Дәріс №1. Компьютерлік графика түсінігі



бет4/23
Дата25.08.2017
өлшемі5,54 Mb.
#26669
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

Тұжырымдама. Web – бетін құрудың алғашқы қадамы – тұжырымдаманы, яғни мыналарды анықтап алу керек:

  • аудиторияны;

  • бетті құрудың мақсаты;

  • Архитектурасы. Қағазда Web – бетінің эскизін сызып алу керек.

  • Дизайн. Негізгі тұжырымдамасы анықталғаннан кейін, құрылымы жасалғаннан кейін дизайнын анықтау керек. Яғни ондағы фонның, суреттердің, мәтіндердің түстерін, қаріптерін, анимацияны таңдап алу және т.б.

  • Орындау. Дизайнның нұсқасы таңдап алынғаннан кейін оны іскеасыру керек. Яғни графикалық элементтер , HTML, программалық код, мультимедиа элементтері және мазмұны біріктіріледі де , құрылады.

  • Сапасын тексеру және тегістеу. Дайын болғанда оны Интернетке орналастыру керек.. Сілтемелерді, грамматикалық қателерді және т.б. нәрселерді қарап шығу керек.

    Web – беттерін құруға мынадай мамандар қатыстыоылады: идея беруші- маркетинг мамандар, директор, дизайнерлер, мультимедиа жасайтын мамандар, HTML – программисттер, программисттер.

    Түстік гамма, қаріптерді және графиканы таңдау.

    Түстік гамма, қаріптер және графика Web – дизайнның негізгі детальдары болып табылады.

    Сапалы веб – беттерін құру үшін:

    Түстер палитрасын шектеу керек. Бір – бірімен үйлесетін түстердің шектеулі санын қолдану керек.


    • Түстерге шектеу қою графикалық объектілерді Интернетте таратуды жылдамдатады. Суреттегі қолданылған түстер аз болған сайын, файлдың өлшемі кішірек болады. Ал файлдың көлемі шағын болса, ол тез жүктеледі.

    • Жеті түстен кем емес палитра құру керек және оны біртіндеп барлық веб – беттерін пайдалану керек.

    Беттің элементтерін ерекшелеу үшін әртүрлі қаріптерді қолдану керек.

    Таңдалып алынған қаоіптің көмегімен веб – беттерінде қуанышты , кәсіби шебеолікті және т.б беруге болады. Мынадай қаріптер бар:



    1. Кертігі бар қаріптер – мысалы, А - әріптің шеттеріне кішкентай сызықтары бар әріптер. Олар тұрақтылықты, қауіпсіздікті, кәсібилікті және мәңгілікті көрсетеді. Мұндай қаріптер мәтіннің үлкен үзінділерін беруге қолайлы.

    2. Кертігі жоқ қаріптер – мысалы, А – озық ойды, тазалықты, алға ұмтылысты көрсетеді. Олар тақырыптарды жазуға, мәтіннің онша үлкен емес үзінділерін теруге ыңғайлы.

    Веб – беттерін жасағанда тек бір типті ғана шрифтер емес, 3-4 түрлі қаріптерді пайдаланған ыңғайлы. Одан көп болса, онда әдемі болмай қалады.

    Қаріптердің құрылымы мен өлшемін сипаттау үшін мынадай терминдер қолданылады:

    1. кегль- кертекті қоса есептегендегі қаріптің өлшемі.

    2. пункт – пунктпен қаріптің биіктігі өлшенеді (1 пункт – 1/72 дюйм-ге тең, ал 1 дюйм – 2,54 см)

    3. цицеро – баспа жолының енін өлшеу бірлігі (1 цицеро- 12 пункт)

    4. интерлиньяж – жолдар арасындағы қашықтық. Ол пунктпен өлшенеді.

    5. апрош - жолдар арасындағы бос орын. Апроштың мәні кегльге байланысты. Қаріптің өлшемі үлкен болған сайын, әріптер бір – біріне жақын болып көрінеді.

    6. гарнитура- қаріптің қарайтылып, көлбеу, түзу, жалпақ, жіңішке және т.б түрлері.

    Қаріптің түсі. Әдетте қара түсті фондағы ашық түсті қаріптерге қарағанда, ашық түсті фондағы қара түсті қаріптер тез оқылады. Мәтіннің тақырыптарын жазғанда ашық түсті қаріптерді , ал негізгі мәтінде басқа түстерді пайдаланған тиімді.

    Интерлиньяж. Егер веб – беттінің фоны қаралау болса, онда мәтінді оқуды жеңілдету үшін интерлиньяжды, яғни жолдар арасындағы қашықтық ты үлкейту керек.

    Қаріптің өлшемін таңдау. Веб – беттінің негізгі мәтінін өлшемі 10-12 пункт болатын қаріппен, ал мәтіннің тақырыптарын өлшемін 14-24 пункт болатын қаріппен теру керек. Тек қана жұп өлшемді қаріп қолдау керек, олар экранда әдемі көрінеді.

    Веб – графикада қаріптің 2 түрі қолданылады.: графикалық – ол сурет түрінде және HTML – дискрипторымен генерацияланатын тірі (живой) қаріптер, яғни оларды мәтіндік редакторында кегльді өзгерте отырып, өңдеуге болады. Веб – графикада тірі (живой) қаріптерді пайдаланған тиімді. Себебі оны үнемі жаңартып отыру керек.

    Графикалық элементтерді де тиімді пайдалану керек. Графикалық элементтерге боялған аумақтар, сызықтар, фотосуреттер және суреттер жатады. Веб – беттерінде бір бетті бірақ алатындай көлемі өте үлкен суреттерді пайдаланған жарамайды. Сондықтан да онша үлкен емес графикалық оъектілерді түрлі түсті кестелермен немесе мәтінмен біріктіре отырып пайдаланған тиімді.

    Графикалық файлдың өлшемін 15 Кбайттан асырмау керек.

    Графикалық элементтердің көмегімен бетті бөліктерге бөлу керек.

    HTML құралдары мен графикалық элементтер бетті бөліктерге бөлудің бір әдісі болып табылады. Яғни бөліктерге бөлу арқылы қолданушының назарын оның жеке детальдарына аударуға болады.

    Веб – беттің макетін жасау үшін мәтін, графикалық элементтер және HTML – графика орналасатындай тор құрып алу керек. Ол тор бір немесе бірнеше бағаннан немесе бірнеше бөліктерге бөлінген беттерден тұруы мүмкін.

    Веб – беттерін құрғанда оны 3 бөлікке : үлкен – ең маңызды ақпарат жазатын , орташа – орташа маңызы бар ақпарат жазатын, кішкентай – онша маңызды емес ақпарат жазатындай.

    Бетте бос орындар тастауды ұмытпау керек. Бос орын аз қалдырса, онда ақпаратты оқу қиынғы түседі. Сондықтан беттің 25 пайызын ашық қалдырған тиімді. Бос орынды – дизайн элементінің айналасынан қалдыруға болады.

    Біртекті графикалық элементтерді, яғни фотосуреттерді, маркерлерді, интерактивті батырмаларды қолдану үшін графикалық шаблондар жиынтығын құрып алу керек. Оны құру үшін графикалық редакторларды пайдалану керек. , оларды сол редактордың форматында сақтау керек.

    GIF, JPEG, PNG форматтары расторлық форматтар. Бұл форматтағы объектілер векторлық графиканың көмегімен құрылды, сосын расторлық суреттерге конвертировать етілді. Неге деген сұрақ туады? Себебі, жеке нүктелерді өзгертіп отырғанша, векторлардың көмегімен суреттерге қызықты эффектілер қосқан өте тез. Векторлық суретті GIF және JPEG форматында сақтау үшін растолық суретке конвертировать ету керек.



    Графикалық мәтін құрғанда оны қолданылған графикалық пакеттің форматында сақтау керек. Егер мәтіннің тақырыбы Фотошопта жасалса, онда оны Фотошоптың форматында сақтау керек және оны экспорт жасағанда GIF форматына түрлендіру керек. Оны GIF форматына түрлендіогенннен кейін оны өзгерте алмаймыз. Сондықтан да оны екі форматта да сақтап қойған тиімді.
    WWW-де қолданылатын ақпараттар мен файлдардың типтері


    Ақпарат типі

    Файлдың типі

    Түсініктеме

    Мәтін

    .htm, .html

    HTML форматы текст және экранда ақпараттың бейнелеуін анықтайтын арнайы форматтау кодтарын береді.

    Дыбыс

    .au, .snd, .mid

    Audio, sound, MIDI, MP3 Дыбыстық файлдардың форматтары

    Кескін

    .gif, .jpg, .tif

    GIF, JPEG, TIFF Графиктік файлдардың форматтары

    Бейне

    .mpg, .mov, .avi

    MPEG, Apple Quikslime, MS Video Форматтарында жазылған бейнеклиптер

    GIF

    JPEG

    256 түс

    True color (16,7 млн түс)

    Суреттің мөлдір бөліктерін сақтау үшін қолданылады.

    Барлық мөлдір емес суреттер

    Әдетте батырмалар, баннерлер, дизайн элементтері, логотиптер, сызбалар, түстер саны аз нақты суреттер үшін қолданылады

    Әдетте түрлі түстер өте көп фотосуреттер үшін қолданылады.

    Форматты таңдау әрқашанда файлдың көлемін азайтуға бағытталған. Сайттағы барлық суреттердің көлемі 30-50 Кбайттан аспайтындай етіп жасауға тырысу керек.
    Бақылау жұмысы:

    1. Интернет тарихы

    2. Веб беттер дегеніміз не?

    3. Гипермәтін дегенміз не?

    4. Броузер дегеніміз не?

    5. Гиперсілтеме деп нені айтамыз?



    2 бөлім. Растрлық графика
    Дәріс №8. Adobe Photoshop программасының құрылымы


    1. Программа интерфейсі

    2. Файлдарды жүктеу мен импорттау

    3. Adobe Photoshop редакторының құрал-саймандары


    Программа интерфейсі. Программаның негізгі басқару элементтері Меню қатары мен Саймандар панелінде жинақталған. Бұдан басқа Adobe компаниясының программаларында ерекше сұхбат терезелері – саймандар палитрасы қолданылады.

    Файлдарды жүктеу мен импорттау. Photoshop графикалық редакторы түзу үшін емес суреттерді өңдеу үшін арналғандықтан, онымен жұмысты жүктеуден (файл - ашу) командасымен немесе дайын бейнелерді импорттаудан бастайды.

    Импорттау деп – сканерден, цифрлық фотокамерадан немесе басқа да енгізу құрылғыларынан алынған бейнені енгізуді айтады. Импорттау файл – импорттау командасы арқылы орындалады. Графикалық редактордың сыртқы құрылғылармен байланысы TWAIN стандарты арқылы жүзеге асырылады.



    Файл туралы мәлімет алу. Көптеген графикалық бейнелермен операция жасауда бейнелердің негізгі параметрлерін білу өте маңызды. Оларды Бейне өлшемі (Размер изображение) сұхбат терезесінде анықтауға болады. Ол бейне (Изображение – Размер изображение) – бейне өлшемі командасы арқылы ашылады. Бұл терезеде ені және биіктігі (пикселдермен) және Размер печатного отписка (см-мен) сияқты параметрлер келтірілген. Экрандық өлшемдер физикалық өлшемдермен рұқсат ету (Разрешение) параметрлерімен байланысты. Файлдың өлшемі осы параметрлерге тәуелді.

    Adobe Photoshop редакторының құрал-саймандары. Құралдар панелі бейнелермен жұмыс істеудегі ең негізгісі болып табылады. Негізгі құралдар, құралдар панелінде 4 топқа біріктірілген. Photoshop программасының ерекшелігі құралдар панелінде альтернативті құралдардың болуы. Мұндай құралдардың кішкене үшбұрышты арнайы белгілері бар. Осындай белгіде тышқанды басып курсорды апарсаңыз қосымша құралдары бар: сызғыш , тағы басқа да құралдар.

    1.Белгілердің бірінші тобын обьектімен жұмыс жасауға арналған құралдар құрайды. Область аймақ және Лассо құралдары арқылы бейне аймағын ерекшелеп, (Перемещение) Ауыстыру құралының көмегімен ерекшеленген аймақты жылжытып, көшірмесін алуға да болады.

    Сиқырлы таяқша (Вольшебное палочка) құралы аймақты түс белгісіне қарай автоматты түрде ерекшелеуге арналған. Сиқырлы таяқша мен Лассоны графикалық обьектілердің күрделі контурын дәл алу үшін қолданады.

    2.Сурет салу үшін арналған құралдар тобына Аэрограф, кисть (қылқалам), карандаш, Ластик (өшіргіш) жатады. Штамп құралын набивка операциясы үшін, яғни оның көмегімен суреттің зақымдалған элементтерін қалпына келтіру ыңғайлы. (Мысалы: ескі суреттерді өңдеуде), зақымдалмаған бөліктерден бейнелерді көшіру арқылы.

    Палец құралы размывка опериясы үшін қолданылады. Размытие /Резкость құралдары бөлек бөліктердің қанықтылығын басқаруға, ал Осветлитель / Затемнитель / Губка құралдарын түстің қанықтылығын реттеуге арналған. Губка Отмывка операциясы үшін арналған.

    3. Үшінші топтың құралдарына жаңа обьектілерді құруға, соның ішінде текстік обьектілерді құруға арналған.

    Перо және оның альтернативті құралдары қисық контурларды құру мен редакторлеуге арналған. Текст инструментімен жазбаларды орындайды. Бұнымен қоса мұнда Windows операциялық жүйесінде орнатылған шрифтілер қолданылады. Линия құралы түзулердің кесіндісін салуға арналған. Заливка және Градиент ерекшеленген бөліктерді негізгі түстердің бірімен немесе түстер арасында жайлап өту арқылы қолайлы түс таңдауға арналған. Қолданылғандардың тізімінен түсті дәл таңдауға Пипетка құралы көмектеседі.

    4.Соңғы топты көруді басқару құралдары құрайды. Масштаб құралы суреттің үлкейтілген фрагменттерімен жұмыс істеуге мүмкіндік береді, ал рука құралын программаның терезесінің шегінен шығып кеткен суреттерді жылжытуға қолданылады.



    Құралдар палитрасы.Adobe компаниясы шығарған программасында ерекше түрдегі сұхбат терезелері жиі қолданылады. Олар палитралар деп аталады және басқарудың кейбір ортақ элементтеріне ие. Палитралар негізгі құралдардың қызметін дайындау және бейнемен және оның файлымен операция жасау үшін қолданылады.

    Photoshop редакторының негізгі палитра панелі қолданылады. Палитраны ашу меню қатары арқылы орындалады. Терезе пункті Спрятать / Показать – Жасыру / Көрсету пунктерін құрайды. Солардың көмегімен басқару орындалады. Экранда барлық палитраларды ұстау міндетті емес. Жұмыс барысында керек емес палитраларды экраннан жоюға, өшіріп тастауға да болады.

    Жабу кнопкасында шерту палитраны экраннан өшіреді. Палитраны экранға қайта шақыру. Окно(Терезе) менюіндегі Показать (Көрсету) командасы арқылы орындалады. Оң жақтағы үшбұрышты бағдаршаға шерту қосымша контекстті менюді шақыруға мүмкіндік береді. Ол арқылы палитраны дайындауға және оның мүмкіндігін кеңейтуге болады. Кейбір палитралар командалық түймелерге, не олардың тізімдеріне енгізу алаңдарын және тағы басқа да басқару элементтерін айқындайды.

    Палитралардың Windows операциялық жүйесіндегі сұхбат терезелерінен негізгі айырмашылығы жұмыс ортасын өз талғамына қарай келтіруге мүмкіндік береді. Жаңа палитраларды курсормен бір палитраны іліп алу арқылы жасауға болады. Егер де экранның бос жеріне орналастырсақ, онда ол тәуелсіз палитраға айналады.





    1-сурет. Adobe Photoshop программасының жұмыс үстелі және түстер арасында жайлап өту арқылы қолайлы түс таңдау терезесі.



    2-сурет, Adobe Photoshop программасының құрал-саймандар панелі.



    Мұнда неше түрлі мүмкіндіктерге ие құралдар бар. Әрбір құралдың бірнеше атқаратын қызметтері бар. Саймандар панелінде сызуға, өшіруге, алып тастауға, бояға, жазбалар жазуға, белгілеуге мүмкіндік беретін құралдар жеткілікті.


    Adobe Photoshop программасында жұмыс жасағанда онда атқарылған іс-әрекеттің бәрі History палитрасында тізімде тұрады. History палитрасы арқылы кеткен қателіктерді түзеуге немесе атқарылған жұмыстың орындалу барысын тексеруге болады.

    Қабат (Слой), Канал, Контурлар палитралары бір сұхбат терезесінде орналасқан. Осы құралдардың көмегімен біз Фильтр қызметін қолдана отырып, керекті суретімізді өңдеп аламыз.




    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет