Дәріс №1 Тақырыбы: Әкімшілік құқықтың түсінігі,пәні және әдістері. Әкімшілік құқықтың түсінігі және ерекшеліктері


Мемлекеттік басқарудың нысаны дегеніміз -



бет35/56
Дата04.10.2022
өлшемі187,43 Kb.
#151529
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   56
Байланысты:
Лекция Адм право

Мемлекеттік басқарудың нысаны дегеніміз - атқарушы билік органының (лауазымды адамның) өзінің құзіретінің шеңберінде жүзеге асырылған және белгілі бір салдарлар туғызатын қызметінің сыртқы көрінісі.
Мемлекеттік басқару аясында көптеген адамдардың, ұйымдар мен органдардың қызметі жүзеге асырылады. Бұл аяда атқарушы биліктің міндеттері, функциялары мен өкілеттіктері жүзеге асырылатын болғандықтан, мемлекеттік биліктің бұл тармағының субьектілері қызметі нысандарының проблемасы бірінші орынға шығады. Осы нысандарды білу арқылы мемлекеттік – басқарушылық қызметтің өзін - әкімшілік құқықтың негізгі субьектісін тереңірек түсінуге мүмкіндік туады.
Мемлекттік билік өзінің кез-келген көрінісінде өзіне-өзі іске асырылмайтыны белгілі. Өзін заң шығару, сот, атқару түрінде көрсету үшін ол іс-әрекет жасау керек. Нақ осындай іс-әрекеттерде биліктің осы тармағының тиісті субьектілерінің мазмұны мен мақсат – міндеті көрініс табады.
Атқарушы органдар (лауазымды адамдар) өзінің күнделікті практикалық қызметінде әр түрлі іс-әрекеттер жасайды. Сонымен бірге тиісті органның немесе оның өкілілінің (лауазымды адамының) құзіреті олардың қандайда болмасын нақты басқарушылық жағдайларда қандайда да бір іс -әрекеттер жасауының мүмкіндігін айқындайды.
Атқарушы органдардың біреулері заңға тәуелді құқықтық нормалар, яғни мемлекеттік басқару аясындағы немесе оның жекелеген учаскелеріндегі мінез- құлық ережелерін белгілеуге құқылы; басқаларына басқарушылық қатынастардың қандай да бір қатысушыларына арналған нақты заңдық биліктік нұсқамалар беру немесе тыйымдар салу құқығы берілген; үшіншілеріне бақылау – қадағалау функцияларын жүзеге асыру жөнінде өкілеттіктер берілген, т.с.с.
Сонымен бірге олардың бәрі өзінің жұмысын немесе бағынысты қызметшілердің жұмысын ұйымдастыру мақсатында іс-әрекеттер жасайды; олардың бәрі әр түрлі нұсқаларда азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің тілектерін қанағаттандырады, әр түрлі өтініштерін (мысалы, азаматтардың арыздары мен шағымдарын) қарап шешеді.
Сөйтіп қандай да бір көлемде мемлекеттік басқарушылық қызметте жүзеге асыруға арналған құзіретті, сондықтан да өкілетті субьект ретінде өзін көрсететін мүмкіндігі шындыққа айналады. Демек, атқарушы органдардың (лауазымды адамдардың) жасайтын іс- әрекеттерінде олар үшін белгіленген құзырет шын мәнінде іске асырылады, яғни тап сол өзінің сыртқы көрінісін табады. Оны жүзеге асыру жөніндегі іс-әрекеттер барлық басқарушылық міндеттер мен функцияларды шешудің қажетті құралы.
Аталған субектілердің істейтін әр түрлі іс - әрекеттері, шын мәнінде, басқару жөніндегі қызметтің мазмұнын білдіреді, басқарушылық міндеттердің іс жүзінде қалай шешіліп жатқаны, яғни мемлекеттік басқарушылық қызметтің қалай жүзеге асырылып жатқаны туралы мағұлмат береді.
Атқарушы билік органдары өздерінің функцияларын тікелей мемлекет атынан жүзеге асыратын болғандықтан, олардын сырт көрнісі болатын іс-қимылдары құқық пен реттеледі. Қандай да бір органның құқықтық жағдайын айқындайтын әкімшілік құқықтық нормалар шындығында оның қызметінің нысанын да айқындайды сөйтіп олардың бәрі атқарушы билікті іске асыру процесінің мүлдесіне бағынады.
Жоғарда айтылғандар басқарушылық қызметтің нысаны (басқарудың нысаны) деп не түсініледі деген сұраққа жауап беруге мүмкіндік береді. Ол атқарушы органның (лауазымды адамның) өзінің құзіретінің шегінде жүзеге асыратын және белгілі бір салдарлар туғызатын сырт көрінісі бар іс-әрекеті болып табылады.
Бұл органдардың (адамдардың) нақты іс - әрекеттері өзінің сипаты, мақсат-міндеті және олардың тудыратын салдарлары бойынша айтарлықтай әр түрлі.
Бұл орайда атқарушы биліктің қандай да бір субьектісінің тиісті обьектіге тікелей басқарушылық ықпал жасауы көрініс табатын нысандар алғы шепке шығады. Басқаша айтқанда, сырт көрінісі болуын бірінші кезекте сыртқы басқарушылық функциялар қажет етеді. Бұл түсінікте де, өйткені басқаша басқарудың мақсатына қол жеткізу мүмкін болмайды.
Бірақ атқарушы органдар тікелей басқарушылық ықпал жасаудың сыртқы сипатын білдірмейтін көптеген іс - әрекеттерді жүзеге асырады (осынндай ықпал жасауды әзірлеуді қамтамасыз ету, іске асырылған ықпал жасаудың нәтижелері туралы ақпараттар жинау, т.с.с.). Бұлар ішкі ұйымдастыру іс - әрекеттері. Сонымен, басқарудың нысандарын саралаған кезде олардың;

  1. атқарушы билікті іске асыру нысандары;

  2. ішкі аппараттық сипаты бар қызметтің нысандары рөлінде болатындарын ескеру керек.

Біріншілері, сырттай заңдық ықпал жасауды тікелей білдіреді. Олар бақарудың нақ өз мәніндегі нысандары болып табылады.
Екіншілері, атқарушы органдардың (лауазымды адамдардың) тікелей басқарушылық ықпал жасайтын сипаты болмайтын іс әрекеттерінің бүкіл жиынтығы бола отырып, басқарудың кең мағынадағы нысандары болып табылады. Соған қарамастан олардың үлкен маңызы бар, өйткені ішкі ұйымдастыру жұмысы өзін - өзі ұйымдастыру қажетті деңгейде болмайынша атқарушы билік субьектісі атқарушы биліктің өзін нәтижелі және тиімді етіп жүзеге асыра алмайды.
Әкімшілік- құқықтық сөздік қорда «нысан» атауының тағы бір түрін қолдану кездеседі. Бұл басқарудың ұйымдық –құқықтық нысандары. Олардың қаралып отырған басқару нысандарынан айырмашылығы, олар ретінде қандай да болмасын бір қызмет аумағында не аясында жұмыс істейтін атқарушы билік органдарының әрқилы түрлері түсініледі. Мысалы, бұл ретте салааралық құзіреттің тиісті көлемі берілген атқарушы органдарды жобалап түсіне отырып, салааралық басқарудың ұйымдық – құқықтық нысандары туралы айтуға болады. Осындай жобада мелекеттік басқарудың ұйымдық – құқықтық нысандары, мысалы, сауданы, денсаулық сақтауды және басқа обьектілерді басқару туралы айтады.

Мемлекеттьік басқарудың туғызатын салдарына байланысты нысанның түрлері






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет