Дәріс №1. Білім беру кәсіби іс-әрекеттің жүйесі мен компонентті маманның қалыптасу нәтижесі Мақсаты


Дәріс №4. Педагогикалық кәсіпті меңгерудегі студенттің ой еңбегінің мәдениеті



бет7/27
Дата14.02.2022
өлшемі151,2 Kb.
#131676
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   27
Байланысты:
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МАМАНДЫҚҚА КІРІСПЕ. Дәріс

Дәріс №4. Педагогикалық кәсіпті меңгерудегі студенттің ой еңбегінің мәдениеті


Мақсаты: Болашақ ұстаздарды ой еңбегің мәдениеті туралы білімбері мен қаруландыру, ой еңбегінің іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру, ЖОО ғы кредиттік оқыту жүйесінің ерекшеліктерімен таныстыру.
Негізгі ұғымдар: Ой еңбегі, оқу еңбегі мәдениеті, зейін, есте сақтау, кредиттік оқыту жүйесі, оқу еңбегінің нәтижелерін бақылау түрлері.
Жоспары:

  1. Ой еңбегі мәдениеті туралы түсінік.

  2. Адамның ой еңбегіне ықпал ететін жағдайлар.

  3. Жоғарғы оқу орындарындағы студенттердің ой еңбегін ұйымдастыру ерекшеліктері.

Әр адамның жан-жақты дамуының негізгі бағыттарының бірі оның ақыл ой тәрбиесі. Жеке тұлғаның адамзат мәдениетіне ену процесінде білімнің рөлі, ақыл ой мәдениетінің құрамды ьөлігі ретінде қарастырылады. Педагогикалық оқулықтарда ақыл-ой тәрбиесі – адымның ақыл ой күштері мен қабілеттерін дамыту, ой еңбегін игеру арқылы қоғам, табиғат, адам туралы ғылымдар жүйесін меңгеру процесіне мақсатты және жоспарлы түрде ықпал ету ретінде қарастырылады.
Ақыл ойдың дамуы адамның оқу іскерліктерімен тығыз байланысты болып келеді. Адамның табысты және нәтижелі оқуына көмектесетін барлық білім, дағды, іскерліктер кешені ой еңбегінің мәдениеті деген ұғыммен қамтылады. Адамның ой еңбегі оның логикалық ойлау қабілетіне, есте сақтау, зейін қою, елестету, қиял, қызығушылық қабілеттеріне негізделеді.
Педагогикалық ЖОО ғы студенттерде ой еңбегінің мәдениетін қалыптастыру олардың педагогикалық процестегі рөлдерінің маңыздылығымен өзекті болып табылады. Педагогикалдық тәжірибеде оқушыларға неғұрлым көп білім немесе ғылыми ақпараттар берілсе соғұрлым олар білімді болады деген пікірлер қалыптасқан.
Оқу танымдық іс әрекеттегі бір адамның жетістігі екінші адамның жетістігі бола алмайды. Оқу танымдық іс әрекетте әр адам табысқа өз еңбегі арқылы ғана жете алады. Ал егер оқушылар немесе тсуденттер оқу танымдық іс әрекеттерін тиімді ұйымдастыруға үйретілмеген болсы, олардың табысқа жетуі екіталай.
Ой еңбегінің мәдениеті студенттердің құндылық бағдарларын, өмірге, болашағына, өзіне деген көз-қарастар жүйесін ашуға мүмкіндік береді. Ой еңбегінің мәдениеті - білімді дұрыс іздестіріп, оларды дұрыс қолдана алу өнері. Ой еңбегінің мәдениетін дұрыс меңгерген адам ғана қазіргі ағымы жылдам, ауқымды, ғылыми, әлеуметтік- эканомикалық, мәдени ақпараттар ағысында өзін еркін сезіне алады.
Адамның ой еңбегі дене еңбегімен тығыз байланысты. Дене еңбегімен айналысуда адам белсенді қимыл қозғалысына күш жұмсайтын болса, ой еңбегінде көбінесе адамның ішкі психологиялық тетіктері қатысады. Ұзақ уақыт бойы қимылсыз, үздіксіз бір ыңғай ой еңбегңмен айналысу адамды тез шаршатып, денсаулығына кері әсер етуі мүмкін. Сондықтан ой еңбегімен дене еңбегінің ауыстырып отырған абзал.
Адамның ой еңбегіне ықпал ететін жағдайлар.
Жас және дербес ерекшеліктері
Адамның ой еңбегінің нәтижесіне ұйқының әсері
Белсенді қимыл қозғалыс режимі
Тамақтану режимі
Уақытты дұрыс таңдыу
Ауаның тазалығы
Алаңдатқыштарды алшақтату
ЖОО-ғы студенттердің ой еңбегін ұйымдастыру ерекшеліктері.
Болашақ маман өзінің ой еңбегін ұйымдастыру барысында оның гигиеналық негіздерін, ол еңбекті жоспаралау, өздігімен білім алу, кітаппен жұмыс істей алу, мұғалімдер беретін дәрісті дұрыс тыңдау, өздік жұмыстарды орындау, семинарларға, конференцияларға, олимпиадаларға, интелектуалдық сайыстарға дайындалу ерекшеліктерін білуі қажет. Бұл тұрғыда ғылыми ақпараттарды іздестіруде Интернет жүйесінің маңызыда зор.
Адамның іскерліктері оның іс әрекетінің табыстылығының көрсеткіштерінің бірі. Іскерліктер- адамның білімдері мен дағдылар жиынтығымен қамтамасыз етілетін іс әрекеттерді орындау тәсілдері. Ал білім беру саласында, ой еңбегі мәдениетіде оқу жазу, есептеу, ойлау операцияларын меңгеру сяқты оқу іскерліктерін жетілдіру өте қажет.
Студенттердің оқу танымдық іс әрекеттері мұғалімдер тарапынан бір келкі жағдайда ұйымдастырылған болса да, олардың білім деңгейлері, іс әрекет нәтижелері әр түрлі көрініс береді. Оның негізгі себептерінің бірі әр студент бойындағы оқу іс - әрекетіне деген қызығушылықтары, ынта ықыласы, мативтері. әр студент ЖОО-ғы оқу танымдық процеске әр түрлі көз қараста болады.
Ой еңбегінің гигенасы жайлы кеңестер:
Жұмыс орнын жинақы, ұқыпты ұстау
Жұмысты жоспарлауға үйрену, еңбекпен дамалысты алмастыра алу
Шаршамай жұмыс істекге үйрену
Белсенді дем алу, әр түрлі іс-әрекет түрлерін алмастыра алу
Ой еңбегі мен дене еңбегін алмастыра алу
Ой еңбегіндегі жүйелікті бұзбау
Ой еңбегімен айналысатын бөлменің тым ыстық немесе тым суық болмауын қадағалау, ауаның таза болуын қадағалау
Дұрыс тамақтану
Тым көп ақпаратты есте сақтап алуға тырыспау, ол үшін сөздіктер қолданып, немесе шағын конспект жасап отыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет