Дәріс №1 Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға стандарты


Білім беру мазмұнына қойылатын талаптар



бет2/2
Дата12.04.2023
өлшемі23,87 Kb.
#174341
1   2
Байланысты:
Дәріс 1

Білім беру мазмұнына қойылатын талаптар. Білім берудегі құндылықтарды дарыту негізінде білім алушыларда дамыту қажет: Қазақстан мүдделеріне қызмет етуге дайындығы; Қазақстан Республикасының Конституциясының нормалары мен заңдарын құрметтеу және сақтау; әлеуметтік жауапкершілік және шешім қабылдау білігі; мемлекеттік тілді меңгеруге ынталануы; Қазақстан халқының мәдениеті мен дәстүрлерін, әлемнің мәдениеттілік алуан түрлілігін құрметтеуі; рухани келісім және толеранттылық идеяларына бейімділік; қоршаған ортаға және экологиялық тепе-теңдікті сақтауға оң қарым-қатынасының болуы; шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау; коммуникативтік және ақпараттық-коммуникациялық құралдар мен технологияларды тиімді қолдана білу; өмір бойы білім алуға және өзін-өзі ынталануы.
Жалпы орта білім берудің базалық мазмұны мынадай бағдарларды ескере отырып айқындалады:

  • қазіргі қоғамның серпінді сұраныстарына және ғылымның даму деңгейлеріне сәйкес болу;

  • сын тұрғысынан, шығармашылықпен және позитивті ойлауды дамыту;

  • пәнаралық және пәнішілік байланыстар негізінде оқу пәндері мазмұнының кіріктірілуін күшейту;

  • негізгі орта білім беру және жалпы орта білім беру деңгейлері арасындағы білім мазмұнының үздіксіздігі және сабақтастығы қағидатын сақтау;

  • білім беру мазмұнының академиялық және практикалық бағыттылығы арасындағы теңгерімді сақтау;

  • оқытудың, тәрбиелеумен дамытудың біртұтастығын қамтамасыз ету.

Алгебра және анализ бастамалары, геометрия:

  1. пәндердің мазмұны білім алушылардың математикалық мәдениетін және келесі білім алу деңгейлерінде табысты оқуы, сондай-ақ практикалық міндеттерді шешуі үшін қажетті математикалық білім жүйелері мен біліктерін дамытуға бағытталған, функционалдық сауаттылығын, абстрактілі және логикалық ойлауын, кеңістіктегі қиялын қалыптастыруға, сондай-ақ адамның жалпы мәдениетін қалыптастырудағы математиканың рөлін түсінуге мүмкіндік береді;

  2. пәндердің мазмұны білім алушылардың қоршаған әлемнің математикалық заңдылықтары туралы түсініктерін жүйелеуге және дамытуға, олардың математикалық құралдар мен әдістер іс жүзінде барлық білім беру салаларында құбылыстар мен процестерді сипаттауда және зерттеуде қолданылатынын жете түсінулеріне бағытталған;

  3. пәндердің мазмұнында оқу, танымдық және жалпы зияткерлік біліктерін (математикалық заңдылықтарды түсіну барысында проблемаларын тұжырымдау, гипотезаны ұсыну және тексеру үшін салыстыру, жіктеу, қорыту, талдау, жинақтау, дерексіздендіру, нақтылау) одан әрі дамыту көзделген;

  4. пәндердің мазмұны "Сан", "Алгебра", "Статистика және ықтималдық теориясы", "Математикалық модельдеу және анализ", "Геометрия" тақырыптарын қамтитын математиканың негізгі бөлімдерінен тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет