Дәріс №1 Тақырыбы: Әкімшілік құқықтың түсінігі,пәні және әдістері. Әкімшілік құқықтың түсінігі және ерекшеліктері



бет29/56
Дата03.12.2022
өлшемі241,68 Kb.
#161072
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   56
Байланысты:
Лекция әкім.құқ

Саяси партиялар туралы ҚР – ның 2002ж. 15-шілдедегі заңы саяси партияларды құрудың құқықтық негіздерін, олардың құқықтары мен міндеттерін, қызметінің кепілдіктерін белгілейді,мемлекеттік органдармен және басқа ұйымдармен қатынастарын реттейді.
Азаматтардың, әр түрлі әлеуметтік топтардың мүдделерін мемлекеттік биліктің өкілді және атқарушы, жергілікті өзін – өзі басқару органдарында білдіру және оларды қалыптастыру ісіне қатысу мақсатында олардың саяси еркін білдіретін ҚР – сы азаматтарының ерікті бірлестігі саяси партия деп танылады. Саяси партия саны бір мың адамнан кем емес, саяси партияның құрылиай съезін шақыратын және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың үштен екісінің атынан өкілдік ететін ҚР – сы азаматтары тобының бастамасы бойынша құрылады.
Заңда миссионерлік қызметтің ұғымы мен есептік тіркеу тәртібі белгіленген. Миссионерлік қызмет – өз қызметін ҚР – ның аумағында жүзеге асыратын діни бірлестіктердің жарғылық ережелерінде жоқ діни сенімді діни ағартушылық қызмет арқылы уағыздау және тарату. ҚР – ның азаматтары, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар (миссионерлер) ҚР-ның аумағында миссионерлік қызметті жергілікті атқарушы органда есептік тіркеуден өткеннен кейін жүзеге асырады. Миссионерлер есептік тіркеу үшін атқарушы органға заңда белгіленген құжаттар мен материалдарды ұсынады.


Қолданылған әдебиеттер:

  1. Қазақ КСР-ның әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі.Алматы:Баспа.2000.

  2. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі.Алматы.1995

  3. «Әкімшілік процедуралар туралы»Қазақстан Республикасының 27 қараша 2000 жылғы № 107-11 Заңы.

  4. Қазақстан Республикасының Конституциясы.Алматы.Баспа.1995.

  5. 1998 жылғы 27 наурыздағы «Норматитік құқықтық актілер туралы»Қазақстан Республикасының Заңы,№ 213-1, «Құқықтық нормативтік актілер туралы» Қазақстан Республикасының 6 наурыз 2002 жылғы № 298-11 Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР-ның Заңы.

  6. Таранов А.А.Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы.Академиялық курс.Алматы.2003.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет