Оптикалық сәулелендіру энергиясын пайдалану және электрлік технологиялар.
Оптикалық сәулелендіру энергиясын пайдалану және электрлік технологиялар. Қазіргі уақытта мал шаруашылығында электр энергиясы көптеген процестерге пайдаланылады. Мысалы, суды жылтуға, азықты булауға, сүтті пастерлеуге, қора қалыпты микроклимат қалыптастыруға т.б. процестерге көптеген пайдалынады.
Ауыл шаруашылығында кедергілі өткізгішпен ток жүргенде жылу бөліну қасиетіне бағытталған электр қондырғылар жұмыс жасайды. Мұндай жағдайда бөлінетін жылу мөлшері Джоуль-Ленц заңымен анықталады.
Q= J2 r t ,
мұнда Q – жылу мөлшері, Дж;
r - материал мен ортаның кедергісі, Ом;
t - токтың жүру уақыты, с.
Мұнда бірінші жағдайда өткізгіш ретінде қыздырылатын ортаның өзі, яғни су, сүт және тағы басқалар алынады, ал екінші жағдай ток кедергілі материал арқылы жүріп, ол қызып, осы қызу ортаға беріледі.
Қыздырылатын ортамен ток жүргізу арқылы қозғалатын жағдайда, мұндай қондырғылардағы екі электрод айнымалы ток тізбегіне жалғайды, қыздырылатын орта арқылы ток жүреді де ортаны қыздырады. Мұндай қыздыру әдісін электродты қыздыру деп атайды. Электродты қыздырғыш қондырғылар негізінен су қыздыруға пайдалынады. Мұндай қондырғылардың құрылысы қарапайым бірақ олардың мынандай кемшіліктері бар.
Біріншіден судың температурасы жоғарлаған сайын оған керекті қуат арта түседі. Бұл жағдайдың себебі су қызған сайын оның меншікті кедергі азая түседі де қыздыру уақыты көбейе береді, яғни қуат пайдалану арта түседі.
Екінші адамды малды ток соғу қаупы бар. Қазіргі уақытта ортаны қыздырылған элементтер арқылы қыздыру әдісіде кеңінен қолданылады. Қыздырылатын элемент материалының мынандай қасиеті болуы керек: меншікті кедергі бірлігі үлкен, балқу температурасы жоғары, жылулық кедергі коэффициенті аз және қышқылдану реакциясына түспейтін болуы керек.
Су қыздырғыш термос ВЭТ суды белгілі бір температураға дейін қыздыруға арналған. Қыздырғыш элемент құбыр типтес электр қыздырғыштардан (ТЭН) тұрады.
220 вольттың электр тогымен қыздырылады.
1 - сүрет - ВЭТ су қыздырғыш-термосының жобасы.
Достарыңызбен бөлісу: |