Дәріс №1 Кіріспе және негізгі түсініктемелерге анықтаулар


Биогеохимиялық айналымдар



бет10/45
Дата28.06.2022
өлшемі365,41 Kb.
#147147
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   45
Байланысты:
Д ріс №1 Кіріспе ж не негізгі т сініктемелерге аны таулар

Биогеохимиялық айналымдар
Элементтердің биогеохимиялық айналымдары – бұл табиғат арқылы тірі заттардың активті тіршілік етуін қамтамасыз ететін химиялық элементтердің айналымы. Биосферада химиялық элементтер биологиялық айналымының әртүрлі жолдарымен таралады: тірі затпен сініріледі және энергиямен таралады. Содан соң тірі затты тастап кетеді немесе шығарылады, сыртқы ортаға сіңірілген энергияны шығарады. Осындай көп немесе аз дәрежедегі түрлі жолдар Вернадский бойынша биогеохимиялық айналымдар деп аталады (био – тіршілік, гео – жер немесе жер қойнауындағы тау жыныстары).
Вернадский бойынша биосферада тірі заттың 5 функциясы болады: 1) газдық функция; 2) концентрацияландыру немесе жинақтау функциясы; 3) тотығу– тотықсыздану функциясы; 4) биогеохимиялық функциясы; 5) адамдардың биогеохимиялық әрекеті (Бұларға жоғарыда тоқталғанбыз).
Биосферада биогеохимиялық айналымдар ішінде 2 тип бөлінеді: 1) газды заттардың айналымы; 2) шөгінді заттардың айналымы. Бұл бөліну жер қыртысындағы химиялық элементтердің әртүрлі қосылыстарының түзілуімен байланысты. Мысалы, көміртегі, оттегі, азот айналымдарда көбінесе үшпа қосылыстар түрінде кездеседі. Ал темір, фосфор, кальций қатты заттар түрінде жинақталады. Күн энергиясы жер бетіндегі заттардың екі айналымын қамтамасыз етеді: 1) үлкен немесе геологиялық – абиотикалық айналым деп аталады. 2) кіші немесе биологиялық – биотикалық айналым деп аталады.
Үлкен айналым су мен ауа массасы айналымын көрсетеді. Геологиялық айналым негізінен планета масштабында жүреді. Онда минералды қосылыстар бір жерден екінші жерге көшіп немесе ауысып отырады. Мұны геологиялық айналым деп атайды. Бұл айналым барлық биосфералық процестердің жүзеге асуын қамтамасыз етеді (желге мұжылу, су булану, минералдардың еруіне, механикалық, химиялық қозғалысқа, т.б.).
Кіші айналым – тірі ағзалардың қатысуымен жүреді. Үлкен геологиялық айналым негізінде органикалық заттардың айналымы немесе кіші биологиялық айналым пайда болады. Кіші айналым негізіне органикалық заттардың синтезі немесе ыдырау процестері жатады.
Осы екі процесс тіршілікті қамтамасыз етеді. Геологиялық айналыммен салыстырғанда биологиялық айналым энергияның аз мөлшерімен сипатталады. Жер бетіне түсетін сәулелену энергиясының тек қана 1%-ы ғана органикалық заттардың пайда болуына жұмсалады. Тіршілік болу үшін химиялық элементтердің тұрақты түрде қоршаған ортадан тірі организмдерге ауысуы және, керісінше, бір организмдердің протоплазмасынан басқа организмдер үшін жеткілікті формаға дейін ауысу процесі жүру керек. Негізгі айналымдарға көміртегі, оттегі, азот, фосфор, күкірт және биогенді элементтер катиондарының айналымдары жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет