Дәріс №1 Кіріспе және негізгі түсініктемелерге анықтаулар



бет14/45
Дата28.06.2022
өлшемі365,41 Kb.
#147147
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   45
Байланысты:
Д ріс №1 Кіріспе ж не негізгі т сініктемелерге аны таулар

Тұщы судың жетiспеушiлiгi.
Қазiргi таңда əлемнiң көптеген елдерiнде тұщы судың дефицитi байқалып отыр. Бұл жағдай су қорының құрлықта бiркелкi таралмағандығынан, халық санының өсуiнен жəне өндiрiс пен ауыл шаруашылығының қарқынды дамуынан қалыптасып отыр. Жүргiзiлген еесптеулер бойынша, жер шарында суды əртүрлi мақсатқа пайдалануға жыл сайын шамамен 150 км3, ал өзендер мен жер асты суларынан 600 км3 алынады. Былайша айтқанда, суды пайдаланудан қоры əлдеқайда көп жəне жеткiлiктi болу керек. Бiрақ табиғи сулардың химиялық құрамына қатты əсер ететiн фактор - адамның шаруашылық əрекетiнiң нəтижесiнде қалалар санының көптеп өсуi суды пайдаланудың ғана емес, сонымен бiрге ағызынды сулардың да өсуiне əкеп соғуда. Ауылшаруашылық жəне өндiрiс орындары ағызынды сулармен бiрге өзендерге суды ластаушы заттарды да ағызады. Нəтижесiнде табиғи суларда ерiген оттегiнiң мөлшерi азайып, органикалық заттардың ыдырау жағдайлары нашарлап, олардың концентрациясы көбейедi. Жер бетiлiк суларға жыл сайын 450 км3 ағызынды сулар ағызылады. Олардың тек қана жартысына жуығы алдын ала тазартылады. Ал табиғи сулар өздерiнiң өздiгiнен тазару қабiлетiн сақтауы үшiн ағызынды сулардың көлемi ондаған есе аз болуы керек. Адамзат қоғамында адамдардың жартысына жуығы судың жетiспеушiлiк проблемасын бастан кешiруде. Құрлықтың 60% шөл жəне жартылай шөл жерлер. Жер шарының осы құрғақшылық аудандарында адамдар ауыз судың өзiнiң тапшылығының қасiретiн тартуда. Осындай сусыз аймақтарға Мексика, Пəкiстан, Иран, Алжир, АҚШ ондаған штаттары жəне т.б. Бұлармен қатар ТМД елдерiнiң кейбiр Орта Азиялық мемлекеттерi. Тұщы судың жетiспеушiлiгi гумидтi деп аталатын ылғал климатты аймақтарда да байқалуда. АҚШ бiрқатар штаттарында, Канадада, Оңтүстiк Американың, Азияның, Африканың тропиктiк аймақтарында су ресурстары мол болғанымен, олардың ластану салдарынан “судың жетiспеушiлiгi” байқалуда. АҚШ халқының 1/7 бөлiгi су тапшылығын бастан кешiруде. Сол сияқты Батыс Европаның бiрқатар мемлекеттерi де осындай жағдайда. Сондықтан бүкiл адамзат қоғамына қауiп төндiрген су жетiспеушiлiгi, барлық елдердiң ғалымдары мен инженерлерiн халықты сумен қамтамасыз етудiң түрлi жолдарын iздестiруге жұмылдыруда. Осы ретте жер астылық суларды зерттеу, пайдалану жолдары қарастырылуда, себебi олардың қоры барлық дерлiк материктерде мол. Айсбергтер суын пайдалану жолдары iздестiрiлуде. Соңғы жылдары ғалымдар ащы суларды тұщыту мəселелерiмен де айналысуда. Бұл үшiн көптеген елдерде суды жұмсартатын станциялар салынуда. Қазiр əлемде 800 ден аса осындай станциялар жұмыс iстейдi, олар күн сайын 1,7 млн м3 тұщы су алады, оның 90% ауыз су ретiнде пайдаланылады. Бiздiң елiмiзде Атырау қаласы осындай суды пайдаланады.
Өздiгiнен тазару
Су ресурстарының ”мұхит-атмосфера-жер-мұхит„ жүйесіндегі айналым процестерiнде тамаша бiр қасиетi - өздiгiнен қайта қалпына келу қабiлетi. Табиғатта тұщы суды материктерден мұхиттар мен теңiздерге, олардан қайтадан керi қарай қайта алып келетiн алып ”механизм„ үнемi жұмыс iстейдi. Гидросферадағы өздiгiнен тазару процесi заттардың айналымымен байланысты. Бұл процесс табиғи суларда оларда тiршiлiк ететiн тiрi организмдердiң тiршiлiк iс-əрекеттерi нəтижесiнде жүзеге асады. Сондықтан табиғатты қорғаудың аса маңызды мiндеттерiнiң бiрi табиғи сулардың осы қасиетiн сақтап қалуға барынша мүмкiндiк жасау. Əрбiр су көзi — түрлi тiрi организмдер, сол ортаға тəн арнайы организмдер, өсiмдiктер, микроорганизмдер тiршiлк ететiн, олар үнемi көбейiп, өлiп отыратын тiрi, күрделi экожүйе. Егер су көзiне бактериялар, не химиялық қосылыстар түсетiн болса, онда өздiгiнен тазару процесi тез жүрiп, су өзiнiң бастапқы таза күйiне қайта келедi. Өздiгiнен тазару процесiне əсер ететiн факторлар түрлiше. Оларды шартты түрде үшке бөлуге болады: физикалық, химиялық жəне биологиялық. Судың өздiгiнен тазару процесiне əсер ететiн физикалық факторлардың iшiнде ластаушы заттардың сұйылуы, еруi жəне араласуы негiзгi роль атқарады. Өзен суының интенсивтi ағысы судағы ластаушы заттардың жақсы араласып, концентрацияларының төмендеуiне себеп болады. Судағы ерiмейтiн тұнбалардың су түбiне шөгуi ластанған судың өздiгiнен тазаруына жағдай жасайды. Микроорганизмдер өз салмақтарымен, немесе судағы органикалық жəне органикалық емес заттарға қосылып, олармен бiрге су түбiне шөгедi. Судың өздiгiнен тазаруына əсер ететiн аса маңызды физикалық фактор Күннiң ультракүлгiн сəулесi. Бұл сəулелердiң əсерiнен су зарарсызданады. Ультракүлгiн сəулелер белокты коллоидтарды жəне микроб клеткалары протоплазмаларының ферменттерiн жойып жiбередi.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет