Дәріс №10. Педагогикалық қарым-қатынас түрлері, құбылысы мен стилі
Мақсат: Болашақ мұғалімдерді өзін-өзі тәрбиелеу әдістерімен таныстырып, өздігінен білім алу туралы білімдер жүйесін қалыптастыру.
Негізгі ұғымдар: тәрбие, өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі тәрбиелеудің әдіс-тәсілдері, өзін-өзі бағалау, өзін-өзі бақылау, өзіне-өзі бұйырық беру, өзін-өзі иландыру, өздігінен білім алу.
Жоспары: Өздігінен білімін көтеру, өзін-өзі тәрбиелеу ұғымы және олардың ерекшеліктері.
Мұғалімнің кәсіби білімін көтеру.
Өзін-өзі тәрбиелеу болашақ мұғалімнің кәсіби дайындығының құралы.
Өздігінен білімін көтеру жеке тұлғаның шығармашылық мүмкіндігінің қалыптасуы мен дамуының көзі.
Өзін-өзі тәрбиелеу туралы түсінік. Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудегі ұжымның атқаратын қызметі. Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеу жеке тұлғаны қалыптастыру процесінің ажырамас екі жағы деуге болады.
Тәрбие барысында ықпал адамға басқа адамдар тарапынан келетін болса, өзін-өзі тәрбиелеуде адамға әсер ететін ықпал ішкі күштерге байланысты туындайды. Яғни, адамның тұлға ретінде дамып қалыптасуында сыртқы тәрбиелік ықпалдармен қатар ішкі түрткілердің де маңызы зор.
Өзін-өзі тәрбиелеу - бір мақсатқа сәйкес адамның өз тұлғасын өзі қалыптастыруы, адамның өзін дамытудағы маңызды күштердің бірі. Ол тәрбие процесімен тығыз байланыса отырып жеке тұлғаның қалыптасуын нығайта түседі.
Кептеген психолог-педагогтардың зерттеулері бойынша жеке тұлға қоршаған ортаны өзгертудегі белсенді күштердің бірі ғана емес, сонымен қатар ол өз тұлғасын өзгертуде де үлкен рөль атқарады. Бүл мәселемен тікелей айналысқан А.Г.Ковалев, А.И.Кочетов, Л.И. Рувинский т.б. болтан.
Өзін-өзі тәрбиелеу процесінде адам тәрбиелік процестің белсенді субъектісі ретінде қарастырылады. Әр адамның өз өмір жолына көз жүгіртіп, өткен-кеткенді ой елегінен өткізіп, болашағына үңіліп көрген сәттері болған шығар.
Өміріндегі кейбір сәтсіздіктердің себебін анықтауға байланысты ойларға терең бойлап, өз мінез-құлқьін, көзқарастарын өзгертуге ұмтылу әр адамның өмірінде кездесетін жайттар. Бірақ бұндай құлшыныстар кейбіреулердің іс-әрекеттерінде жалғасын таппай жоғалып, ал басқаларын зор жетістіктерге жеткізіп жатады.
Өзін-өзі тәрбиелеу қажеттілігі адам баласында әуелі бастауыш сынып жасынан-ақ байқалады, бірақ бұл процесс жасөспірімдік кезеңде өте жиі кездеседі. Бұл қажеттілік бірдей жастағы балалардың бәрінде біркелкі кездесе қоймайды, ол адамдардың психологиялық ерекшеліктеріне, олардың жалпы талаптарды орындауға деген даярлықтарының деңгейіне байланысты.
Қай кезден бастап бала өзін-өзі тәрбиелей бастайды? Педагогикалық тәжірибеде оқушылардың өзін-өзі зерттеулері әсіресе жеткіншек жаста көп байқалады. Оны осы жастаты балалардың түрлі үйірмелерге қатысып, өз күштерін, қабілеттерін сынауларынан, өзара сауалнамалық сұрақтар құрастырып соған жауап жазуларынан, жеке күнделіктерін бастауларынан және тағы басқа өзгеше іс-әрекеттерінен аңғарамыз.
Жеткіншек жастағы балалар өздерінің жеке «Менін» қалыптастыруға, көпшілік ішінде өзінің алатын орнын анықтауға тырысады және көптетен танымал тұлғаларға (артист, әнші, ақын, боксер, футболист, т.с.с.) еліктегіш келеді.
Әр адам көпшілік ортада өзінің беделінің жоғары болуын қалайды, басқаларға тек жаксы жақтарын ғана танытқысы келеді. Сондықтан өзін-өзі тәрбиелеу процесінде ұжымның атқаратын ролі жоғары. Педагогикалық әдебиеттерде тұлғаньң өзін-өзі тәрбиелеуіне қатысты ұжымның атқаратын екі қызметі аныкталған:
Біріншісі, ұжымның өзі балалардың өзін-өзі тәрбиелеу процесін ұйымдастыруға жалпы жағдайлар туғызады .
Екіншісі, ұжым осы процесті тікелей ұйымдастырады .
Адам өзін қоғамның бір бөлігі ретінде сезініп, өзінің зор мәнін жете түсінгенде ғана оның өзін-өзі тәрбиелеуге деген талпынысы күшейе түседі. Әрбір адам өз бойына өзі үңіліп, «Мен кіммін?», «Мен қогамға қандай пайда әкеле аламын?», «Менің өмірлік мақсатым қандай?» деген сұрактарға жауап іздестіруге тырысуы керек. Бұл мәселе қазіргі көптеген ғылымдардың ең маңызды, көкейкесті сұрақтарының бірі.
Ежелгі математиктердің бірі Фалес айтқандай: «Бәрінен де өзіңнің кім екеніңді білу қиын». Әрине, басқаларга жөн сілтеп, ақыл айтып, кеңес берген оңай, ал бірақ адамның бір нәрсені орындауға өзін-өзі көндіруі қиынырақ. Мысалы, көптеген адамдар темекінің басқалардың да, өзінің де денсаулыгына зиянды екенін біле тұра сол жағымсыз әдеттерінен құтыла алмай қиналып жүреді. Ондай адамдар өз ерік-жігерін өз ырқына көндіре алмайды, өздерін өздері билей алмайды.
Адам өз бойында қандай қасиеттерді қальштастырып, қандай жағымсыз жақтарынан арылғысы келетінін накты біліп, сол бағытта табанды түрде өзімен жұмыс істеуі керек. Мысалы, кейбір адамдар өздерімен көп жұмыстар жүргізіп, әр түрлі жағдайларда өздерін сынап ұялшақтық, тұйықтық, жасқаншақтық сияқты қасиеттерінен арылып, жетістіктерге қол жеткізіп жатады.
Б.Б. Айсмонтастың пайымдауынша өзін-өзі тәрбиелеу - дамуды қамтамасыз ететін ішкі рухани факторлар арқылы бізге дейінгі ұрпақтардың асыл тәжірибесін меңгеру процесі.
Адамның ішкі қабілеттерінің, күш-жігерінің мүмкіндігі өте зор. Кейбір адамдарда мектепті нашар бітірген балалар жоғары оқу орындарында да орташа студенттер қатарынан аса алмайды деген теріс көзқарас қалыптасқан. Болашағын алдын ала болжап жастарға мұндай тұжырымды айту, әрине, орынсыз, себебі ең нашар оқыған балалар да жеке басын жан-жақты өрістете алады.
Адамның ішкі әлеуетінің, мүмкіндіктерінің ауқымы өте кең, өмірде өзіне лайықты жұмыс таппайтын адам бар дегенге сенудің өзі қиын. Қоғамда қаншама кәсіп түрлері, қаншама өнер түрлері, қаншама еңбек пен іс-әрекет түрлері бар болғанымен солардың ішінен өзіне лайықты, жарасымды орныңды таба білу тіпті де оңай іс емес. Сондықтан - «талантсыз адам жоқ, өз орнын таппайтын адам бар» деген дұрысырақ болар.
Адам өзінің табиғи күш-қуатын, ерік-жігерін, ой-өрісін, зор мүмкіндіктерін барынша дамытып жақсы игі істерге қол жеткізуі үшін асқан төзімділік, шыдамдылық, ұзақ уақыт бойы үздіксіз жұмыс істеуге машықтануы қажет. Адам санасында өз өміріне басқалардың емес, өзінің жауапты екенін түсінуі, ар-ұлт, намыс, адамгершілік сезімдерінің басым болуы, өмірлік мақсатына жетудегі табандылығы мен құлшынысы оның өзін-өзі тәрбиелеуіне демеу болатын негізгі тетіктер.
Өзін-өзі тәрбиелеудің әдіс-тәсілдері. Психологиялық - педагогикалық әдебиеттерде өзін-өзі тәрбиелеу әдістері әр түрлі топтастырылып келеді. Өзін-өзі тәрбиелеудің толып жатқан әдіс-тәсілдерінің көпшілгі Абайдың қара сөздерінде де жан-жақты қарастырылатыны мектеп қабырғасынан шыққан әрбір оқушыға таныс.
Педагогика ғылымында Б.Б. Айсмонтас өзін-өзі тәрбиелеу әдістерін және тәсілдерін ажыратып қарастырады және оларды үлкен үш топқа бөліп жіктейді: өзін-өзі тану, өзін-өзі меңгеру, өзін-өзі ынталандыру әдістері.
Ал өзін-өзі тәрбиелеу тәсілдеріне адамның өз тұлғасын жетілдіру мақсатында өз алдына нақты міндеттер қоюын, ол міндеттердің орындалуы бойынша өткенді ой таразысына тартьп өзіне есеп беруін, олардың орындалмауының себептерін анықтауын, өзін арнайы қадағалау негізінде айқындалған өз бойындағы өзгерістерді жүйелі түрде тіркеп жазып жүруді жатқызады.
¥стаздық жұмыспен айналысатын адамдар өзін-өздері тәрбиелеу арқылы ұстамдылыққа, шыдамдылыққа, сабыр сақтауға, өз ерігі мен эмоциясын басқаруға үйренеді және осылайша өз мінезіндегі кейбір жағымсыз жақтарынан арылады.
Балаларға қалай болса солай ұрса салуға болмайтыны анық, сондықтан мұғалім өз ерігін өзіне бағындыра отырып байыппен әдепті сақтау негізінде педагогикалық қарым-қатынас орнатуға тырысады. Өзін-өзі тәрбиелеудің нақты бағдарламасын жасау және оны іске асыру өте жауапты да күрделі іс. Адамның жауапты міндеттерді шешуге тырысуы оның өмірін бай, әрі мазмұнды ете түседі, ерік-жігерін шынықтырады.
Қойылған мақсат орындалды ма, сағат сайын, күн сайын, апта сайын есеп беру қажет. Өзін-өзі тәрбиелейтін адамдар күнделіктер бастап жазады, өздерінің бойындағы өзгерістерді бақылап, жан-жақты талдау жасайды. Мысалы, өз бойыныздағы ең үш жағымсыз жақтарыңызды дәптеріңізе жазыңыз:
Жалқаулык,
Көнгіштік,
Ұялшақтық.
Өзін-өзі тәрбиелеу әдістері мен тәсілдерінің ішінен өзіңізге ең қолайлысын таңдап алған дұрыс. Көпшілігіміз табысқа жеткендердің іс-әрекетіне еліктейміз де, өз мінез-құлқьмыздағы ерекшеліктерді ескермейміз.
Педагогтар баланың жеке ерекшеліктерін білу және соған лайық тәсілдер қолдану – тәрбиенің маңызды шарты екенін баса айтады. Өзін тәрбие объектісіне айналдырушы адамға да керегі осы: өзінің табиғи ерекшелігін білу. Көздеген сапаға жету үшін ең әуелі өз мінезіңіздің жақсы жақтарын іске қосу керек.
Кемшіліктеріңізді бейтарап қалдырып, назар салмаған дұрыс.
Мұғалімнің өздігінен білімін жетілдіруі. Кез келген мемлекеттің өркендеуі оның білім беру саласының жағдайына негізделеді, ал білім беру процесіндегі маңызды фигура-ұстаз тұлғасы. Мұғалімнің негізгі міндеттерінің бірі - өскелең ұрпақты қазіргі ғылыми білімдермен қаруландыру, дамыған шығармашыл тұлға ретінде қалыптастыру. Осындай жауапты міндеттерді сапалы деңгейде атқару үшін әр мұғалім өзінің білімін жетілдіріп отыруы қажет.
Мұғалімнің кәсіби дайындығы кезінде жинақтаған білімдері бір қалыпта сақталып тұрмайды. Қоғамның дамуына байланысты мұғалімнің білімдері де жаңарып, толықтырылып отыруы керек, себебі қоғамның экономикалық дамуына байланысты жас ұрпақты әлеуметтендірудің жаңа талаптары туындап отырады. Осыған орай қазіргі оқушылардың сұраныстары да жоғарлай түсуде
Сондықтан әр мұғалімнің кәсіби жетілуінің негізгі факторларының бірі болып оның өздігінен білім алуы қарастырылады. Өздігінен білім алу - мұғалімнің тұлғалық өсуінің негізі.
Қазіргі кездегі үздіксіз білім беру мәселесі де адамның бір алған білімімен қанағаттанбай, оны заманына сай толықтырып, жаңартып отыруын көздейді. Адам біліммен тек бір оқу мекемесінде ғана қаруланбайды, білім - үлкен құндылык, оны өмір бойы толықтырып отыру қажет. Егер адам білімін үнемі толықтырып, жаңартып отырмаса, ол кәсіби іс-әрекетке де жарамсыз болып қалады.
Өздігінен білім алу - адамның білім беру мекемелеріндегі жүйелі оқытудан тыс өздік жұмысы арқылы білім алу процесі. Мұғалімдердің өздігінен білім алулары олардың кәсіби біліктіліктерін жоғарлатудың негізгі формасы. Бұл бағытта мұғалімдер озық педагогикалық тәжірибелерді зерттеп, мектептегі немесе тұрғылықты жердегі басқа кітапханалардағы әдістемелік әдебиеттермен танысып, өз жоспарлары бойынша жұмыс істейді.
Өздігінен білімді жетілдірудің ұжымдық түрлері ретінде мүғалімдердің біліктіліктерін жетілдіру институттарын, әдістемелік бірлестіктердің жұмыстарын атауға болады. Өздігінен білім алу барысында жас мұғалімдер қазіргі жаңа педагогикалық технологияларды, білім берудің негізгі бағыттарын зерттеп олардың практикальқ маңыздылығымен танысады.
Өздігінен білім алудың атқаратын негізгі қызметтері ретінде М.Князеваның мынандай топтамасын келтіруге болады:
Экстенсивтік - жаңа білімдерді іздестіру, жинактау.
Бағдарлық – мәдениет және қоғам ішінде өз орнын анықтау.
Компенсаторлық-мектептік білімнің олқылықтарын толықтыру, өз біліміндегі кемшіліктерді жою.
Дамытушылық - өзіндік сананы, есте сақтау қабілетін, ойлау қабілетін, шығармашылық сапаларын дамыту
Әдіснамалық - кәсіби біліктілігін, білімдерін жетілдіру, дүниенің тұтастығын түсіне алу.
Коммуникативтік - түрлі кәсіптер, ғылымдар, адамдар арасындағы байланыс-тарды орната алу
Психологиялық - зиялы адамдар қатарынан екенін сезіну, өзін зиялылар қауымының бір бөлігі ретінде сезіну.
Геронтологиялық - жасы ұлғайған адамдардың өздігінен білімдерін жетілдірулері арқылы заманауи жаңалықтардан хабардар болып отыруы.
Қазіргі ақпараттық қоғамда адам өздігінен білімін жетілдіріп отыруы арқылы бәсекеге қабілетті, еркін жан-жақты дамыған тұлға бола алады. Өздігінен білім алу процесінің құнды жақтарының бірі ретінде тұлғаның жеке танымдық белсенді іс-әрекетпен шұғылдануын атауға болады. Бұл процесте адам мақсат-міндеттерді өзі анықтайды, өзі білім алу құралдарын іздестіреді, өзі-өзіне мұғалім болып, өзін-өзі білімге жетелейді.
Өздігінен білім алудың тағы бір маңызды ерекшелігі ретінде адамның білімді ізденудегі құлшынысының, ынта-ықыласының барлығы адамның өз еркінен туындайтынын, сырттан келетін ешқандай ықпалдардың болмайтындығын атап өтуге болады.
Өздігінен білім алудың негіздері әуелі мектеп жасынан басталып, кейіннен орта және жоғарғы кәсіби білім алу барысында жалғасын табады. Ал жоғары оқу орнындағы болашақ мұғалімдер үшін өздігінен білім алудың негізгі көздері ретінде А.С.Роботова, Т.В.Леонтьева т.б. ұсынған мынандай жағдайларды қарастыруға болады:
1.Кітапханадагы электрондық және кітап қоры, интернет жүйесін пайдалану.
2.Білімді, іскерліктерді жан-жақты жетілдіру курстарына қатысу
3.Кәсіби іс-әрекет бағытында жұмыс істеп көру.
4.Қоршаган ортадан алынған ақпараттарды білім алу көзіне айналдыру.
5.Өздігінен білім алудың құзіретінде әр адамның әуестенушілігін, хоббиін қарастыруға болады.
Өздігінен білім алу негіздерін жақсы меңгерген маман кәсіби іс-әрекетте үнемі әріптестерінің алды, ұжымның абыройлы тұлғасы, өзінің құзіреттілігімен, бәсекеге қабілеттілігімен гуманистік бағыттылығы негізінде басқаларға үлгі-өнеге болып оларға қолдау көрсете алады.