Дәріс №14 тақырыбы: Асқорыту жүйесінің бөліктері. Асқорыту түтігінің құрылысы. Тістің құрылысы. Сүт тістер және тұрақты тістер. Тілдің қызметі мен құрылысы. Пирогов-Вальдейер лимфоидты сақинасы Ішкі ағзалар



бет42/88
Дата22.01.2023
өлшемі152,77 Kb.
#166093
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   88
Байланысты:
Д ріс №14 та ырыбы Ас орыту ж йесіні б ліктері. Ас орыту т тіг

4. Терең сан артериясы – санды қан тамырлармен жабдықтайтын негізгі тамыр. Ол шап байламынан 4-5 см төмендеу жерден шығып, көптеген тармақтар береді: ол жамбас белдеуін, сан бұлшық еттерін, терісін қоректендіреді. Ол санның артқы бетіне өтіп, санды бүгуші бұлшық еттерді ұршық буынын, сан сүйегін қоректендіреді.
Тақым артериясы – сан артериясының тікелей жалғасы, тақым шұңқырында орналасқан. Балтырдың камбала тәрізді бұлшық етінің астында өзінің ең соңғы екі тармағына бөлінеді: асықты жіліктің алдыңғы және артқы артериясы.
Тақым артериясының тармақтары:
1. Тізенің жоғарғы артериялары;
2. Төменгі тізe артериялары;
3. Ортаңғы тізе артериясы;
Асықты жіліктің алдыңғы артериясы – тізе асты артериясының екі соңғы тармағының бірі. Ол басталғаннан кейін балтырдың бүккіш терең бұлшық еттерін тесіп өтіп, сүйек аралық жарғақтағы тесік арқылы сирақ алдына келіп аяқ үсті артериясына жалғасады. Тармақтары:
1. Асықты жіліктің артқы қайырылма артериясы – тізі буыны, асық жілік пен оның шыбығы арасындағы буынға барады.
2. Асықты жіліктің алдыңғы қайырылма артериясы – тізе тобығының латералды жиегіне келіп, бұлшықеттерді, теріні қоректендіреді.
3. Артқы толарсақ артериялары.
Асықты жіліктің артқы артериясы – тізе асты артериясының жалғасы. Балтыр сүйегіне, балтырдың артқы бұлшық еттеріне тізе, балтыр-тобық буынына тармақтар береді. Артерияның ең үлкен тармағы кіші - жіліншік артериясы, өкше сүйегінде аяқталады.
Аяқ ұшы артериялары – аяқ ұшының сыртында аяқ ұшының сыртқы артериясы өтеді. Ол асықты жіліктің алдыңғы артериясының жалғасы, сүйектер мен байламдарда орналасады.
Тармақтары:
1.Медиалды тілерсек артериялары – аяқ ұшының медиалды жиегіне барады.
2.Латералды тілерсек артериясы – доға тәрізді артериямен қосылады. Латералды жаққа кетеді.
3.Доға тәрізді артерия – табан сүйектерінің негіздері үстімен латералды жаққа жүріп, латералды тобық артериясымен жалғасады.
Денедегі қан үлкен қан айналым шеңберінің вена қан тамырларына жиналып, жүректің оң жүрекшесіне құяды. Дененің жоғарғы бөлігінен қан жоғарғы қуыс венаға, төменгі бөлігінен төменгі қуыс венаға жиналады. Олардың ішінде қақпа венасының орны өзгеше.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет