Дәріс №12 Қазіргі әлемдік процестер контекстіндегі қазақ мәдениеті



Дата24.11.2023
өлшемі32 Kb.
#193461
Байланысты:
12 Дәріс (1)


Дәріс № 12 Қазіргі әлемдік процестер контекстіндегі қазақ мәдениеті



  1. Қазіргі Қазақстанның мультимәдени кеңістігіндегі қазақ мәдениетінің орны;

  2. Қазақстанның заманауи өнерінің негізгі тенденциялары мен бағыттары.



Бүгін әлемде бәсекеге қабілеттілік дегеніміз тек экономикалық даму, халықаралық бастамалар мен жобалар емес, бәсекеге қабілетті мәдениетті қалыптастыру, өз мәдениет жетістіктерін әлемге таныту. Бүгінгі күнде Қазақстан бай мұнай қорымен, ядролық қарудан өз еркімен бас тартқан және жаппай қырып-жою қарудың тарауына қарсы, атом қуатын бейбіт мақсатта пайдалануын қолдайтын ел ретінде әлемге танымал. Бұл образ Қазақстанның ұлттық брендісіне айналды, осының арқасында әлемдік және аймақтық процестерге еліміз белсенді қатысып келеді. Қазақстанның дамуындағы жаңа кезең - қазақстандық мәдениеттің үздік үлгілері арқылы елді әлемге танылу. Сондықтан, ұлттық мәдениетті мейлінше кең түсіну үшін оған ғылымды, әдебиетті, бейнелеу өнері мен музыкалық шығармаларды, театрды, киноны және тағы басқаларды қосып қарау керек. Мәдениеттің, халық шығармашылығын, тарихтың, музыканың, әдебиеттің, бейнелеу өнерінің, театрдың, киноның және тағы басқалардың үздік үлгілерін алға тарту Қазақстан туралы жағымды ассоциацияны қалыптасуына әсерін тигізеді. Заманауи мәдениетті алға қарай дамыту үшін оның формасы мен мағнасына мән беруге тиіспіз. Қазіргі жас авторлардың жұмыстары, жобалары, 3D мұражайлар, ғылыми көрмелік экспозициялар, электронды кітапханалар халықаралық деңгейде қолдау табуы керек. Осындай түрде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Ұлт Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаев ұсынған «Туған жер», «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы», «Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» жобаларды алға жылжытып іске асыру қажет. Сондықтан ұлттық мәдениеттің үздік үлгілерін таңдаумен қатар оларды халықаралық аренада насихаттайтын тиімді механизмді табу керек. Заманауи Қазақстанның ғылыми және әдеби жетістіктерін наихаттау жолының бірі оларды әлемдік тілдерге аудару. Бұл істе мемлекеттік емес Ұлттық аудару бюросының рөлі маңызды. Әлбетте, мұндай ауқымды масштабтағы жобаны іске асыру үшін мемлекеттің қолдауы қажет және министрлік пен ведомствалардың, мәдениет және спорт, білім мен ғылым, ақпарат және коммуникация, сыртқы істер министрліктері, облыстық және Астана мен Алматы қалаларының әкімдіктері, сонымен қатар қоғамдық ұйымдар мен зиялы қаум бірлесіп қимылдау керек. Атап айтқанда, сыртқы істер министрлігі ақпараттық жұмысқа бөлінген бюджеттің бір бөлігін шетелде ұлттық мәдениетімізді насихаттауға жұмсауға тиіс. Елшілік пен дипломатиялық өкілдіктердің жұмыстары тиісінше ведомстваның алдында тұрған міндеттерді іске асыруға бағытталады. Өз кезегінде, қазіргі қазақстандық мәдениетті шетелдерде көрсету үшін мәдени брендтерді таңдап, баға беретін жүйе әзірленеді. Қазақстандағы қазіргі мәдени процестер көпқырлы және әр алуан. XXI ғасырдың басында Қазақстанның экономикалық қарқында қол жеткізген жетістіктері мәдени процестерді дамытуға болмай қалмайтын оң ықпал көрсетті. Қазіргі Қазақстандағы мемлекеттің және мәдениеттің жемісті диалогы ретінде «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасын есептеуге болады. Осы Бағдарлама міндеттері елдiң маңызды тарихи-мәдени және сәулет ескерткiштерiн қайта жаңғырту; мәдени мұраны, соның iшiнде қазiргi заманғы ұлттық мәдениеттi, ауыз әдебиетiн, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды зерделеудiң тұтастай жүйесiн құру; көркем және ғылыми толық дестелерiн шығару арқылы ұлттық әдебиет пен жазудың сан ғасырлық тәжiрибесiн қорыту; әлемдiк ғылыми ой-сананың, мәдениет пен әдебиеттiң таңдаулы жетiстiктерiнің негiзiнде гуманитарлық білім берудiң мемлекеттiк тiлдегi толыққанды қорын құру; eлдің қорларында, мұрағаттары мен қоймаларында сақталған аса көрнектi ауызекi кәсiби дәстүрде орындаушы-музыканттардың фоножазбаларын қалпына келтiру мен қазiргi заманғы аудиотаспаларға көшiру болып табылады.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 12.04.2017 жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында жаһандану дәуіріндегі қазақстандық мәдениеттің бүгіні мен болашағына үлкен мән береді: «Біз ХХІ ғасырдың жаһандық картасында ешкімге ұқсамайтын, дербес орны бар ұлт боламыз десек, «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын іске асыруға тиіспіз. Әлем бізді қара алтынмен немесе сыртқы саясаттағы ірі бастамаларымызбен ғана емес, мәдени жетістіктерімізбен де тануы керек». Мемлекет басшысы мақала кіріспесінде Қазақстан үшінші жаңғыру кезеңіне аяқ басқанын атап өтті. Осылайша, еліміз қайта түлеудің айрықша маңызды екі процесі - саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға алып отыр.
Мақсат - әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. «Рухани жаңғыру тек бүгін басталатын жұмыс емес. Біз Тәуелсіздік кезеңінде бұл бағытта бірнеше ауқымды іс атқардық. 2004 жылы «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында Қазақстан аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштер мен нысандарды жаңғырттық. 2013 жылы «Халық - тарих толқынында» бағдарламасы арқылы әлемнің ең белді архивтерінен төл тарихымызға қатысты құжаттарды жүйелі түрде жинап, зерттедік. Енді осының бәрінен де ауқымды және іргелі жұмыстарды бастағалы отырмыз», - деді Н.Назарбаев.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет