Жаңа объектілер, үлгі және ағымдағы қабат
Барлық жаңадан жасалынатын және алмастыру буферіне қойылатын объектілерді бағдарлама ағымдағы қабатқа орналасады. Бұрыннан бар объектілерді қалай болса да модификациялау (өзгерту) оларды ағымдағы қабатқа апармайды..Объектілерді үлгіде емес, беттерде жасау үшін, алдын ала басқа қабатты (үлгілік емес) ағымдағы ету керек, өйткені кез келген үлгі қабатқа орналастырылған объект дереу барлық беттерде пайда болады.
Дәріс №20. CorelDRAW редакторында растрлық бейнелермен жұмыс
CorelDRAW редакторында растрлық бейнемен жұмыс үшін мықты құралдар бар. Графикалық құжатқа растрлық сурет қоюға болады, кез келген векторлық суретті растрлыққа айналдыруға болады, сонымен қатар растрлық бейнеден векторлық сурет алуға болады.
Растрлық бейнелерді редакциялау құралына өту қасиеттер панелінде растрлық суретті импорттағаннан кейін орындалады. CorelDRAW-да растрлық суреттерді редакциялау үшін бірнеше құралдар бар. Бірақ растрлық графикамен толық жұмыс тек арнайы растрлық графиканың графикалық редакторында мүмкін болатынын білу қажет. Растрлық суреттің өлшемін өзгерту үшін Растрлық Бейненің өлшемін Өзгерту батырмасына шерту. Растрлық суреттің енін және биіктігін дәл қою үшін, сонымен қатар Сақтау жалаушасын қою үшін Өлшем өзгерту терезесі ашылады.
Растрлық графикаға айналдыру.
Кез келген векторлық обьектіні немесе обьектілер тобын растрлық графика обьектісіне айналдыруға болады. Айналдырғаннан кейін оны векторлық түрде редакциялауға болмайды, бірақ оған растрлық графиканың эффектілерін қолдануға болады. Көптеген жағдайларда бұл өзгеріс тек растрлық графикамен жұмыс істейтін көркем эффектілерді пайлануда орындалады. Векторлық графиканы айналдыру үшін обьектілерді ерекшелеу қажет, содан кейін Растрлық бейнелер – Растрлық Бейнеге ауыстыру командасын орындау керек, келесі баптауларды орындауға болатын Растрлық Бейнеге Ауыстыру терезесі ашылады:
Түс өрісіне растрлық бейнеде алынатын түстер санын орнытыңыз;
Аралас өрісіне жалаушасын қоюда кейбір реңктерді бірнеше түстердің араласуымен алуға болады;
Рұқсат өрісінде суреттің дюймде нүктелерге рұқсаты беріледі;
Тегістеу жалаушасын орнату шыққан суреттен сынықтарды жою жолында тегіс бейне алуға мүмкіндік береді;
Айқын Фонына жалауша орнату суретке айқын фон беруге мүмкіндік береді
Растрлық бейнені векторлық бейнеге айналдыру.
CorelDRAW құжатына қойылған кез келген растрлық бейнені вкторлыққа айналдыруға болады. Айналдыру CorelDRAW программасының пакетіне кіретін CorelTRACE программасының көмегімен орындалады.
Берілген операцияны орындау үшін растрлық бейнені ерекшелеп, қасиеттер панеліндегі Растрлық Бейнені Жолжасау батырмасына шерту. Ерекшеленген сурет жүктелетін CorelTRACE жолжасау программасы қосылады. Жоғарғы құралдар панелінде орналасқан Жолжасау батырмасында шерту. Жолжасау процессінің соңында программа жұмыс аумағының оң бөлігінде құрылған векторлық сурет пайда болады.
Керекті жолжасау сапасы алынғаннан кейін CorelDRAW-ға қайта келу керек. Ол үшін CorelTRACE –те Файл – шығу командасын орындау. Программа жұмысын аяқтап, алынған векторлық суретті CorelDRAW жұмыс бетіне береді.
Растрлық обьектілерді редакциялау.
Бір топқа біріккен бірнеше командалар растрлық суреттерді айналдыруды орындауға мүмкіндік береді. Растрлық суретті керісінше аудару үшін оны ерекшелеу қажет, содан кейін Эффектілер – Айналдыру – Инверттеу менюінен командаларды орындау керек. Бейнедегі барлық түстер керісіншеге ауысады.
Растрлық суретті пастерлеу үшін оны ерекшелеп, Эффектілер – Айналдыру – Пастерлеу командасын орындау. Бұл айналдыру суреттің үлкен аумақтарын барлық ұқсас реңктерді жойып біртекті суретпен бояйды. Дәлдік көмегімен айналдыруды қолдану дәрежесі таңдалады. Растрлық суреттегі көлденең сызықтарды жою үшін оны ерекшелеп, Эффектілер – Айналдыру – Қатарарасын Жою командасын орындау. Бейнелерді көшіру барысында суретте тек тақ немесе жұп қатарлар болады. Қалған қатарлар пайдалы ақпарат сақтамайды. Керек емес қатарларды жою үшін Қатарарасы сүзгісін пайдаланған жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |