Байланысты: Д ріс №1 Кіріспе ж не негізгі т сініктемелерге аны таулар
Жердi рекультивациялау. Əлемнiң көптеген мемлекеттерiнде бұрын мəдени дақылдар өсiрiлiп келген құнарлы жерлер орман, мал жайылымы, т.б. үшiн пайдаланылып келген. Ал қазiргi кезде адамның шаруашылық əрекетiнiң нəтижесiнде бұл жерлер түрлi басқа мақсаттағы жұмыстар (жолдар мен трубопроводтар салу, т.б.) жүргiзу нəтижесiнде өте үлкен өзгерiстерге ұшырады. Адамның шаруашылық iс-əрекеттерiнiң нəтижесiнде өсiмдiктерi жойылған, гидрологиялық режимi мен рельефi өзгерген, топырақ жабыны бұзылып, ластанған жерлер бұзылған жерлер деп аталады. Пайдалы қазбаларды ашық əдiспен өндiру ауылшаруашылығында пайдалануға жарамды жерлерге бiршама зиян келтiредi. Бұл жұмыстар кезiнде тереңдiгi 400-500 м болатын шұңқырлар түзiледi. Осындай жерлердi қайтадан шаруашылық мақсаттарға пайдалану үшiн оларды қалпына келтiру қажет. Бұзылған жерлердi қайта қалпына келтiру процестерi рекультивация деп аталады. Қазiргi кезде ғалымдар мен мамандар бұзылған жерлердi қайта қалпына келтiрiп, оларды ауыл жəне орман шаруашылықтарына қайтарудың жолдарын iздестiруде. Бұзылған жерлердi қайта қалпына келтiру жұмыстары таукен, инженерлiк-құрылыс, мелиоративтiк, орман шаруашылықтық, ауылшаруашылықтық iс-шаралар комплексiн құрайды. Жердi рекультивациялаудың екi негiзгi деңгейі бар: тау-техникалық жəне биологиялық. Тау-техникалық рекультивациялаудың мақсаты - территорияны жөндеуге дайындау. Ал, биологиялық рекультивациялауда топырақ құнарлылығын қалпына келтiруге бағытталған жұмыстар жүзеге асырылады. Жердi рекультивациялау жұмыстары бойынша Чехословакия мен Германия мемлекеттерiнде бұзылған жерлерге жүгерi егiледi. Жердi рекультивациялау - өте күрделi мəселе. Ол көп жағдайда бұзылған территориялардың нақты экологиялық жағдайларына байланысты. Рекультивациялық жұмыстарды жоспарлау үшiн грунт топырағының физико-химиялық құрамын, гидрологиялық режимiнiң ерекшелiктерiн, рельефтiң ерекшелiктерiн жақсы бiлу керек. Пайдалы қазбаларды ашық əдiспен өндiру, мал шаруашылығы комплекстерiн, суғару орындарын салу, т.б. топырақ жабынының бұзылуына себеп болатын жұмыстар кезiнде рекультивацияланатын жерге жоғарғы қарашiрiктi топырақ қабатын ауыстыру, орналастыруда барлық тиiстi ережелердi қатаң сақтау қажет. Геологиялық мұнай iздестiру жəне өңдеу жұмыстары кезiнде бұзылған жəне мұнаймен, түрлi жуғыш улы заттармен ластанған жерлердi рекультивациялаудың маңызы өте зор. Əдетте, норматив бойынша, əрбiр бұрғылау скважинасына 2,2га жер бөлiнедi. Бiрақ практика жүзiнде бұдан əлдеқайда көп жер ауылшаруашылық айналымнан шығып қалады. Əсiресе, iрi гусеницалы тракторлар колоннасында орнатылған бұрғылау қондырғыларын бiр орыннан екiншi орынға ауыстыру кезiнде жердiң үлкен аймағы бiршама зардап шегедi. Сондықтан, мұнай-газ кен орындарын iздестiру мен эксплуатациялау жұмыстарын бастар алдында ол жерлердiң топырағының беткi құнарлы қабатын алып, соңынан қайтадан құнарлы қабат топырағын орнына салуды тиiстi орындар талап етулерi қажет.