1.3 Ішкі шаруашылық жерге орналастыру жұмыстарындағы дайындық жұмыстары. Ішкі шаруашылық жерге орналастыру жобасын негіздеу үшін шаруашылықтың жерін мінездемелейтін құжаттар мен материалдар жиналуы керек: қазіргі кездегі қалыптасқан территориясының орналасуы; шаруашылық салаларының қазіргі кездегі жайы және әрқарай дамуы жайындағы деректер. Барлық деректерді дайындық жұмыстары арқылы жинап алынады.
Камералдық дайындық жұмыстарына деректерді, құжаттарды жинау, жүйелеу және зерттеу жұмыстары жатады.
Мына құжаттар жиналады: пландық-картографиялық, жер-кадастрлық, зерттеу материалдары салалардың экономикалық жайы жайында деректер, шаруашылықтың орналасқан запасының агроклиматтық жағдайы жайында, шаруашылық әрқарай дамуы, территориясының орналасуы (организация) жайында перспективалық болжамдар, бұрыңғы жасалған жобалар және т.б.
Пландық-картографиялық материалдар - жер иелігінің планы, әртүрлі зерттеу жұмыстарының сызбалары (топырақ, топырақ-эрозиялық, топырақ-мелиоративтік, геоботаникалық, т.б.)
Жер иелігінің (жер пайдаланудың планы) – жобалау жұмыстарының техникалық негізі.
Көбінесе план ретінде аэрофототүсіріс арқылы жасалған пландық материалдардың комплексын алады, кейде жер бетіндегі өлшеу жұмыстары арқылы жасалған пландар қолданылады.
Әр далада әр түрлі масштабты пландар қолданылады: 1:5000 тан 1:50000 қа дейін. Масштаб мына көрсеткіштерге байланысты болады: жер мөлшелеріне, оның конфигурациясына, ситуацияның контурларының бөлектенуіне, олардың мөлшерлеріне, рельефтің күрделігіне, а/ш пайдаланулардың пайдалануының интевсивті қарқындылық дәрежесі. (А/ш пайдаланулардың пайдалануының қарқындылығын) т.е. суарылатын жерлерде, жеміс және жүзім өсетін жерлерде ірі масштабты план жасалынады 1:5000 тан 1:10000 қа дейін. Ұсақ контурлы жерлерде 1:10000, жыртылған жер массивтері ірі далаларда 1:25000, шөлді (полупустыня) далада 1:50000 масштабтар қолданылады. Әр түрлі зерттеу жұмыстарының сызбалары бір масштабта жасалады.
Жиналған план-картография материалдар техникалық талаптарға сәйкес болулары керек. Олардың қай уақытта қандай тәсілдермен түсірілгенін, корректировкаланғандарын байқаланады.
Рельефі күрделі жерлерде пландар горизонтальдарымен болуы керек, егістіктер қартасы болуы керек.
Аудандық немесе шаруашылық жер-кадастрлық кітаптар арқылы: жер иелігі бекітілгені, көлемдері және сапасы жайында есепке алу жұмыстары, топырақты бонитировкалау және жерге экономикалық баға бері жайында материалдар жиналады. Жердің құрамын мінезделегенде:
1) Мемлекеттік Актісі бойыша жалпы жер көлемін, оның ішінде қоғамдық және үй жанындағы жерлер жайында.
2) Көп уақытта, өмір бойы қолдануға берілген жерлер жайында және бөтен жер пайдаланушылардың жерлері.
3) Жерлердің құрамы және мөлшері: (оның ішінде суландырылған, құрғатылған).
4) Сапасы жайында мінездемелер: топырақтың механикалық құрама егістіктер жайында эрозия, тұздалған (засоление, солонцеватость) жайында және т.б. құнарлығын азайтатын жем-шөп пайдаланулардың мәдени-техникалық жағдайы жайында, топырақтың агроөндірістік мінездемесі. Жалпы өнім есесінің қайтуы (окупаемость) және дифференциалды өнім (доход) бойынша.
Ауылшаруашылық дақылдарының өнімділіктері арқылы жыртылған жерді бөлек бағалау.
Елді мекендегі халқының соны (оның ішінде жұмысқа жарайтын адамдар) жайында және үй қасындағы жерлер жайында справкалар жиналады.
Табиғат жағдайы жайында пландық картографиялық материалдарға қосымша әртүрлі зерттеу және ізденіс жұмыстарының материалдары жиналады (топырақ, геоботаникалық, орман-мелиорациялық, су шаруашылық және т.б.). Бұл зерттеу жұмыстарының жүргізілген уақыты, сапасы, олардың жобалауда жұмыстарына жарайтындылығы анықталады, және қосымша қандай зерттеу және ізденіс жұмыстарының керек екендігі анықталады.
Топырақ зерттеу материалдар бойынша топырақ жамылғысының (покров) физико-химиялық қасиетін горизонттардың қалыңдағын, механикалық құрамын, сортаңдылығың және сортаңдалануын, зерттейді топырақтың агроөндірістік группаларын және оларды пайдалану жайында рекомендациялар (ұсыныстарды) зерттейді.
Эрозиялы жерлер болса оларға, қосымша топырақ-эрозиялық зерттеулер жасалып, эрозияға шалыну қауіпі бар жерлердің көлемі анықталып, топырақ сақтау әрекеттері белгілеледі.
Геоботаникалық зерттеу материалдары арқылы шабындықтар мен жайылымдардың әр түрлерінің, сезондық жайымлымдардың өнімділіктері зерттеледі, олардың мал өсіруде қайсысын қай малға тиімді пайдалануы жайында рекомендациялар беріледі.
Жол зерттеу жұмыстарының материалдағы арқылы жолдардың (ортақ және ішкі) жүк тасымалдылығын, қозғалыстың қарқындылығын, жол жамылғысының түрін, жол ғимараттары жайында жолдарың мінездемелері беріледі.