Дәріс-1 Мал шаруашылығындағы технологиялық процестерді механикаландыру Негізгі анықтамалар және терминалогия



бет6/47
Дата08.02.2022
өлшемі3,79 Mb.
#118111
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47
Байланысты:
Мал шаруаш Дәріс
14-19 .02.22., вопросы по аттестации ДЛЯ ПОДГОТОВКИ
Витаминді көк шөп ұнын әзірлеу.
Витаминді көк шөп ұнын әзірлеу үшін негізінен жоңышқа клевер сияқты құнарлы шөп тұқымдары пайдаланады. Шөп күн көзінде жатып кептірілген жағдайда өзінің құрамындағы құнарлы заттарын көптеп жоғалтады. Ол құнарлы заттар каротин, протеин және әртүрлі витаминдер. Егер жаңа шабылған шөпті тез кептіріп сақтайтын болсақ, онда осы шөп құрамындағы құнарлы заттарды көптеп сақтауға болады. Осы жағдайда ескере отырып витаминді көк шөп ұны мынандай технологиямен іске асырылады 75-80 пайыз ылғалдықтағы шөп бірден шабылып белгілі бір ұзындыққа дейін ұсақталады, көлікке тиеледі. Осы көк майса алдын ала ұсақталған шөп витаминді көк шөп ұнын дайындайтын агрегаттарға беріледі. Бұл агрегаттардың маркілері АВМ-0,4, АВМ-0,65, АВМ-1,5. Бұл агрегаттарда ылғал көк майса арнаулы кептіргіш барабанға беріліп онда ылғал шөп жазылған солярка мен ысытылған ауа ағынымен кептіріліп ұрғышпен жабдықталған ұсақтағыштарда ұнға айналдырылып ұсақталады.
Шөпті шауып алдын ала ұсақтап көлікке тиеу үшін азық жинау комбайндары (КПИ-2,4, Е-280, тағы басқа) пайдаланады. Мұнда алдын ала ұсақталған шөптің негізгі ұзындығы 20-30мм болуы керек. Осындай ұзындықпен ұсақталған шөп, жалпы ұсақталған шөп массасының 85 пайызын құрауы керек, ал ұзындығы 100мм –ден артық кесінділер 2 пайыздан аспауы керек.
Витаминді көк ұнын дайындаудың екінші технологиясы. Шөпті жаткімен шауып жалға түсіріп онда шөпті 60 пайыздық ылғалдыққа дейін кептіріп, әрі қарай жинағыш механизмдермен жабдықталған (комбайндармен КУФ1,8, КПИ-2,4) жиналып ұсақталып көлікке тиеледі. Бұл технологияны пайдаланғанда қосымша бір операция қосылғанмен шөп ұнын дайтын агрегаттың өнімділігі екі есе артады (204%). Бұл технологияны пайдалану тиімді.
Кәзіргі уақытта витаминді көк шөп ұны 3 классқа бөлінеді. Мұнда 1кг көк шөп ұнында каротин мөлшері 230-90мг шамасында болуы керек, ал кептірілгеннен кейінгі ылғалдығы 8-12% шамасында болуы қажет. Негізінен бұл агрегаттарды пайдаланып көк шөп ұнын дайындау өте қымбат. Мысал АВМ-0,4 агрегатында 1 тонна ұн дайындау үшін 100 кВт электр энергиясы және 275кг дизель жанармайы қажет, сонымен қатар бұл агрегаттар өте қымбат. Сондықтан витаминді көк шөп ұнын бұлай дайындау кішігірім шаруа қожалықтары үшін мүмкін емес жағдай.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет