Дәріс №1 Тақырыбы: Әкімшілік құқықтың түсінігі,пәні және әдістері. Әкімшілік құқықтың түсінігі және ерекшеліктері


Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулы шығару



бет55/56
Дата03.12.2022
өлшемі241,68 Kb.
#161072
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56
Байланысты:
Лекция әкім.құқ

3.Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулы шығару- уәкілетті орган қараудың нәтижесі бойынша қаулы шығарады, қаулыда мыналар көрсетілуі тиіс: қаулы шығарған органның
аты, іс қаралған күн, іс бойынша шешім шығарған адамға қатысты мәліметтер, қаралған кезде анықталған мән-жайлардың баяндалуы,осы әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауаптылық көзделген нормативтік актіге сілтеме, іс бойынша қабылдаған шешім, қаулыға шағым келтірудің тәртібі мен мерзімі.
Іс бойынша қаулы екі түрлі болады:
-әкімшілік жаза беру туралы;
-іс өндірісін қысқарту туралы;
Іс бойынша өндірісті болдырмайтын мән жағдайлар барда ,сондай-ақ басқа да мән-жайларға байланысты әс өндірісін қысқарту туралы қаулы шығарады.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдар туралы бұдан бұрынырақ айтылғандықтан, әкімшілік іс жүргізудің өзге қатысушыларына тоқталайық, оларға: өзі жөнінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізіліп жатқан адам, жәбірленуші, жеке адамның және заңды тұлғаның заңды өкілдері, қорғаушы, жәбірленушінің өкілі, куә, куәгер, маман, сарапшы, аудармашы, прокурор.Әкімшілік іс жүргізудің бұл қатысушыларының процессуалдық құқықтары мен міндеттеріне ерекше көңіл аударылған.
Өзі жөнінде іс жүрізіліп жатқан адам- істің барлық материалдарымен танысуға,түсініктеме беруге, дәлелдемелер табыс етуге, өтініш және қарсылық мәлімдеуге құқылы.
4.Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша шығарылған қаулыға шағым және наразылық келтіру дегеніміз өндірістің факультативті сатысы болып табылады.Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша шығарылған қаулыға шағымды өзіне қатысты қаулы шығарылған адам, сондай-ақ жәбірленуші келтіреді.Уәкілетті органның қаулысына жоғарғы тұрған органға, не сотқа шағымдануға болады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға прокурор наразылық келтіруі мүмкін.Мамандандырылған әкімшілік соттар және аудандық соттар судьяларының жаза қолдану туралы қаулысына жоғары тұрған сотқа шағым беруі, наразылық білдіруі мүмкін, лауазымды адамдар шығарған қаулыға жоғары тұрған органға немесе орган тұрған жер бойынша аудандық және оған теңестірілген сотқа шағым беріліп, наразылық келтіруі мүмкін.Белгіленген мерзімде берілген шағым және прокурордың наразылығы қаулының орындалуын наразылық қаралғанша тоқтата тұрады.Шағымның немесе наразылықтың қаралу мерзімі -10 күн, шағымды не наразылықты қараушы орган шығарылған қаулының заңдылығын және дәлелдігін тексеруге, істің мән-жайын жан жақты зерттеуге міндетті.Содан кейін ол мына шешімдердің біреуін қабылдайды:1) қаулы өзгеріссіз,ал шағым қанағаттандырусыз қалдырады; 2) қаулы бұзылады, ал іс қайта қарауға жіберіледі; 3) қаулы бұзылады, іс қысқарады; 4) жазалау шарасы өзгереді, бірақ ол күшеймейді.Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іске қатысты қаулыға келтірілген шағым бойынша шешімге қадағалау тәртібіне прокурор, ал аудандық соттың шешіміне, сонымен қатар жоғары тұрған сот тқрағасы наразылық келтіре алады.
5.Қабылданған шешімді орындау- әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша өндірістің ақырғы сатысы. Әкімшілік жаза беру туралы қаулы барлық мемлекеттік және қоғамдық органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың орындауы үшін міндетті болып табылады.Әкімшілік жаза беру туралы қаулының орындалуын бақылау міндетін оны шығарған орган өзіне алады.Ескерту түріндегі әкімшілік жаза беру туралы қаулыны оны шығарған орган,іс біткен бойда, ескертуді жариялау арқылы орындайды.Егер шешім құқық бұзушылық жоқ кезде шығарылса,онда қаулының көшірмесі оған 3 күн мерзімде тапсырылуы тиіс.Егер айыппұл салу туралы қаулы шығарылса, онда айыппұлды құқық бұзушы өзіне қаулының көшірмесі тапсырылғаннан кейін 15 күннен кешіктірілмей төлеуі тиіс.Әуімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексте айыппұл белгіленген мерзімде төленбесе оны азаматтық іс жүрзізу ережелеріне сәйкес құқық бұзушының жалақысынан мәжбүрлеп өндіру көзделген.Заттың өтемін алып қою немесе тәркілеу туралы қаулыны сот орындаушысы, ал қару жөнінде – ішкі істер органы орындайды.Арнайы құқықтан айыру туралы қаулының орындалуы жүргізуші куәлігін немесе аңшы билетін белгілі бір мерзімге алу арқылы жүргізіледі. Арнайы құқықтан айыру мерзімі өткеннен кейін, әкімшілік жазаға ұшыраған адамға алынған құжаттары белгіленген тәртіпте қайтарып беріледі.Әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулыны ішкі істер органдары бірдей орындайды.Әкімшілік қамауға алынған адам ішкі істер органдары белгіленген орында, қамауға алынған басқа санаттағы адамдардан оқшау ұсталады.Әкімшілік ұстау мерзімі әкімшілік қамау мерзіміне кіреді.
Қамауға алу туралы қаулыны ішкі істер органдары орындайды.Қ.Р. –дағы шетелдіктер мен азамтьтығы жоқ адамдарды әкімшілік жолмен шығарып жіберу туралы қаулыны өздерінің құзыретіне жатқызылған құқық бұзушылықтар бойынша шекара қызметі органдары және ішкі істер органдары орындайды.Шетелдіктер не азаматтығы жоқ адамдарды аумағынан аталған адам шығарып жіберілетін шет мемлекет өкіметінің өкіліне ресми беру не Қ.Р.-нан шығарып жіберілетін адамға бақылау жасалына отырып, өз бетімен кетуі арқылы жүргізіледі.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуге қатысушылардың құқықтары:


Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Іс Жүргізуге қатысушы адамдар

Қатысушылардың құқықтары мен міндеттері:

Әкімшілік іс өзіне қатысты іс жүргізілген «тұлға», адам

Іс құжаттарымен танысуға, түсініктеме беруге , дәлелдеме ұсынуға, өтініш жасауға, қорғаушының көмегіне жүгінуге, өз тілінде сөйлесуге және тілмәш алуға, іс бойынша қаулыға шағым келтіруге;

Жәбірленуші- дене не мүлік зақымын көрген адам

Істің материалдарымен танысуға, дәлелдемелер ұсынуға, түсініктеме беруге, өтініш жасауға, процес бойынша қаулыға шағым келтіруге;

Заңды өкілдер-әкімшілік құқық бұзушылық туралы істе өздеріне қатысты іс жүргізілген адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асырушы адамдар

Ата-аналары мен қамқоршылары балалардың мүдделерін білдіреді,процеске қатысуға құқылы, заңды тұлғалардың өкілдеріпроцеске қатысуға құқылы, бұлар іс құжаттарымен танысады, өтініш жасайды, қаулыға шағым келтіреді;

Қорғаушы-әкімшілік жауапкершілікке тартылатын адамның құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын адамдар

Істің құжаттарымен танысады, түсініктеме береді, істің қараллуына қатысады, өтініш жасайды, өзін шақырған адамның тапсырмасымен және оның атынан істі қараған органның қаулысына шағым келтіреді;

Куә-осы іс бойынша анықтауға жататын қандай да бір мән-жайлар белгілі болуы мүмкін адам

Шақырту бойынша көрсетілген жерге және уақытта келеді, дұрыс жауап береді, өзіне қойылған сұраққа тиісінше жауап береді;

Сарапшыны істі жүргізуші лауазымды адам арнаулы білім қажет болғанда тағайындайды, арнаулы емес істің нәтижесіне мүдделі емес адамды тарту



Процестің материалдарымен танысады, қорытынды жасау үшін қажетті материалдар берілуіне өтініш жасайды, істі қараушы органның рұқсатымен жауапқа тартылатын адамға, куәлерге, жәбірленушіге сараптама затына қатысты сұрақ қояды;

Тілмәшті істі жүргізуші орган тағйындайды



Шақырғанда келеді, өзіне тапсырған аударманы толық және дұрыс орындайды;

Куәгер-көз алдындағы нәрсені дұрыс ұғына алатын, істің нәтижесіне мүдделі емес кәмелетке толмаған адам

Іс жүргізуге қатысады, Шақырғанда келеді, әрекеттің жасалған фактісін хаттамаға қол қойып растайды

Әкімшілік процесте толық қанды субъектісі болып қатысу үшін азаматтың әкімшілік құқық қабілеттілігімен тығыз байланысты әкімшілік процессуалдық құқық қабілеттілігі болуы қажет. Сондықтан азамат, егер оның құқығын, міндетін, заңмен қорғалатын мүддесіне қатысты жағдайдың бәрінде олар әкімшілік процестің тарабы бола алады.


Азаматтардың әкімшілік-процессуалдық әрекет қабілеттілігі материалды қатынастардың мазмұнынан (тұрғын үй, еңбек, салық, әкімшілік, тәртіптік) туындауына байланысты анықталады.
Әкімшілік жауапкершілікке 16 жасқа толған әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғалар тартылады. Бұл жағдайда әкімшілік процесте жақтың шектеуі әрекет қабілеттікті көрсетеді. Әкімшілік-процессуалдық құқық қабілеттілік көп жағдайда азаматтық-процессуалдыққа ұқсайды.
Процеске оның бір тарабы ретінде қатысатын азаматтардың әкімшілік-процессуалдық статусы екі негізгі заңды белгілермен анықталады:
1) істің негізінде заңды мүдделі болуы;
2) азаматқа нақты әкімшілік іс бойынша қабылданған шешімнің барлық құқықтың салдарлары таралады.
Әкімшілік процесте азаматтың жағдайы басқару аппатары мен жеке азаматтың арасындағы өзара қатынастарының ерекшелігімен анықталады. Атқарушы органдар, лауазымды тұлғалардың және ааматтардың арасындағы қатынастар құқықтарын жүзеге асыру бойынша азаматтардың ынтасы бойынша туындайды.
Азаматтардың міндеттерін орындауы бойынша қатынастар азаматтардың өзінің ынтасы бойынша, сондай-ақ сәйкес атқарушы билік органдарының ынтасы бойынша да қалыптасуы мүмкін.
Азаматтардың қатысуымен болатын іс жүргізудің ерекшелігі төменгі басқару органдарын және лауазымды тұлғалардың шешімдері мен әрекеттерін жоғары органдарға немесе сотқа шағым жасау кезінде кіргізу, сонымен қатар қоғамның процестің барлық кезеңдеріне (стадияларына) белсенді қатысуы болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет