Дәріс 10-11 Қолайсыз экологиялық факторларға байланысты оқу қиындықтары бар балалардың психологиялық-педагогикалық сипаттамасы: әлеуметтік, психологиялық, экономикалық, лингвистикалық, мәдени және соматикалық денсаулық


Инклюзивті мәдениет пен оң қарым-қатынас қалыптастыру



бет9/16
Дата22.10.2022
өлшемі66,14 Kb.
#154653
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16
Байланысты:
Дәрістер ИББ 2021 -2022

Инклюзивті мәдениет пен оң қарым-қатынас қалыптастыру
Қажеттіліктері ерекше балаларды жалпыға білім беру кеңістігінде тәрбиелеу және оқыту мәселесі түсіністік пен икемділікті қажет етеді, себебі дамуларында ауытқулары бар балалардың бәрі бірдей дендері сау қатарларының ортасына жеңіл бейімделе бермейді. Зерттеушілердің айтулары бойынша , қажеттіліктері ерекше балаларды жалпыға білім беру үдерісіне тиімді енгізудің маңызды шарттарының бірі – мұғалімдердің де, сыныптастардың да, ата-аналардың да жалпы оң икемделулері болып табылады.
Егер мұғалім «ерекше балаға» «қалыпты балаға» жасағандай қарым –қатынас жасаса, бұл «ерекше баланың» сыныптастарына да беріледі. Бұл кезде қандай да бір қиындықтары бар балаға сыныптастары қолдарынан келген көмектерін береді, сонымен қатар арнайы архитектуралық қондырғылар мен құрылғыларға да түсіністікпен, күтіммен қарап, олардың ұзақ уақыт қызымет етулеріне жағдай жасайды. Осыған байланысты, мұғалімдердің алдында «қалыпты балалардың» ата-аналарын қажеттіліктері ерекше балаларды дұрыс қабылдауға дайындау міндеті тұрады. Балаларда адамдармен, олардың ерекшеліктеріне қарамастан, дұрыс қарым-қатынас жасау мәдениетін тәрбиелеудің маңыздылығын түсіндіре отырып, ата-аналармен мақсатты жұмыстар жүргізу қажет.
Мұғалімдер шыдамды, дәйекті, тыңдай білетін, әр баланы жеке оқыту түріне құрметпен қарайтын болулары керек. Бұлармен қатар оларға төмендегілер де қажет:
балалардың сабақты қабылдауларының әртүрлі болатынын мойындау, сабақты осыған байланысты жоспарлау;
бекітілген сабақ жоспарынан гөрі жағдайға қарай әрекет етуді жоспарлау;
балаларды сабаққа толық қатыстыру және оқу үдерісін тиімді ету мақсатында, ата-аналармен ынтымақтасу;
сыныптағы барлық балалармен қатар, жекелеген балалардың да сұраныстарына шығармашылықпен және икемді жауап беру;
әр сыныптағы оқушылардың белгілі бір бөлігі сабақ оқуда қиыналатындарын білуі керек. Бұл кезде сабақ берудің келесі әдісін – балаға бағытталған белсенді әдістерді қолдану. Бұл әдістер мыналар:
балаларға бірге оқуға, ойнауға және жауапкершілікті бөлісуге көмектесу;
білім алудағы қиындықтардың ауыртпалықтарын және дәрежесін төмендету және бұл қиындықтардың дамуына жол бермеу;
тәртіп мәселелерін шешу;
күнделікті өмірде қолданылатын дағдыларды сабақ жоспарына енгізу;  сабақты қызғылықты етіп құру;
өткен материалды мектептегі және үйдегі жағдайлармен байланыстыру;
балалардың қызығушылықтарын тудыру және оларға өз шамаларына қарай оқуға мүмкіндік беру үшін, білім беру әдістерін және сабақ жылдамдығын түрлендіріп отыру;
сыныптағы қарым-қатынасты жақсарту;
мұғалімге өз біліктілігін жетілдіруге көмектесу.
Қажеттіліктері ерекше баланың жеке білім беру бағыты, оны қатарларының ұжымына ересек адамның көмегімен біртіндеп қосуды білдіреді, ол қажеттіліктері ерекше баларда бірыңғай балалар ұжымында әрекет ету дағдысын қалыптастыру үшін, мұғалімнен жаңа психологиялық ұстанымды талап етеді. Білім беру және тәрбиелеу үдерісі, қалыпты дамып келе жатқан балалардың ортақ сұраныстарымен қатар, психикалық дамуының бұзылу сипатына қарай қажеттілікетері ерекше болатын балалардың да жеке сұраныстарын қанағаттандыратындай, дұрыс ұйымдастырылған жағдайда ғана, білім алу қажеттіліктері ерекше балалар өздерінің жасырын мүмкіндіктерін жүзеге асыра алады. (Н.Н.Малофеев, О..И. Кукушкина. Е.Л Гончарова, О.С.Никольская және басқалар).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет