Байланысты: Д ріс №1 Кіріспе ж не негізгі т сініктемелерге аны таулар
Литофильдік элементтер («лито» - тас) – тау жыныстарының элементтері. Олардың иондарының сыртқы қабатында 2 немесе 8 электрон болады. Литофилді элементтер элементар күйіне дейін өте қиын тотықсызданады. Көбінесе олар O2 – мен байланысып силикаттарды және амоносиликаттарды түзеді және карбонаттар, сульфаттар, фосфаттар, бораттар және галогенидтер түрінде кездеседі.
Халькофильдік элементтер (VIII топ) – сульфид рудасының элементтері. Иондарының сыртқы қабатында 8 электрон (S2-, Ce2-, Te2-) немесе 18 электрон орналасқан. Табиғатта сульфидтер, селенидтер, теллуридтер және басқа элементтер элементар түрінде кездеседі. (Cu, Hg, Sb, Pb, Ag, мышьяк т.б)
Сидерофильдік - бұл электрондармен толтырылған α элементтер (осы элементтердің d және f қабаттары электрондармен толтырылады). Олар ерекше мышьяк және күкіртке ұқсас болады. (Pt, As2, FeAs2, NiAs2, FeS, NiS, MоS2 және басқа да). Сонымен бірге олар фосфорға, азотқа және көміртегіге ұқсас болады. Барлық сидерофильдік элементтер элементар түрінде кездеседі(бос күйінде).
Атмофильдік – атмосферада кездесетін элементтер. Олардың ішінде көбінде сыртқы қабаты толық толтырылған атомдар кіреді. Атмофильдік элементтерге N2 және H2 жатады. Жоғары ионизация потенциалдары нәтижесінде атмофильдік элементтер үлкен қиыншылықпен басқа элементтермен қосылыстар береді. Сондықтан табиғатта сутегіден басқа элементтер элементар түрінде кездеседі.
Биофильдік немесе биосфераның органикалық құрамына кіретін элементтер. Тіршіліктің негізгі қасиеті – бұл табиғатта ақуыз молекуласының кездесуі.
Жер қыртысы негізгі 8 элементтен тұрады: оттегі, кремний, кальций, магний, натрий, калий, алюминий, темір. Осы элементтердің мөлшері көп уақыт бойы тұрақты болады. Басқа элементтер үлесіне 1% - дан аз қыртыс массасы келеді. Ең көп таралған элементтер арасында жер қыртысында негізгі ролді оттегі атқарады. Оттегі атомдары жер қыртысының 47%-ын құрайды, көбінесе SiO2 қосылысы түрінде. Негізгі жыныс пайда болу минералдарының 90% көлемін құрайды. Сондықтан жер қыртысын Гольдшмид «оксисфера» деп атады.
Биосфера қазіргі кезде барлық гидросфераны және литосфераның жоғарғы бөлігін басып алған. Оттегі қорын осы қатты және сұйық жер оксисферадан сіңіріп алған. Тіршілік процесі – ол оксисфераның туындысы.
Жер қыртысында барлық элементтер 5 топқа бөлінеді:
литофильдік;