Дәріс 11. Жеңілдік (скидка) түрлеріне қосымша мәліметтер



Дата31.01.2022
өлшемі44 Kb.
#116487
Байланысты:
Дәріс 11


Дәріс 11. Жеңілдік (скидка) түрлеріне қосымша мәліметтер
Бағадағы жеңілдіктің түрлері дәріс 10 берілген мәліметтерді кесте түрінде толықтырдық. Кестеде өтілген жеңілдік түрлері мен қосымша жаңа түрлері берілді.
Бағадағы жеңілдіктің түрлері



Жеңілдіктің түрлері

Сипаттамасы

1

Көтермедегі азайту

Бұл көп тауарды сатып алушыға бағаны төмеңдетіп беру. Мұндайда өндіруші тауарды сақтау, тасымалдау, өткізуге байланысты шығындарын үнемдейді. Азайту (бағаны) әрбір тауардың тобы бойынша немесе белгілі бір мерзімге сатып алу құнының көлемі бойынша белгіленеді. Кейінгісі сатып алушыны қызықтырып, оның басқаға қарамай қайта келуіне себепкер болады. Өңдіруші тауар өткізуін жылдамдатып, қаржы айналымын, тездеткеннен ұтымды.

2

Маусымдық жеңілдіктер


Сатып алушыға тауарды сату маусымы алдында немесе өткеннен кейін ұсынылады. Мұндай жеңілдіктер жыл бойы тауарлар мен қызметтер өндірісін бір деңгейде ұстап тұруға мүмкіндік береді. Мысалы, шаңғы алуға алдын ала тапсырыс алу үшін жазғытұрым, жазда сатып алушыға маусымды төмендету ұсынылады. қолданады. Әуе және қонақ үй компаниялары, дүкендер өз тауарлары мен қызметтеріне сұраныс азайған кезде клиенттерге арналған маусымдық жеңілдіктер ұсынады.

3

Бонустық немесе айналым үшін берілетін жеңілдіктер


Бұл тұрақты сатып алушыларға жыл ішінде жасаған айналым­дарына қарай беріледі. Келісім шартта белгілі уақытта болатын айналымға қарай жеңілдік деңгейі, оның төлену тәртібі қойылады. Кейбір жабдық түрлері бойынша бонустық жеңілдік айналымының 15-30%, ал шикізат пен ауылшаруашылығы тауарлары бойынша бірнеше пайызбен есептелінеді.

4

Делдалдық жеңілдіктер


Тұрақты тауарды өткізушілерге жасалады. Бұл машина, трактор және стандартты құрал-жабдықтардың кейбір түрлерін сатқанда жиі қолданылады. Мысалы, автокөлік маркасына қарай тағайындалатын жеңілдіктер бөлшек бағасының 15-20%-ын құрайды.

5

Экспорттық жеңілдіктер


Тауарды шетелге сатқанда ішкі нарықтағы жеңілдікпен қатар қолданылатын жеңілдік. Оның мақсаты – тауардың сыртқы нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

6

Клубтық жеңілдіктер


Бұл жеңілдіктер ұлттық және халықаралық дисконттық клуб мүшелеріне ұсынылады. Бұл көрінбейтін өткізу жүйелерінің бірі. Олар үшін жеңілдікпен тауар сататын дүкендер жүйесі қызмет етеді. Мұндай жеңілдіктер негізінен жүк тасу, машинаны жалға беру, қонақ үй және мейрамхана қызметтері, сонымен қатар сақтандыру ісінде көп таралған.

7

Есепке алу


Бұл белгілі бір бағдарламаны іске асыруға қатысқандығы үшін прейскуранттық бағадан берілетін жеңілдік. Бұл көрсетілген бағадан төмендету. Мысалы, тауар алмастыратын зачет дегеніміз – ескі тауарды тапсырған жағдайда жаңа тауарды арзан бағамен беру жеңілдігі. Зачеттер көбіне автомобильдерді және ұзақ пайдалануға арналған тауарларды сатқан кезде қолданылады. Бұрынғы КСРО да телевизор сатып алғанда пайдаланылған.

8

Қызметіне байланысты жеңілдіктер


Тауарды сату, сақтау және есеп жүргізу жұмыстары бойынша арнайы қызметтер атқарғаны үшін, көрсетілген қызметтердің сипатына қарай әр түрлі өткізу арналарына ұсынылады. Пайыз беруші-өндіруші әртүрлі өткізушілерге қызметіне байланысты әрқилы баға төмендетеді.

9

Мәдени қарым қатынасты қамтитын женілдіктер


Араб, балкан, кавказ елдерінде келісімде бағаны төмендетіп алуды абыройға жатқызады. Осыны ойлап сатушылар бағаны 20-30% артық қояды да, сатып алушының межесіне түсіреді.

10

Пайдаланылған құралдарды өткізудідегі жеңілдіктер


Кейбір елдерде пайдаланылған жабдықтарды қайта сатып алу тиімді. Оны жақсылап күтсе, жаңасын алғанға пара-пар, көп пайдалануға болады, пайдалану шығыны төмен, өйткені оның құны алғашқысынан 50%, сатушылар жөнге келтіріп, жұмысқа жарамды етіп сатады. Олардың бағасына салық қосылмайды, соңдықтан алушыға тиімді. Мысал ретінде немістердің пайдаланған машиналарын, Қазақстанға әкеліп сатудың тиімділігі.

Қазақстан Республикасында және басқа да кейбір мемлекеттердің заңдарына сәйкес баға белгілеу үшін мынадай іс-қимылдарға тыйым салынады:

1.     Кесімді бағаларды қолдану. Бәсекелестермен сөз байласып, баға қоюға тыйым салынады.

2.     Әр түрлі сауда кәсіпорындарына қатысты бағалық дискриминация. Өндіруші өзінің тауарын іс-әрекеттері ұқсас сауда кәсіпорындарының бәріне бірдей шарттармен ұсынуға міндетті.

3.     Өндіруші делдалдардан тауардың өзі белгілеген бағамен сатуды талап етпеуі тиіс. Дилердің тәуелсіз баға саясатын жүргізуге құқығы бар.

4.     Бәсекелестерді ығыстыру мақсатында тауарды өзіндік құнынан төмен деңгейдегі бағамен сатуға тыйым салынады.



5.     Бағаларды алаяқтықпен  көтеруге заң бойынша тыйым салынады. Бұл тұтыну тауарлары нарығында кездеседі, себебі түпкі тұтынушыларда қажетті ақпарат үнемі бола бермейді.
Жоғарыдағы айтқандарды қорытындыласақ бір сөзбен келтіргенде баға әрбір адамның өміріне әсер ететін экономикалық көрсеткіш. Экономиканың қай жүйесін алмасаңыз бағасыз қадам жасалмайды. Бағаның маңызын білгенде ғана оның қажеттілігін сезініп, зерттеуіне мән беріледі. Өмір деңгейі бағаға байланысты болғаңдықтан саяси - экономикалық саладағы шешімдер қабылдауда тұрақты ескеріледі.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет