Дәріс 1 Экологиялық ресурстанудағы табиғи ортаны қорғау, табиғат байлықтарын тиімді пайдалану принциптері Жоспар



бет32/45
Дата07.02.2022
өлшемі0,52 Mb.
#88465
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   45
Байланысты:
Табиғатты пайдалануды басқару ЭҚ311
Бақылау сұрақтары

  1. Мұнай мен мұнай өнімдері нарығының жағдайы қандай?

Мұнай мен мұнай өнімінің геосаяси, экономикалық және экологиялық факторлары қандай?
Дәріс 9
Табиғи газдың әлемдік нарықтағы экологиялық проблемалары


Жоспар

  1. Газдың әлемдік қорының сипаттамасы

  2. Табиғи газ нарығының әр түрлі факторлары



Табиғи газ- газ күйінде немесе табиғи жер астын пластылары мұнаймен ерітінді күйінде бар көмірсу біріктірушісінің қосындысын және үлкен емес көмірсулар еместердің санын өз алдына қосады.Ол категориялардың астына жатқызылуы мүмкін, мысалыға ілеспелі газ (сұйық және газ күйінде көмірсулар ретінде өндірілетін кен орындарындарында алынады), ерітілген газ немесе ілеспелі емес газ (газ күйіндегі формада тек қана көмірсулар өндірілетін кен орындарында алынады ).Көмір шахталарында алынатын метан (СН4) ,тұрып қалған сулардың газы және табиғи газ , тасымалдау үшін сұйытылған газ қосылған . Мұнда парлардың тығыздығын жоғарлату үшін және қайтадан бастырмалату үшін қолданылатын газ,сонымен бірге фанельде сұйытылатын газ және табиғи газдан алынған сұйық заттарды ыдырату(алып тастау) үрдісінде орын алатын қалдықтар кірмейді.
2003 ж. аяғында дәлелденген газдың әлемдік қоры шамамен 176 трлн.м3 құрайды. Оның ішінде Ресейдің үлесі 47 трлн.м3 немесе дәлелденген қор мөлшерінің 26,7% құрайды. 2003 ж. табиғи газдың әлемдік өндірісі 3,4% өсті. Ол Орталық және Оңтүстік Америка елдерінде жылына 13,9%-ға артты. Одан кейін Африка – 8,1%, Азия – 5,5% және Таяу Шығыс – 5,3%. Солтүстік Америка табиғи газ өндірісі төмендеген жалғыз аймақ болып табылады, ол 0,3% құрайды, бұл негізінен Канада өнімінің 4%. Еуропа мен Еуразиядағы өнім мөлшерінің өсуі жылына орташа есеппен – 3,4% құрайды. Ресейдегі өндірістің артуы 4,2% . Сондай-ақ, өнім Қазақстанда – 22,7% және Түркіменстанда – 10,4%-ға дейін, ал аймақтың басқа елдерінен Норвегияда 12% артты. Ресейдегі негізгі табиғи газ өнімі концентрацияланған. Ол ірі табиғи газ өндіруші мемлекет болып табылады, оның үлесі 22,1% және одан кейін АҚШ тұр, үлесі – 21%. Канаданың үлесіне әлемдік табиғи газ өндірісінің 6,9% тиесілі, Ұлыбританияда – 3,9%. Алжирде – 3,2% және Иран – 3%. «ВР» мен «Cedigas» бағалары бойынша қолданыстағы табиғи газдың 27% әлемдік сауда объектісі болып табылады. Құбырлы табиғи газды импорттау 2003 ж. 454,9 млрд. құрады, сұйылтылған газды (СТГ) импорттау – 168,8 млрд. м3. Құбырлы газ сатылымы Еуропада және Солтүстік Америкада жүзеге асырылады; СТГ Жапония мен Оңтүстік Кореяда. Құбырлы газдың ірі мамандары – елдердің саны шектеулі. Солтүстік Америкада – бұл Канада(98,6 млрд. м³), Еуропада – Ресей(131,8 млрд. м³), Норвегия(68,4 млрд. м³), Нидерланды (42,2 млрд. м³) және Ұлыбритания (15,2 млрд. м³), Африкада – Алжир (33,1 млрд. м³). Кең таралғаны СТГ, ол жалпы газ экспортының 25% көлемін алады. Соңғы жылдарда СТГ өндіру мен әлемдік сатылымының өсуі газ өндіру мен тұтыну қарқынынан озып кетті. СТГ-ның әлемдік сатылымының өсуі орташа есеппен 6-7% құрайды, бұл газды құбырлар арқылы экспорттау қарқынына қарама-қайшы. Бұл үрдіс болашақта да сақталады. Орын алған бұл жағдай өндіріс саласында теңіз арқылы СТГ пайдалану мен тасымалдауда жеткен үлкен жетістіктің салдары. Соңғы он жылда СТГ өндірісіндегі күрделі үлестік салым екі есеге төмендеп, ауыр жүк көтеру танкерлерінің құны 50-60% қысқарды. Оның үстіне СТГ қолданысының өсуіне импорттаушы елдердің газ жеткізудің диверсификациясына талпынысы мен табиғи газ нарығының либералдануы әсер етті. СТГ-ны экспорттаушы елдердің саны көп емес, олардың тек жетеуі ғана 2003 ж. 10 млрдтан жоғары көлемде экспортты жүзеге асырды. Бұл – Индонезия (35,66 млрд. м³), Алжир (28,0 млрд. м³), Малайзия (23,39 млрд. м³), Катар (19,19 млрд. м³), Тринидад и Тобаго (11,91 млрд. м³), Нигерия (11,79 млрд. м³) және Аустралия (10,52 млрд. м³). Газдың дүниежүзілік бірегей бағасы жоқ, тек аймақтық құны ғана бар, ол да мұнай бағасының динамикасын қайталап келеді. Газ бағасы қазіргі таңда үш негізгі аймақтық нарықта ерекшеленеді: Солтүстік Америка, Еуропа және Тынық мұхиты аймағы. Бұл нарықтардағы заманауи баға деңгейінің айырмашылығы инфрақұрылым мен газды осы нарыққа жеткізуші құрылымдардың дамуымен түсіндіріледі. Әдетте, тынық мұхиты аймағындағы сұраныс сұйылтылған газбен қамтамасыз етіледі, бұл Еуропа мен АҚШ қа қарағанда бағаның жоғары деңгейін анықтайды. Болашақта, газ нарығының инфрақұрылымының әрі қарай дамуының, газды сатуда түрлі жаңа тәсілдерді қолданудың және газ нарығының либералдануының арқасында баға айырмашылықтары қысқаруы мүмкін деп болжанады, әсіресе Еуропа мен АҚШ аралығында. Соңғы жылдарда (2000-2004 жж.) газ құны біраз өсті, бұл тек мұнай бағасының өсуі нәтижесі емес.
Сараптама көрсеткіші бойынша либералданудың маңызды ұзақ мерзімді салдары – газ саласындағы инвистициялардың күрт қысқаруы. Мұның бірнеше себебі бар, біріншіден, араларындағы бәсекелестіктің күшеюі нәтижесінде өндірушілердің марждарының қысқару инвестициялық қызметті ынталандырмайды. Financial Reporting System-ге сәйкес 1986-1997 жж. аралығында АҚШ-тағы 23 ірі газ өндірушінің жылдық үлес қайтарымы бар болғаны 5,4% құрады. Екінші бір маңызды себебі инвестицияның қысқаруы газдың либералданған нарығындағы келісім шарттарының өзгеруіне байланысты. Негізгі мәселе құбылмалы және болжаусыз қысқа мерзімді нарық көлемінің кішкентайлығына қарамастан либералдану кезінде газ бағасын бекітуде анықтаушы қызмет атқарады. Нәтижесінде спот нарығында реттелген ұзақмерзімді келісім шарт бойынша қойылған бағалар да болжаусыз болады. Бұл «take-or-pay» сияқты ұзақ мерзімді келісім шарттарда көлемі бойынша кепілдіктің жоқтығымен сәйкестендіріле отырып маңызды бағалық және көлемдік қауіп төндіруі мүмкін. Жеке инвестициялар тым қауіпті болады. Дәл осы жағдай Солтүстік Америка мен Ұлыбританияның либералданған газ нарығында орын алды. IPAA (Американың Тәуелсіз Мұнай Ассоциациясы) деректері бойынша АҚШта 1999 жылға қарай газ өндіруге арналған инвестициялар 30% төмендеген, ал жаңа ұңғымаларды бұрғылау 40%ға қысқарды. Ұлыбританияда да өнім инвестициясының 1991-92 жж. 4,1 млрд фунттан 2000 ж. 2,8 млрд фунтқа дейін қысқаруы орын алды. Қаржыландырудың болмауынан көптеген ірі жобалар кейінге қалдырылды. Инвестицияның қысқаруы өндірілген және тасымалданған қуаттың толықтай жетілмеуіне әкелді. 2000 жылға қарай мемлекеттік реттеу кезінде құрылған және либерализациялау кезінде бағалардың түсуін қамтамасыз ететін қуат көзінің сарқылуы жойылды. Қуатты жүктеу 95%-ға жетті. Осы кезде АҚШ пен Ұлыбританияның газ салаларының құлдырап бара жатқан өнім сатысына ауысу жүрді, сондықтан импорттардың өсіріліп, ірі инвестицияларға сәйкес инфрақұрылымдарды құру талап етілді. Бұл инвестициялар құрылған институциялық құрылым аясында жүзеге асырылмайтын болды.
Нәтижесінде табиғи газ бағасы бірнеше есеге жоғарылап кетті. CERA-ның төрағасы өз баяндамасында сөз еткендей «біз заманауи газ өндірісі мен институциялық ортасы қалыптасқан «берекелі нарықтан» ажыратылатын жаңа нарық жүйесіне көштік. 1980 және 1990 жылдарда «газ көпіршіктері» кезінде жеткізушілердің арасында қозғаушы күш «газ-газ» бәсекелестігі болды. Керісінше, одан кейінгі жылдарда сұраныс қарқыны баяулап қалмаса соңғы тұтынушылар бір бірімен бәсекелесуі мүмкін». Осылай бола тұра бағалар ірі ұзақмерзімді жобаларды жүзеге асыруда да төмендемейді. Ал бұл инвестицияларды жүзеге асырылмаса тұрақты газ нарығын қалыптастыру мүмкіндігі де болмайды. Осылайша, газ нарығында қиын жағдай туындады, алайда, газға деген сұраныс дүниежүзі бойынша жоғары қарқынмен артып келеді, және болашақта 2030 ж. бұл өсу қарқыны (2,1%) сақталады (12-сурет).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет