Дәріс №1 Тақырыбы: Жұқпалы аурулар туралы жалпы түсінік. Инфекциялық қызмет құрылымы. Жұқпалы аурулардың диагностикасы және емі, алдын алу принциптері. Жұқпалы ауруханасының құрылымы, жұмыс тәртібі, науқастарды ауруханаға жатқызу тәртібі



бет44/61
Дата04.10.2023
өлшемі152,04 Kb.
#183681
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   61
Байланысты:
дәріс кешені (аудитория)ЛД,жұқпалы аурулар,20212022ж

Туляремия
(лат. Ағыл. Нем. Орыс.- туляремия) –бактериялды, зоонозды табиғи ошақты, қоздырғышы әр түрлі механизмдермен берілетін, лимфа түйіндерінің, терінің басқа ағзалардың зақымдануымен ауыр интоксикациямен сипатталатын жұқпалы ауру.
Аурудың клиникалық маңызы жиі септицемия түрінде кездесетін ауыр ағымына, эпидемиологиялық маңызы әр түрлі географиялық белдеулердегі кең таралған табиғи ошақтылығына, індетке қарсы шараларды жүргізудің күрделігіне байланысты.
Этиологиясы. Аурудың қоздырғышы – Francisella tularensis – көлемі 0,1-0,5 мкм болатын ұсақ қозғалыссыз капсулалы полиморфты таяқшалар.Алғаш рет Калифорния штатындағы Туляре көм аймағынан 1911ж Г.Мак – Кой мен Ч. Чаплин тапқан. Қатаң аэробтар, қоректік орталарға өте талапты, грамм теріс боялады.
Таралуы мен биохимиялық қасиеттерінің ерекшеліктеріне қарай Francifella tularensis келесі түр ішілік топтарға бөлінеді:
1.F. tularensis. Глицирин ферменттейді, цитруллинурейдаза ферменті бар. Адам үшін аса патогенді. Солтүстік Америкада таралған.
2. F. holarstica. Глицирин ферменттемейді, цитруллинурейдаза ферменті жоқ. Адам үшін патогендігі төмен. Азия мен Европада таралған.
3. F. mediasiatica. Глицирин ферменттейді цитруллинурейдазалы. Адам үшін патогенді. Орталық Азияның, Іле Амудария, өзендері жағалауында таралған.
4. F. japonica. Глицирин ферменттейді, Жапонияда таралған.
Бактериялар О және Vi – антигенді. Қоршаған ортада ұзақ сақталады. Температурасы 4ºС суда 1 ай, 0ºС астықта 6 ай, туляремиядан өлген жануарлар терісінде 8-12ºС температурада 1 айдан артық уақыт сақталады.
Жоғарғы температура, қолданыстағы дезинфектанттар, физикалық факторлар қоздырғышты тез жояды.
Инфекция көзі. Көптеген жабайы кеміргіштер, қоян тәрізділер, құстар, ит. Иксоитық кенелер қоздырғышты өмір бойына тасмалдайды. Қоздырғыштардың табиғаттағы негізгі резервуары кеміргіштер. Ауру адам айналасына қауіпсіз.
Инкубациялық кезеңнің ұзақтығы 1 күнен 3 аптаға дейін көптеген жағдайда 3-7 күн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет