3 Технологиялық процесс – машина мен құралөжабдықтардың жұмыс органдырмен немесе физикалық, химиялық, биологиялық агентермен өнделетін механикалық обьектіге әдейілеп бағытталған барлық әрекеттердің жиынтығы.
Операция – жұмыс орнында /обьектіде/ немесе тура материалда орындалатын механикалық, физикалық және биологиялық құбылыстар комплексі немесе олардың энергиясының өзгерістері.
Технологиялық операция – өнделетін материалдың немесе ортаның қасиетын, күйін, түрі мен формасын өзгертуге арналған әрекеттердің жиынтығы.
Технологиялық схема – технологиялық процестер комплексінің ішнара дамуы мен осы процестердің өзара жалғасуы.
Технологиялық құрылымдық /структурлық/ схема –өндіріс процестерінің комплексы мен технологиялық процестер комплексінің ішінара дамыған және өзара жалғасқан жиынтығы.
Сонда малшаруашылығы өндірісіндегі процес дегеніміз ө белгілі тәртіппен орындалатын операциялардың арқасында адамат қоғамынақажетті өнім /ет, сүт, жұмыртқа, жұн, тері және т.б./ істеп шығару.
Мал өнімдерін өндіру процестерінің құрылымдықөтехнологиялық схемасы 1 суретте келтiрiлген. Мұнда еңбек затын /азық, су және тағы басқа материалдар/ әр түрлі малдар сүтке, етке, жүнге және басқа өнімдерге қайта қайта өндіреді / ұқсатады/. Осыған орай адамдар түрлі мал азық шикізатын тікелей түрде қайта өндемей, осы шикізатты ұқсату үшін әр түрлі малды, құсты қолданады. Содан барып мал бір уақытта еңбек заты және еңбек құралы ретінде қолданылады. Мұның өзі мал шаруашылық өндірісінің өнімдерінің технологиясын екі үлкен ө зооинженерлік /биологиялық/ және инженер ө техникалық /машиналық/ түрге бөлуге болатынын көрсетеді.
Зооинженерлік технологияға мал басын жаңарту мен өнім алу жолдарының өндіріс әдістері кіреді. Мал басын жаңарту әдістерінде малдан өндірілетін өнімге кеткен уақыт ішінде, оларға жұмсалған физикалық, химикалық және биологиялық
өзгерістерге адам жұмысы жұмсалмайды /малдың азықты қорытуы, өсуі, сүттің, жұмыртқаның пайда болуы және басқарлары /.
Өнім алу жолдарындығы өндіріс әдістері бірінен соң бірі үздіқсіз орындалмай малдың физиология жағдайына байланысты болып, табиғи процестер әсерімен әр түрлі уақытқа тоқталады. Осыдан барып малды күтіп бағу жолдарының үздіксіз өндірістік ағынды технологиясын жасау қиындайды.
Инженерөтехникалық технология ағынды өндірістің процестерін анықтайды. Ал бұл процестердің өзі өндірілетін
өнімге жұмсалатын адам еңбегі арқылы сипатталады. Әрбір өндірістік процестер бірөбірімен байланысқан және белгілі кезекпен орындалатын операциялардан тұрады да, мынандай түрлерге бөлінеді: технологиялық /негізгі/ операциялар, транспорт /тасымалдау/ операциялары, процестің орындалуын бақылау, есептеу және басқару қосалқы операциялары.
Кәзіргі ғылымиөтехникалық процесс тұрғысына сәйкес малдан өндірілетін өнімдер өндірісін, биотехника жүйесінің нақтылы көрінетін функцианальды процесі ретінде қараған дұрыс. Сонда мал өнімдерінің өндірісінін жүйелік анализ тұрғысынан түсінгенде, мынандай құрамнан тұратын иерархиялық құрылым түрінде болады деп есептеген жөн: "оператор – машина – жануар ө табиғи орта" Мал шаруашылығындағы көптеген еңбек заттары және олардың әртүрлі физикаөхимиялық қасиеттері, әртүрлі машиналар мен технологиялық жабдықтар комплектілерін қолдануды талап өтеді.
Өндірісті ағынды әдіспен үйымдастырған кездегі алынған өнім осы ағында қолданылатын машиналардың өнімді жұмыс істеуі келесі машиналардың жұмыс істеуіне тығыз байланысты. Барлық жұмыс орындарындағы операциялар бірдей уақыт мөлшерінде орындалып, ол ағынның ритміне тең болуы тиіс. Мысалы «Восточный» шошқа комплексті бір тәулікте ет комбинатына шошқаның тірідей салмағы 112 кг болған іққ бас шошқа өткізеді. Бұл ретте өндіріс ритмінің ұзақтығы бір тәулік болған. Ал енді осы тәулік ішінде өтке
өткізілген әрбір шошқаға кеткен уақыт / әң сағат: іққ шошқа = қ,қү сағат/ такт деп аталады. Ритмге керісінше шаманы ағынның шапшандығы /темпы/ деп атайды да, ол жұмыс процессінің интенсивтігін көрсетеді.
Интенерлікөтехникалық тұрғыдан алғандағы технологиялық процестерде материалдық ағындар негізгі орын алады. Белгілі бір мал өнімін өндіруге арналған материалдар ағынның жиынтығы технологиялық схемалар деп аталады. Мысалы, товарлы – сүт фермасандағы сүт
өндіру технологиялық схемасы іөсуретте көрсетілген.
Ағынның түріне қарай процестер үздіксіз ағын, ағынды – үзілмелі /циклді/ және ағын емес үзілмелі /апериодты/ болып бөленеді. Бірінші процесс түрінде ұзаққа созылатын биологиялық процестер жатады. Мысалы, малдың салмақ қосуы, қойдың жүнінің өсуі, сиырда сүттің пайда болуы және басқалары. Ал енді белгілі бір келісілген уақыт ішінде орындалатын процесс ағындыөүздіксіз болады /азық беру, сауу және басқалары/. Ағындыөүзмелі процестерөүзілмелі /период/ принциппен істейтін машиналарда орындалады /азықты буландыру, араластыру және басқалары/. Ағын емес үзілмелі процестер үздіксіз өтпей, оның тоқтайтын уақыттары әртүрлі болады /апериодты/, мысалы: қораны желдету, малды суару және тағы басқалар.
Фермаларда әлбетте көптеген азық, төсеніш, қи және малдарды тасымалдау процестері жинау түрінде /азық дайындау, шөпті тасу, малды топтау және т.б./, бөлу түрінде / азақты жеткізіп тарату, қиды егінжайға жеткізу және т.б./ және өзіндік тасымал процесі /дайын өнімді сатуға жеткізу, жүктерді сатып алып әкелу және басқалары/ түрінде болады.
Мал фермалары мен комплекстеріндегі материалдықөтехникалық базаның негізгі өлшем тасқынды технологиялық линия /ТТА/ болып саналады. Мұнда мехаикаландыратын және автоматтандыратын жабдықтар ұйымдастыру формасы тұрғысынан ең тиімді пайданаланылады деп есептелінеді. Тасқынды технологиялық линия дегеніміз – алдынөала белгіленген технологиялық процесті кезекпен орындайтын және бұған пайдаланылатын материалдың түрін, мөлшерін немесе пішінін өзгертетін машиналар, агрегаттар мен қондырғылар жүйісі және мал қоралары мен инженерлікөқұрылыс объектілері.
Тасқынды технологиялық линиялардың структурасын жасаған кезде жеке машиналардан тізбек жасағанша агрегаттар, қонырғылар және жабдықтар комплектісін қолданған дұрыс. Агрегат дегеніміз – құрылысы мен жұйісі жағынан бірімен – бірі технологиялық кезекпен жалғасқан машиналардан тұрып, бәріне ортақ рамаға орнатылады /ОЦК – ң, ОЦК – ү, АПК – 10А және басқалары/. Қондырғы дегеніміз – белгілі технологиялық процесті орындыуға арналған агрегат, машина аппаратардан тұрып, барлығы бір фундаментке /түғырға/ орнатылады /ОПФ – 1өәқ, АЗМөқ,үА және басқалары/.
Соңғы кезде жабдықтар комплектісін шығаруға көп көңіл бөллінуде. Жабдықтар комплектісі дегеніміз – бір не бірнеше технологиялық процестерді комплексті механикаландыруға арналған машина, агрегат немесе қондырлардың жиынтығы
Тасқынды технологиялық линиялардың құрылымдық схемасын жасағанда, олардығы барлық қондырлардың орнатылатын орындары дұрыс есептеліп, ал тиімділігін арттыру үшін нақтылы тізбекті агрегаттандыру принципі қолданылуы тиіс.