Дәріс №1 Мектепке дейінгі білім берудегі инновациялар



бет2/2
Дата07.02.2022
өлшемі82,78 Kb.
#93856
1   2
Байланысты:
1-Дәріс

1-ші Дәріске қосымша
XXI ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технологиялық бағытты дамыту мақсатымен атауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады.Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды деп дана халқымыз бекерден бекер айтпаса керек.
Инновациялық технологиялар – бұл білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің: оқу – тәрбие процесін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамасымен байланысқан жаңа міндеттерінің, мазмұнының, формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда әр позиция басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында баланың дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды.
Қоғамда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мен еліміздің білім беру саласының әлемдік білім кеңістігіне өтуі білім беру саласында, соның ішінде мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға уақыт талабына сай өзгерістер енгізуді талап етіп отыр.
Қазіргі кезеңде білім саласында инновациялық педагогикалық технологиялар қаншалықты маңызды болса, мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуде де педагогикалық технологиялар ұғымы кеңінен қолданылатын ұғымдардың біріне айналды. Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып отыр.
Сондықтан мектепке дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеудің негізгі мақсаты – баланың жеке басының қалыптасуы мен дамуы болып отыр.
Жаңа заман баласы ертеңгі еліміздің болашағы. Жаңа заман баласын қалыптастырып, дамыту үшін, тұлғаның ішкі дүниесі мен оның қыр сырын анықтап, мүмкіншіліктері мен қабілетінің дамуына жағдай туғызу қажет.
Әрине, мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде балалардың жеке басының қалыптасуы мен дамуы педагогтардың педагогикалық технологияларды қолдана білу сауаттылығына да байланысты.
Сонымен қатар, мектепке дейінгі мекемелерде инновациялық білім беру құралдарын қолданудың да маңызы зор. Инновациялық білім беру құралдарына: аудио, видео құралдар, компьютер, интерактивті тақта, интернет, мультимедиялық құрал, электрондық оқулықтар мен оқу әдістемелік кешендер, инновациялық сайт және тағы басқалары жатады. Қазіргі таңда көптеген интерактивтік бағдарламалық бөлімдер, қозғалмалы объектілер құруға мүмкіндік беретін векторлық және графикалық жабдықтар көптеп шығып қолданыс табуда.
Осындай құралдардың бірі-мультимедиялық оқулықтарды балабақшаларда кеңінен пайдалану. Бұл жағдайда тәрбиеші әр оқу іс-әрекеттерін бастар алдында жиі көрнекіліктер ауыстырмаған болар еді.
Ал, мультимедиялық оқулықтар арқылы тәрбиеші уақытты тиімді және ұтымды пайдаланар еді.
Балабақша баласына мультимедиялық оқулықтар біріншіден, балалардың қызығушылығын арттырады, екіншіден, зейін қойып көрумен қатар түсінбеген жерлерін қайта көруге мүмкіндік алады. Мультимедиялық оқулықтар балабақшада балаларға арналған таптырмас құрал болып табылады.
Өйткені, балалардың зейіні әр түрлі әдемі түстерге, ойыншықтарға, әдемі суреттерге, әсемдікке әуес болады.
Мультимедиялық электронды оқулықтар бала үшін де, тәрбиеші үшін де күнде дамытылып отыратын анық түрдегі әдістемелік жүйе болып табылады.
Мектепке дейінгі мекемелерде ақпараттық қатынастық технология құралдарын қолданудағы мақсаты — баланың танымдық қызығушылығын қалыптастыру. Балада танымдық қызығушылықтың болуы олардың оқу іс-әрекеттерге белсенді, білімінің сапалы болуына, жағымды мінез құлықтарын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Дамыған елдердегі білім беру жүйесіндегі ерекше маңызды болып табылатын мәселелердің бірі – оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану болып табылады. Қазіргі таңда да елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті құру тәртібінен түспей отырғандығы мәлім. Қай заманда да өркениеттің дамуы интеллектуалдық шығармашылық қабілеттіліктің негізінде жасаған, әлі де солай болып келеді. Шығармашылық адам санасынының жасампаздығын және іс-әрекетінің биік белсенділігін көрсетеді. Адам қабілетінің дәрежесі, оның кәсіби іскерлік шеберлігі, бизнес пен кәсіпкерліктің нәтижелілігі, жаңалық ашуы тұлғаның шығармашылық ойлауына қатысты анықталады.
Қазіргі таңда дәстүрлі оқыту әдістемесінің заман талабына сай толық білім беруге, меңгеруге кепілдік бермейтіндігін мектеп тәжірибесі көрсетіп отыр. Сондықтан жаңартылған әдістемелік жүйенің оқыту процесінде іске асу үшін оны технологияландыру қажеттілігі туады.
Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігін жоғарлатуды көздейді.
Оқу процесінде компьютерлік технологияны қолдану ойды кеңейтуді іске асырып жаңа әдістің пайда болуына, оның ұйымдастыру түріне әкеледі. Білім беруді ақпараттандыру барысында дидактикалық және оқыту құралы болып табылатын компьютер. Бүгінгі мектепке келіп жатқан техникалық жаңалықтардың ішіндегі айрықша орын алатыны – интерактивті тақталар – педагогтардың оқыту үрдісін көрнекі, анық етеді, сондай-ақ, кері байланысты сапалы жүзеге асырады.
Интерактивті тақтамен жұмыс істеудің мұғалім үшін артықшылығы:
1.Мұғалімге жаңа материалды сынып ортасында тұрып түсіндіруге мүмкіндік береді;
2.Кез-келген қосымшалардың үстіне сурет салуға және жазба жазуға мүмкіндік береді;
3.Артық уақыт, күш-жігер жұмсамай тақтадағы кескінді, сабақ уақытында жасалған жазбаларды сақтауға және баспаға беруге және материалды қабылдау деңгейін тексеруді жеңілдетеді;
4.Мұғалімдерді оқытудың жаңа түрлерін іздеуге, кәсіби шеберлікке ынталандырады.
Балалар үшін интерактивті тақтамен жұмыс істеудің артықшылығы:
1.Сабақты қызықты етеді және мотивациясын дамытады;
2..Ұжымдық жұмысқа қатысуға, жеке және әлеуметтік дағдыларын дамытуға көп мүмкіндік береді;
3.Оқыту материалының түсінікті, тиімді және өзгермелі берілуінің арқасында оқушылар қиын сұрақтарды жеңіл және тез қабылдайды.
4.Оқушылар шығармашыл түрде жұмыс істей бастайды және оздеріне деген сенімі арта түседі.
Бірақта тақта — тек қана құрал, ал оқыту үрдісінің тиімділігі көбінесе мұғалімнің шеберлігі мен арнаулы программалық қамсыздандырудың сапасына байланысты екенін естен шығармағанымыз жөн. Осылайша, интерактивті тақтаны қолдану оқу үрдісін кемелдендіруге жаңа мүмкіндік береді.
Бағдарламалық – ақпараттық жиынтық «Интерактивтік тақта» дегеніміз бұл:

  • экрандық кесікіндердің графикалық түсініктемелерін беру;

  • бір мезгілде сыныптың барлық оқушыларының істеген жұмысына сараптама жүргізуге және тексеруге мүмкіндік туғызады;

  • табиғи амалмен (ұсынылатын ақпарат ағынын арттыру есебінен) сыныпта оқушылардың оқу жүктемесін арттырады;

  • оқытуға жаңа құлшыныстың алғы шарттарын дайындайды;

  • сұхбатқа құрылған оқытуды жүргізеді;

  • кей әдістерді пайдаланып, қарқынды әдістеме бойынша оқытады.

Интерактивті тақтаны оқу үрдісінде пайдалану нәтижесі:

  • Оқушыларға тақырып шеңберінде немесе белгілі бір уақыт аралығында айтылуға тиіс мәліметтер көлемі ұлғайды.

  • Оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, дағды, зейін т.б. дамиды.

  • Тақырыптан қалып кеткен немесе дұрыс түсінбеген оқушыларға тақырыпты қосымша қайталауға мүмкіндік беріледі.

  • Сурет, сызбалар, дыбыстық әсерлер, қимыл анимациялары іске асырылады.

  • Дидактикалық материал қоры ұлғайды. Жасалған файлдар белгілі бір форматпен сақталып оқушыға электрондық пошта арқылы жіберуге болады.

  • Электрондық оқулықты, интернет желісін сабақта, сабақтан тыс жұмыстарда, сонымен қатар олимпиадаға оқушылар дайындағанда қолданылады .

Интерактивті тақта кіші жастағы балаларда оқуға, жаңа білім алуға деген құштарлық туғызады. Интерактивті тақта ақпаратты кеңінен ұсыну құралы болып келеді және баланың мотивациясын күшейтеді.
Мультимедиалық технологияларды пайдалану арқылы (түс, графика, дыбыс, заманауи видеотехникалық құралдар) түрлі жағдайлар мен ортаны моделдеуге болады. Мультимедиалық бағдарламаларға еңгізілген ойын компоненттері үйренушінің таңымдық әрекетін белсендіреді және материалды ұғынуды күшейтеді.
Ақпараттық мәдениетке бейімдеу – ол тек ғана компьютерлік сауаттылық емес, соңымен қатар этикалық, эстетикалық және интеллектуальдық сезімін меңгеруі болып табылады. Балалардың оңай түрде түрлі электронды, компьютерлік жаңалықтармен жұмыстана білу тәсілдерін меңгеруі сөзсіз. Мектепке дейінгі ересек жастағы балада ырықсыз зейіні жақсы дамығаны белгілі, бірақ балаға ақпарат қызықты, көрнекілік болғанда зейіні жинақталатыны, жағымды эмоциялар туғызатыны да белгілі. Компьютерді біріккен және өзбетімен әрекеттенуде қолдану баланың мотивациясын көтеру және оқуға деген жекелендіруінің бір тиімді тәсілі болып келеді, шығармашылық қабілеттерін дамытады және жағымды эмоциялық фон туғызады. Мектепке дейінгі мекемелерде ақпараттық технологияны пайдалану балаларда қоршаған ортаның ақпарат ағымын бағдарлай білу дағдыларын дамытуға, ақпаратпен жұмыстанудың практикалық тәсілдерін меңгеруге көмектеседі, заманауи техникалық құралдар арқылы ақпаратпен бөлісу дағдыларын дамытады. Оқу іс-әрекеттерінде ақпараттық технологияны пайдалану түсіндірмелі-иллюстративтік оқыту тәсілінен гөрі әрекет жасауға көшу мүмкіндігін береді, мектепке дейінгі балаларды саналы білім алуға әкеледі.
Оқытуда интерактивті кешендерді пайдалану сапалы, қызықты және оңтайлы болып келеді. Электрондық мультимедиялық бағдарламаларды дәстүрлі оқыту және педагогикалық инновациялармен қатар, оқыту үрдісінде үнемі қолдану дайындығы әртүрлі деңгейдегі балаларды оқыту тиімділігін көтереді. Бірнеше технологияларды пайдаланудың әсері оқыту нәтижесінің сапасын күшейтеді.
Электрондық жүйеде оқытуда мультимедияны пайдалану, балаларға ақпаратты беру жылдамдығын, оны түсінуді көтеріп ғана қоймай, соңымен қатар мынандай маңызды сапаларды интуиция, образдық ойлауын дамытады.
Мектепке дейінгі мекемеде интерактивті тақтаны пайдалану тәсілдері өте көп. Бұлар презентациялар, интерактивті оқыту бағдарламалары, графикалық, бағдарламалық орталықтарда жобалар құрастыру.
Сонымен интерактивті оқыту технологиясының басты ерекшелігі оқушы оқыту үрдісінің пассивті тыңдаушысы емес, белсенді қатысушысы, керек қажетті материалмен тікелей жұмыс істеуші. Бұған қазіргі оқытудың жаңа технологиясы мүмкіндік беріп отыр. Ал басты мақсаты оқушының ойлау, табу, шешу қабілеттерін дамыту болып табылатын математика пәні үшін озық технологияның орны ерекше. Сондықтан да орта мектептегі математиканы оқыту әдістемесі жаңа әдіс, амалдармен толығуда. Бұл әдістерді қайталау, бекіту, жаңа тақырыпты түсіндіру сабақтарында еркін пайдалануға болады.
Біз бейбіт елде, мемлекеттік білімді жетілдіруге аса мән берген елде тұрамыз. Жалпы білім берудің мақсаты – терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін – өзі дамытуға адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдерді қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру, яғни жеке тұлғаны қалыптастыруға негізделген, ақпаратты технологияны терең меңгерген, жылдам өзгеріп жататын бүгінгі заманға лайықты, жаңашыл тұлғаны қалыптастыру.
Сонымен ғылым мен техниканың даму ғасырында мұғалім инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдануда сабақты дайын күйінде бағалайды, оқушының өзі ізденіп, ғылыми зерттеуді көздейді, ал мғалімнің міндетіне оқушының іс-әректіне бақылау ғана жатады.
Оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың инновациялықәдіс-тәсілдерін қолданып, оқушының жеке тұлға тұрғысынан қарастыратын болса, оқытудың сапалы болатындығын және ең негізгісі оқушылардың пәнге деген қызығуы мен жауапкершілігі, өз бетімен жұмыс істеу ынтасы, ізденушілік– шығармашылық, зерттеушіліу қабілеттері артады. Ендеше әрбір жаңашыл педагог оқу үрдісінде түрлі инновациялық және интерактивтік әдістемелерді пайдалан білсе, сабақ сапасының жақсара түсетіні сөзсіз.
Әдебиеттер:
— Б.Б.Аккуланова «Ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы білім беру деңгейін көтеру.
— Н.Исабек «Компьютерлік технологияны пайдаланудың оңтайлы өлшемдері».
— Сайт бетінен М.Қиятовна «Баланың тілін дамытудағы ойынның маңызы» атты мақаласы.
— Сайт бетінен Б.С.Кожанова «Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде педагогикалық технологияларды қолдану» атты мақаласы.
— ACTIVstudio
— «Математика және физика» журналы №6 2009 ж.
— «Информатика негіздері» журналы №4 2008 ж.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет