Дәріс 12 Термомеханикалық зерттеу әдісі



бет5/5
Дата22.10.2023
өлшемі131,78 Kb.
#187385
1   2   3   4   5
Байланысты:
Дәріс 12.Термомеханикалық зерттеу әдісі.

Релаксациялану заңдылықтары. Денелер сыртқы күштің әсерінен деформацияланғанда бұзылған тепе-теңдік қайтадан қалыптасу үшін белгілі бір уақыт керек. Жүйенің сыртқы күштің әсерінен тепе-тендіксіз күйден термодинамикалық тепе-теңдікке өту процесін, яғни тепе-теңдігі уақытқа бай-ланысты орнайтын процесті релаксациялану процесі дейді. Оған кететін уақыт релаксациялану уақытымен (τ) сипатталады.
Әр түрлі жүйелерде тепе-теңдік күйге өту уақыты өзгеше. Мысалы, сұйықтардың релаксациялану процесінің жыл-дамдықтары мблекулааралық әсерлесу және жылулық қозғалыс эңергияларының арақатынасына байланысты. Молекулааралық байланыстар неғұрлым күшті болса, релаксациялану процестері соғұрлым баяу жүреді, яғни релаксациялану уақыты көп болады. Төмен молекулалық сұйықтардың релаксациялану уақыты аз, 10-10с. Бұл молекулалардың реттелген топтарының жасау уақытын көрсетеді. Тура осынша уақыт өткенде (10-10 с) молекуланың бір қалыптасқан ретті бөлігі бұзылып, басқа бір реттелген бөлік пайда болып үлгіреді.
Релаксациялану уақыты молекулалардың мөлшеріне байланысты. Ұзын тізбекті макромолекулалардың қозғалғыштығы төмен. Полимерлердің релаксациялану процесін қарастырғанда екі күрылымдық элемент қарастырылады: ол оның жеке буындары мен толық тізбектің өзі. Жеке буындардың козғалғыштығы оған сәйкес төмен молекулалық қосылыстардың қозғалғыштығындай болғанымен бір-бірімен химиялық жалғасқандықтан олардың жалпы қозғалғыштығы бір шама тежелген. Бірақ буындар да (сегменттер) елеулі жылдамдықпен қайтадан топтаса алады, олардың релаксациялану уақыты 10-4 — 10-6 с, яғни төмен молекулалық сүйықтардан 4-6 қатар жоғары.
Релаксациялану уақытын табу үшін қарастырылатын жүйенің күйін сипаттайтын қандай да болмасын бір өлше-нетін шамасының өзінің тепе-теңдік қалпына қандай жыл-дамдықпен жақындайтынын анықтайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет