Шартсыз жеке жер меншігі – американдық федерал құқығында жеке тұлғаға қарайтын, мұралыққа қалдырылатын әлеуметті мерзімсіз немесе міндетті түрде болатын /мерзімі белгілі болуы міндетті емес/ жағдайға қарай тоқталатын иелінген жер деп анықталады. Бұл меншік кейбір штаттар конституцияларында немесе статустарында бекітілген. Оның құқығын белгілеуші статустар 39 штатта және Колумбия округінде бар. Бұл меншік кейбір штаттарда бірдей реттеледі. Әдетте шартсыз меншік мәміле нәтижесінде құрылады, егер жерді беру құжатында басқа түрін құру ниеті немесе жерді иемденудің азырақ құқығы көрсетілмесе, кейбір штаттар заңдары бойынша шартсыз меншікті мұрагерлік немесе азаматтық-құқықтық мәміле бойынша алуға болады.
Өмірлік жер меншігі американ құқығы бойынша – мұрагерлікке жатпайтын, бір немесе бірнеше адам өмірінің ұзақтығына созылатын, бір белгілі немесе есепке алуға болатын мерзімдер, сондай-ақ осы жерді берушінің ерігімен аяқталмаушы иемдеген жер. Бұл жер меншік түрі қолхат, мұра бойынша немесе заң осы құқықтың пайда болуын байланыстыратын жағдайлар арқылы пайда болады. Өткізу қолхатын абсалютты меншік иесі ғана құрастыра алады. Жерді өмірлік меншікке беруші бұл қолдың күшін жоя алмайды.
Заповедтік меншік - мұрагерлікке ауысуда кәдімгідей шектелген иесізделмейтін иемденген жер. Бұл меншік нысаны тек қана төрт штатта сақталған – Делавэр, Мэн, Масачусетс және Род-Айленд.
АҚШ жеке меншіктің арнайы нысаны ретінде жанұялық меншік /Homsfeads/ айрықша орын алады. Жер меншігінің бұл түрі заңды мәнде 1962 ж. белгіленген. Кәзіргі уақытта гомстеттік заң бойынша 21 жасқа толған және жанұя басы болған азамат жанұя меншігі ету мақсатымен 160 акр жер алуға құқықты. Гомстед жанұялық меншік ретінде меншік құқықтық объектісіне, меншік иесінің құқықтық объектісіне, азаматтық айналымға қатысуына, мұрагерлікке қалдыруға қатысты бір қатар арнайы ерекшеліктермен сипатталады.
Мемлекеттік және жеке меншік иелерінің барлық құқықтары және міндеттері американ заңымен қорғалады.
Англиядағы меншік құқығы. Англияда баяғыдан қалыптасқан жерді иемдену және пайдаланудың құқықтық институты бар. Америка заңындағыдай 1925 ж. қарапайымдалынған "estate" түсінігі болған. Мемлекеттік жер меншігі 23% құрайды. Мемлекет әскери базаларға, мемлекеттік маңызы бар жолдарға, әкімшілік жерлерге /порттар, вокзалдар, әкімшілік үйлер астындағы жерлер/ иелік жүргізеді.
Жер меншігі мүліктік құқықтармен ауыртпалықтануы мүмкін, оларды 1925 ж. заңға сәйкес, "алқаптар" және "олжалар" деп атайды. Біріншісі пайдалану құқығы /өту құқығы/, екіншісі – тұтыну құқығы. Бірінші жағдайда жер құқығын "қызметтік ұстау" дейді. Мұнда әңгіме сервитуттармен жер меншігін ауыртпалықтау туралы. Ол кепілдік беру арқылы да ауыртпалықтануы мүмкін. Меншік құқығы туралы заң кепілдік құқықтарды кеңейтті. Мұнда кепілдік алушыға мерзімді ұстау құқығы және жәй ауыртпалықтарды құру құқығы берілген, ал жерге құқық кепіл беруші қолында сақталады.
Англиядағы меншік құқығының екінші түрі – ол "өмірлік меншік". "Өмірлік меншік" "шартсыз " меншік иесінің разылығы негізінде бекітіледі. Өмірлік құқықтар әдетте жанұялар актлері бойынша құрылады. "Өмірлік меншік иесі" иелену мерзіміне шартсыз меншік иесі сияқты құқықтары бар. "Өмірлік меншік иесі" қойнауларды, пайдалануға және қазба орындарын ашуға, орман пайдалануға құқықты. "Өмірлік меншік иесінің" құқықтары жанұялық актлер бойынша бекітілгенде, олар егер шектен тыс болмаса тозуға жауап бермейді. Заң бойынша жер учаскесінің тек қана бір заңды иесі болуы керек.
Меншіктің үшінші түрі – заповедтік меншік құрылтай актсі бойынша құрылады. Заповедтік меншік иесі қайтыс болғаннан соң мұрагерлікке келесі жолдармен қалдырылады:
тікелей мұрагеріне;
өсиет бойынша;
- әйелі белгілеген;
- күйеуі белгілеген;
- ері немесе зайыбы жағынан белгіленген.
Ағылшын құқығы бойынша ерлі-зайыптылар арасында
"жанұялық меншік" құру туралы шарт жасауға болады. Мұндағы мақсаттар:
- өсиеттік билік етуді шектеу;
- заңды мұрагерлерді мұрадан құр қалдырудан сақтау.
"Сенімді меншік" ағылшын құқығындағы төртінші меншік құқығының дербес түрі. Сенімді меншік қатынасы – ол фидуциалдық қатынас. Мұнда бір тұлға /сенімді меншік иесі/ басқа тұлға /құрылтайшы – траст бенефицианты/ берген мүлікті басқарып, үшінші тұлғалармен сол мүліктің иесі ретінде қатынастарға түседі. Бұл тұлға траст бенефицианты алдында жауапты.
Мемлекет аграрлық қатынастарға араласуға талай әрекеттер жасады. 1954 ж. жергілікті үкімет органдарының жерді сатып алу міндеттілігі туралы заңы шыққан. Бұл заң жерді міндетті түрде сатып алумен және кейбір жағдайда жерді пайдалануға тыйым салумен байланысты, меншік иесіне төленетін орнын толтыру түрлерін, сондай-ақ төлемдерді жүзеге асыру тәртібін белгіледі.
Англияда жалға алудың /беру/ келесі түрлері бар:
Мерзімсіз;
Қысқа мерзімді; жылма-жылдық;
Бір жылдан аз мерзімді;
Ұзақ мерзімді;
Келісімсіз жалғасатын.
Достарыңызбен бөлісу: |