Дәріс №1. Білім беру кәсіби іс-әрекеттің жүйесі мен компонентті маманның қалыптасу нәтижесі Мақсаты



бет17/27
Дата14.02.2022
өлшемі151,2 Kb.
#131676
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   27
Байланысты:
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МАМАНДЫҚҚА КІРІСПЕ. Дәріс

Қарым-қатынастың коммуникативтік қызметі арқылы ақпараттармен алмасу процессі іске асырылады. Оқушыларды тәрбиелеу, оқыту, олардың тұлғаларын дамытып қалыптастыруда маңызы зор.
Қарым-қатынастың интербелсенділік қызметі арқылы оқушылардың өзара бірлескен ынтымақтастық іс-әрекеттерін ұйымдастыру, реттеу, басқару іске асырылады.
Қарым-катынастың перцептивтік қызметі аркылы оқушылардың психикалық жағдайын сезіне алу, олардың көңіл-күйін түсіне білу іске асырылады.
Қарастырылып отырған қаръм-қатынас қызметтері нақты педагогикалық іс-әрекетте өзара бір-бірімен тығыз байланысып жатады. Себебі ақпараттармен алмасу барысының өзінде мұғалім оқушылардың ішкі жан дүниесін сезініп және олардың өзара бірлесіп оқу-танымдық жұмыстарға қатысуын іске асыра береді.
Педагогикалық қарым-қатынас стильдері. Мұғалім тәжірибесінде орын алатын педагогикалық қарым-қатынастың түрлерімен қатар оның негізгі стильдерімен танысып өтейік.
Педагогикалық қарым-қатынас стилі - педагогтың өз шәкірттерімен әрекеттесуінің дербес-психологиялық ерекшеліктері. Әр мүғалімнің балалармен қарым-катынас орнатуында өзіне ғана тән ерекшеліктері болады. Осы ерекшеліктеріне байланысты әр мүғалімнің кабинетке кіруімен бірге оқушылар сыныбында әр түрлі психологиялық ахуал орын алады.
Педагогика, психология, әлеуметтану ғылымдарында қарым-қатынастың мынандай стильдері топтастырылған: авторитарлык, либералдық, демократиялық.
Қарым-қатынастың авторитарлық стилінде мұғалім оқушылардың қызығушылықтарын ескерусіз өзі ғана шешім қабылдайды, мұнда мұғалім: «Менің айтқаньм заң», «Мен бұйырамьн, сендер орындайсыңдар» деген позицияны ұстанады.
Қарым-қатынастың либералдық стилінде мұғалім өз бетінше шешім қабылдаудан бас тартып, жауапкершілікті оқушыларға, әріптестеріне ысырады. Мұғалім «Сен тимесең, мен тимеймін», «Қалай болса, солай болсын» деген позицияны ұстанады.
Қарым-қатынастың демократиялық стшінде оқушы мен мүғалім педагогикалык қарым-қатынастың тең құқылы субъектілері ретінде қарастырылады. Бұл стиль бойынша жұмыс істейтін мұғалім: «Бәріміз бірге жоспарлаймыз, бірігіп орындаймыз, бірігіп жетістікке жетеміз» деген позицияны ұстанады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет