Дәріс 10 тақырып. ЖҰмыскердің жекелеген санаттарының ЕҢбегін реттеу ерекшеліктері. Жоспар


сұрақ. Ішкі істер органдары қызметкерлерінің еңбегін реттеу ерекшеліктері



бет4/6
Дата15.05.2020
өлшемі30,59 Kb.
#68709
1   2   3   4   5   6
2 сұрақ. Ішкі істер органдары қызметкерлерінің еңбегін реттеу ерекшеліктері.

ІІО қызметкерлерінің еңбегі бірнеше нормативтік-құқықтық актілермен реттеледі: Бұлар Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі 23.11.2015ж. Қазақстан Республикасының құқық қорғау қызметі туралы Заңы 06.01.2011ж., және жақында қабылданған Қазақстан Республикасының «Ішкі істер органдары туралы» Заңы 23.04.2014 ж.

Бүгін біз ІІО қызметінің шарттарын реттейтін нормативтік-құқықтық актілердің бірін қарастырамыз, ІІО түсуге үміткерлерге қойылатын талаптардың қандай екеніне, қызметкерлердің жұмыс режимі мен демалыс ерекшеліктерінің қандай екенін, сонымен қатар, құқық қорғау қызметі Заңында бекітілген әлеуметтік көмектерді қарастырамыз.

Құқық қорғау қызметі туралы Заң тек қана ІІО қызметіне ғана сонымен қатар, басқа да құқық қорғау органдарына оқуға түсуге талаптарды қамтиды. (Қандай органдар құқық қорғау органдары болып табылады)??

Құқық қорғау қызметі туралы заңының 6 бабына сәйкес  Құқық қорғау органдарына қызметке жасы он сегiзге толған, өзiнiң жеке, моральдық, iскерлiк, кәсiби қасиеттерi, денсаулығы мен дене бiтiмiнің даму жағдайы, бiлiм деңгейi жөнiнен өзiне жүктелген лауазымдық мiндеттердi атқаруға қабiлеттi Қазақстан Республикасының азаматтары ерікті негізде қабылданады.

 2. Құқық қорғау қызметіне келесі тұлғаларды қабылдамайды:

1) сотпен іс-әрекетке қабілетсіз немесе іс-әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған; ;(ҚР АК СӘЙКЕС әрекетке қабілетсіздер – ПСИХИКАЛЫҚ АУРУҒА ШАЛДЫҚҚАНДАР НЕМЕСЕ АҚЫЛ ЕСІ КЕМ ЖӘНЕ ӨЗ ӘРЕКЕТІНЕ ЖАУАП БЕРМЕЙТІН ТҰЛҒАЛАР; әрекет қабілеті шектелгендер – ӨЗІНІҢ ОТБАСЫН АУЫР МАТЕРИАЛДЫҚ ЖАҒДАЙҒА ҚАЛДЫРАТЫН СПИРТТІК ІШІМДІККЕ ЖӘНЕ ЕСІРТКІЛІК ЗАТТАРҒА ҚҰМАРТҚАНДАР)

2) әскери-дәрігерлік комиссияның қорытындысына сәйкес лауазымдық өкілеттіктерді орындауға кедергі келтіретін сырқаты бар;

21.05.13ж. № 93-V ҚР Заңымен 2-1 тармақшамен толықтырылған

2-1) қызметке жарамдылығын анықтау үшін әскери-дәрігерлік комиссияларда медициналық немесе психофизиологиялық куәландырудан, оның ішінде полиграфологиялық зерттеуден өтпеген;

3) өзінің мәртебесі мен соған негізделген беделін жеке, топтық және өзге де қызметтік емес мүдделерде пайдалануға әкеп соғуы мүмкін іс-әрекеттерді болғызбау мақсатында заңда белгіленген шектеулерді өзіне қабылдаудан бас тартқан;

4) құқық қорғау қызметіне тұрар алдында үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған;


5) құқық қорғау қызметіне тұрар алдында бір жыл ішінде қасақана құқық бұзушылығы үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған;
6) құқық қорғау қызметіне тұрғанға дейін үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған;
7) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;

8) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жұмыстан шығарылған;

9) бұрын сотталған немесе қылмыстық жауаптылықтан ақталмайтын негіздер бойынша босатылған, сондай-ақ мемлекеттік қызметтен, өзге де құқық қорғау органдарынан, соттардан және әділет органдарынан теріс себептермен шығарылған адам қабылданбайды.

ҚҚО-на қабылданғаннан кейін қызметкер міндетті түрде келесі шектеулерді өзіне қатысты қабылдайды:

1. Қызметкердің:

1) өкiлдi органдардың депутаты және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының ,партиялар мүшесі болуға, кәсіптік одақтар қатарында болуға

2) педагогтiк, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтердi қоспағанда, басқа да ақылы қызметпен айналысуға;

3) кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға;

4) заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, үшiншi тұлғалардың істерi бойынша өкiл болуға; (өзінің және кәмелетке толмаған балаларының)

5) өзiнiң қызметтiк әрекетiн қамтамасыз ететін материалдық-техникалық, қаржылық және ақпараттық қамтамасыз ету құралдарын, басқа да мемлекеттiк мүлiк пен қызметтiк ақпаратты қызметтiк емес мақсатта пайдалануға;

6) ереуiлдердi қоса алғанда, мемлекеттiк органдардың қалыпты жұмыс iстеуiне және қызметтiк мiндеттердi орындауға кедергi келтiретiн әрекеттерге қатысуға;

7) лауазымдық өкiлеттiктерін атқаруға байланысты жеке және заңды тұлғалардың қызметiн жеке мақсатында пайдалануға;

8) пайдакүнемдiк мақсатта, оның ішінде лауазымды немесе өзге де адамдармен сөз байласу жолымен қызмет бабын пайдалануға;

9) өзінің жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері және апа-сіңлілері, қарындастары, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) атқаратын қызметіне тікелей бағынысты лауазымды атқаруға құқығы жоқ.


Енді ІІО қызметкерлерінің жұмыс режимі мен демалыс уақытының ерекшеліктеріне, сонымен қатар әлеуметтік көмек амалдарына көшуге болады деп санаймын.

Қызметкерлердiң жұмыс уақытының ұзақтығы осы Құқық қорғау қызметі туралы Заңда көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының еңбек кодексінің 77 бабына сәйкес аптасына 40 сағаттан аспауы тиіс.

Қажет болған жағдайда қызметкерлер белгiленген уақыттан тыс, сондай-ақ түнгi уақытта, демалыс және мереке күндерi қызметтiк мiндеттерiн орындауға шақырылуы мүмкiн. Бірақ міндетті түрде өтемақы төленуі тиіс.

Құқық қорғау қызметі туралы заңының демалыстың келесі түрлері белгіленеді:

1) ақылы жыл сайынғы еңбек демалысы; Ақылы жыл сайынғы еңбек демалысы қызметкерлерге сауықтыруға екі лауазымдық айлықақы мөлшерінде жәрдемақы төлене отырып, ұзақтығы күнтізбелік отыз күнге берiледi.

2) қысқа мерзімді демалыс; демалысты өткiзетiн жерге барып қайтатын жолының уақыты есепке алынбастан, күнтізбелік он күнге дейiн берiледi.

3) оқу демалысы (құқық қорғау органдары білім беру ұйымдарының курсанттары мен тыңдаушыларына, сырттай оқу нысаны бойынша оқитын қызметкерлерге);

4) еңбек сiңiрген жылдары және қызмет өткерудің ерекше жағдайлары үшін қосымша ақылы демалыс;

Қызметкерлерге сондай-ақ заңнамада көзделген өзге де демалыстар беріледі.

Зейнетақыны тағайындау кезiнде есепке алынатын еңбек сiңiрген жылдарына қарай қосымша ақылы демалыс (күнтiзбелiк есеппен):

1) он жылдан аса еңбек сiңiрген жылдары барларға – ұзақтығы күнтiзбелiк бес күнге;

2) он бес жылдан аса еңбек сiңiрген жылдары барларға – ұзақтығы күнтiзбелiк он күнге;

3) жиырма жылдан аса еңбек сiңiрген жылдары барларға ұзақтығы күнтiзбелiк он бес күнге берiледi.

Биiк таулы жерлерде (биiктiгi бiр мың бес жүз метр және одан жоғары), тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын, климат жағдайы ауыр және қолайсыз жерлерде қызмет өткерiп жүрген қызметкерлерге, еңбек сiңiрген жылдарына қарамастан, ұзақтығы күнтiзбелiк қырық бес күн ақылы жыл сайынғы еңбек демалысы берiледi.

5) жүктілiгіне және босануы бойынша демалыс, жаңа туылған баланы (балаларды) асырап алған қызметкерлерге арналған демалыс, бала үш жасқа толғанға дейін оны бағып-күтуге арналған жалақысы сақталмайтын демалыс белгіленеді.  

Бұл сұрақты қарастыруды қорытындылай келе құқық қорғау қызметі туралы Заңмен бекітілген әлеуметтік көмек амалдарын есімізге түсірейік (кепілдіктер және өтемдер!!!!)

Осыған сәйкес қарастырылған материалды саралай келе біз ІІО қызметтің тәртібі мен шарттарын талдадық, ІІО түсуге үміткерлерге қандай талаптар қойылатынын білдік, қызметкерлердің жұмыс режимі мен демалыс уақыттарының ерекшеліктеріне тоқталдық, сонымен қатар құқық қорғау қызметі туралы Заңда бекітілген әлеуметтік көмектер жайында талдадық.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет