Ерітіндінің рН-ын анықтау - Ерітіндінің рН-ын білу химиялық зерттеу жұмыстарында, әр түрлі өндірістік процестерде, тірі ағзаларда жүретін құбылыстарды түсіндіруде аса қажет.
- Көпшілік жағдайларда рН-тің дәл мәнін емес, ерітіндінің реакциясын (ортасы) қышқылдық немесе сілтілік екенін сапалық түрде білу жеткілікті, ол үшін индикатор деп аталатын арнаулы реактивтерді қолданады. Индикаторлар сутегі не гидроксид иондары концентрациясына байланысты түстерін өзгертеді.
- Жиі қолданылатын индикаторлар: фенолфталеин, лакмус, метилқызғылт, метилқызыл.
- Ғылыми зерттеуде, өндірістерде арнайы рН метр деп аталатын аспаптармен анықтайды.
- Өсімдік, жануар және адам ағзасында жүретін реакциялар белгілі ортада жүреді.
- Мысалы, асқазан сөлінің рН = 1,7; жауын суында рН = 6,5 т.б.
-
Достарыңызбен бөлісу: |