Қорытындысұрақтар 1 Экологиялық мониторинг деген не?
2 Экологиялық мониторингтің алгоритмі қандай?
3 Экологиялық мониторингтің қандай түрлері бар?
Әдебиеттер
Дәріс 3 Топырақ- маңызды табиғи экологиялық ресурс. Топырақ мониторингі және жерлердің тиімді пайдаланудың экологиялық технологиялары
Жоспар 1 Жер мониторингiн жүргiзу және оның деректерiн пайдалану тәртiбi 2 Жер мониторингі жайлы жалпы түсінік 3 Жер мониторингін ұйымдастыру және жүргізу
1 Жер мониторингiн жүргiзу және оның деректерiн пайдалану тәртiбi Жер мониторингi болып жатқан өзгерiстердi уақтылы анықтау, оларды бағалау, одан әрi дамуын болжау және керi әсерi бар процестердi болдырмау мен оның зардаптарын жою жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу мақсатында жүргiзiлетiн жер қорының сапалық және мөлшерлiк жай-күйiн базалық (бастапқы), жедел, мерзiмдi байқау жүйесiн бiлдiредi. Жер мониторингi қоршаған табиғи ортаның жай-күйi мониторингiнiң құрамдас бөлiгi және сонымен бiр мезгiлде басқа да табиғи ортаға мониторинг жүргiзу үшiн база болып табылады. Халықаралық ғылыми-техникалық бағдарламаларға сәйкес Қазақстан Республикасы жердiң ғаламдық мониторингi бойынша жұмыстарға қатысуы мүмкiн. Жерге меншiк нысандарына, жердiң нысаналы мақсаты мен пайдаланылу сипатына қарамастан Қазақстан Республикасының барлық жерi жер мониторингiнiң объектiсi болып табылады. Жер мониторингiн жүргiзудi ұйымдастыруды жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган жүзеге асырады. Жер мониторингi бойынша мемлекетаралық және халықаралық бағдарламаларды iске асыру Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттермен жасасқан келiсiмдерi мен шарттарында айқындалатын тәртiппен және жағдайларда жүзеге асырылады. Жер мониторингiн жүргiзу және оның деректерiн пайдалану тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды. Жер мониторингiн жүргiзу кезiнде қажетті ақпаратты алу үшiн қашықтықтан зерделеу, жер бетiн суретке түсiру және бақылау әдiстерi, сондай-ақ қор деректерi қолданылады. Жер мониторингiн техникалық қамтамасыз ету жер ресурстарын басқару жөнiндегi тиiстi аумақтық органдарда ақпаратты жинау, өңдеу және сақтау пункттерi бар автоматтандырылған ақпараттық жүйе арқылы жүзеге асырылады. Жер мониторингiнен алынған нәтижелер автоматтандарылған ақпараттық жүйенiң мұрағаттарында (қорларында) және деректер банкiнде жинақталады. Азаматтар, кәсiпорындар мен мекемелер, халықаралық ұйымдар, шетелдiк заңды және жеке тұлғалар жер мониторингiнiң мәлiметтерiн белгiленген тәртiппен пайдаланады. Батыс Еуропадағы жоспарларды зерттеме жасау қалаларды өсуі және табиғи қорғау мақсаттарымен анықталған. ХХ ғасырдың 80 – жылдары елдердің жер саясатына қалалар өз ықпалын тигізген. Сондықтан жерге орналастыруды жоспарлау табиғатты қорғауды, жерді бөлудің сұрақтарын шешіп отырған. Бұл жоспарлардың негізінде арнайы заңдар болған. Мысалы, Францияда 1996 жылы «Территорияларды жайластырудың ұлттық директивалары», Швецияда – «Жоспарлау және құрастыру» заңы (1987 ж). Швейцарияда « Регионалды жоспарлау» заңы (1979 ж) қабылданған.Көп елдерде жерді рационалды пайдалану және қорғау шараларын ұйымдастыруды мемлекет өзіне артқан. Бұл бағыттардағы елдер – АҚШ. Бұл мемлекет бағдарламаларды Ауыл шаруа Министрлігі, ішкі істер Министрліні және т.б арқылы қаржылайды. Тек 1996 жылы осындай шараларға 6,74 млрд. доллар жұмсалған. МСХ жүйесінде арнайы топырақты қорғау қызметі жұмыс атқарады. Бағдарламалар келесі бағытта жұмыс істейді: Жерге орналастыру жобаларын түзу қаржылау (мелиорация, жерді консервациялау және т.б); Техникалық кеңес беру және ғылыми – ақпараттық жұмыс; Фермерлерге алқапты қорғау техникаларын енгізуге субсидия беру. Бюджет штаттары бағдарламаларды жүзеге асыруға да қаржы бөледі. Штат және жергілікті деңгейдегі кең таралған сайман – жерді пайдалануды бақылау. Террмториялы зонаны анықтаудағы штаттық ведомстволар функционалды қасиеті бойынша аудандайды. Осыған негізделіп жергілікті басқарушылар әр түрлі объектілерді өз территориясында салынуын қадағалап отырады. Шет елдегі берілген жұмыстардың негізі - жер кадастр түсірістері болып табылады. Бұлар бірлікті немесе жаңартылатын болып 2 ге бөлінеді, Жаңартылатын жер кадастр түсірістері аралас шаруашылық жерге орналастыру жұмыстарының комплексіе қамтиды. Ауыл шаруашылық жерлердегі осындай жұмыстарды жүргізуде топырақты бонитеттеу қолданылады (жерді бағалау) Бұл жұмыстардың негізі Германияда ХХ ғасырдың басында қаланған. Басында бұл мамандарды техникалық инженерлер деп атаған. Көп шаруашылықтарда арнайы жобалар дайындаған. Көп елдерде жерге орналастыру ұйымдарының атқаратын ф- сы бірдей болып келеді: 1. Жерді бөлу конкурс негізінде өтеді; 2. Промотер – кәсіркерлер қатысады; 3. Жерге орналастыру мемлекеттік және жергілікті басқару органдарымен бақыланады; 4. Жерге орналастыру табиғатты қорғау сипатты болып келеді. Мысалы, Германиядағы жер өлшенулер негізгі ғылыми зерттеулері және олардың классикалық білім алуы университеттерде негізделген. Швеция мен Францияда жер өлшеу істері мүліктік қатынастармен байланысты, Чехия мен Словакияда жерге орналастыру кадрларын құру факультеттері дайындайды. Сонымен шет елде жерге орналастыру бойынша алынатын білімдер түрлі бағыттарда дамиды.