АДМ-8 сауу қондырғысы. АДМ-8 сауу қондырғысының вакуум түтіктерінде жоғары дәрежелі вакуум қалынтасады. Бұл сүтті сауу аппаратынан сүт түтіктеріне тез жеткізуді қамтамасыз етеді. АДМ-8 сауу қондырғысында әрбір сауу аппаратынан жиналған сүт, түтіктер жиналып, есептеліп алғашқы өндеуге жіберіледі.
Сиыр сауу процессін арнаулы станоктарда жүргізу үшін қазіргі уақытта арнауы қондырғылар шығарылады. Бұл қондырғылар сиыр қорасымен жалғасқан арнаулы бөлмелерге орнатылады. Олар негізінен байлаусыз ұсталатып сиырларды саууға арналған. Кейбір жағдайда байлаулы ұсталатын сиырларды да саууға пайдаланылады.
Мұнда сиырлар сүттілігімен және сауу уақытының шамасымен жинақталған болса, онда осы сиырларды сауу үшін УДЕ-8А (Ёлочка) қондырғысы пайданылады. Бұл қондырғыда сиырлар тобымен жіберіліп шығарылады.
Ал сиырлар сүттілігімен жинақтамаса УДТ-8 «Тандем» қондырғысы пайдаланылады. Мұнда мал қондырғыға жеке-жеке жіберіліп шығарылады. Бұл қондырғыоларда сауылу уақытында сиырларға жем беру қарастырылған. Мұнда мөлшері сиырдың сүт беру өнімділігіне байланысты.