Бақылау сұрақтары:
Ұялы қосымшаға фон қалай қосамыз?
Ұялы қосымша фонын таңдауда нені есте сақтау керек?
Графиканы қарау облысын өзгерту қалай орындалады?
Дәріс №3,4
Ұялы қосымшаны орнату және тестілеу
Intel XDK жасақтамасының өзіндік жеке эмуляторы бар (1-сурет), яғни қосымша жасау барысында жасалып жатқан жұмыс нәтижесін бірден көріп отыруға мүмкіндік қарастырылған. Оны жүктеу ауқымды ресурстарды жүктеуді қажет етпейді. Алайда Intel XDK ортасының эмуляторы әмбебап шешім бола алмайды. Себебі, Intel XDK ортасының көмегімен жасақталған қосымшалар үшін ғана жұмыс істейтін эмулятор болып табылады.
1-сурет. Intel XDK жасақтамасының жеке эмуляторы
Intel XDK ортасын қолданып жасалынған қосымшаны мобильді құрылғыда екі тәсілмен қосуға болады:
немесе
Жобаны жинақтап, құрылғыға жинақ нәтижесін орнату арқылы.
Бұл жағдайда мобильді құрылғыда қосымшаны қосу *.apk файлы арқылы жүзеге асырылады. Орнатылатын қосымша Google Play қосымшалар дүкенінен алынбағандықтан, мобильді құрылғыда сол қосымшаны орнату үшін арнайы рұқсат берілуі керек (2-сурет)
2-сурет. Мобильді құрылғыда сол қосымшаны орнату үшін арнайы рұқсат беру
Арнайы рұқсат берілгеннен кейін, қосымшаны орнату үдерісі бірден басталып кетеді (3-сурет).
3-сурет. Қосымшаны құрылғыда орнату және жіберу
Орнатылған қосымшаны тестілеу үшін оны іске қосып, барлық элементтердің дұрыс жұмыс жасап тұрғандығына көз жеткіземіз.
Бақылау сұрақтары:
Құрылған ұялы қосымшаны қалай орнатылады?
Ұялы қосымшаны тестілеу қалай іске асырылады?
Достарыңызбен бөлісу: |