша, сармат әйелі атқа салт мініп аң аулаған, еркек киімін киген, жауын ӛлтірмей, бір де бір қыз тұрмысқа шықпаған. Бүл тайпаның әйелдері ат үстінде де. жаяу да жақсы соғысқан, яғни, бұл кӛрініс әйелдердің дене шынықтыру деңгейін жоғарылығын кӛрсетсе керек.
Сақ әйелдерінің дене шынықтыру дайындықтарына, (54) әскер ісі ӛнерін игеруіне жоғары талап қойылды. Диодор бір кезеңде, сақтарда ер жүрекгі әйел патшалық құрды деп жазды. „Қашанда бұл тайпаньң әйелдері батыл, ерлерімен соғыс қауіпін бірдей бӛліседі", (55) Климент Александрийскийдің жазуы бойынша „сақ әйелдері жорта қаша отырып, ер адамдарша ат үстінен бұрылып атты". (56)
Б.э.д. ІУ-Ш ғ.ғ. қарсаңында Қазақстан жерінде жаңа тайпалық одақ пайда болды. Сондай-ақ, ірі тайпалар одағьна кірмеген кішігірім тайпалар да мұнда ӛмір сүрді. Алайда, бізге тарих -бетінен кӛбірек белгілі алан, қаңлы , үйсін сияқты ірі тайпалар.
Алаңдар, сарматтар ұрпақтары Батыс Қазақстаңды жайлады. Аландар кӛсемдерін тек жауынгерлік ерлігіне қарап сайлады. Рим жазушылары оларды „қатал да мәңгі соғысқұмарлар"деп есептеді. (57) Аландар ұзын бойлылығымен және келбеттіліктерімен даңқы шықты. Жастары ерте жастан-ақ ат үсті ӛнері мен садақтан жебе тартуға үйренді. (58) Алан елінде әртүрлі әскери жаттығулар кең дамыған еді. Латын тарихшысы Марпелмен аландар туралы былай деді: „олар түрлі дене жаттығуларын жасай білгендіктен, бәрі шебер жауынгер болды.(59)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет