Дәріс №14 тақырыбы: Асқорыту жүйесінің бөліктері. Асқорыту түтігінің құрылысы. Тістің құрылысы. Сүт тістер және тұрақты тістер. Тілдің қызметі мен құрылысы. Пирогов-Вальдейер лимфоидты сақинасы Ішкі ағзалар



бет69/88
Дата22.01.2023
өлшемі152,77 Kb.
#166093
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   88
Байланысты:
Д ріс №14 та ырыбы Ас орыту ж йесіні б ліктері. Ас орыту т тіг

І – ші жұп, иіс сезу нервтері, n.olfactorii. Мұрын қуысының сезімтал жасушаларының өсінділері 15-20 жіңішке нерв жіптерін түзеді. Олар торлы сүйектің тесіктері арқылы мұрын қуысының жоғарғы қабырғасынан ми сауытына өтіп, иіс сезу буылтығын түзеді, ол иіс сезу жолына созылады.Одан әрі иіс сезудің ми қыртысындағы орталығы – самай үлесіне барады.
ІІ – жұп, көру нерві, n.оpticus, ең жуан нерв, ол көз алмасының артқы полюсінен шығып, көру өзегі арқылы бассүйек қуысына кіріп, қарсы жақтың дәл осындай нервімен айқаспа түзеді (айқаспа толық емес, нервтің тек медиалды талшықтары айқасады). Кейін көру жолдары арқылы қыртыс астындағы көру орталықтарына барады - латералды иінді дене мен ортаңғы мидың жоғарғы төмпешіктеріне, бұл орталықтардан нервтер көрудің қыртыстық шеті – ми сыңарларының шүйде үлесіне барады.
ІІІ - жұп, көз қозғалтқыш нерв, n. оculomotorius, мидан ми аяқшасыныңмедиалды жиегінен шығып, жоғарғы көз саңылауы арқылы көз ұясына кіреді де, екі тармаққа бөлінеді : 1. Жоғарғы тармақ жоғарғы қабақты көтеретін бұлшық ет пен жоғарғы тік бұлшық етті нервтендіреді.
2.төменгі тармақ көздің төменгі тік, төменгі қиғаш және ортаңғы тік бұлшық еттерін нервтендіреді.
IV-ші жұп, шығыршық нерв, n.trochlearis - қозғалтқыш қызметін атқарады. Ортаңғы мидың қозғалтқыш ядросынан басталып, жоғарғы көз саңылауы арқылы көз ұясына кіріп, жоғарғы қиғаш бұлшық етті нервтендіреді.
V-ші жұп, үшкіл нерв, n.trigeminus, аралас қызмет атқарады.Сезімтал талшықтары бет пен бастың алдыңғы бөлігінің терісін нервтендіреді, ал қозғалтқыш талшықтары шайнау бұлшықеттерін және ауыз қуысы түбі бұлшық еттерін нервтендіреді.Оның құрамында бет қуыстары аймағында жататын бездерге баратын секрециялық талшықтар өтеді.Аралас болғандықтан, оның 4 ядросы бар : оның 2 сезімтал және 1 қозғалыс ядросы артқы мида, ал 1 сезімтал ядросы ортаңғы мида орналасқан. Самай сүйегі пирамидасының алдыңғы бетінде үшкіл нерв түйіні пайда болып, нерв осы жерде 3 тармаққа бөлінеді : 1) көз тармағы, 2) жоғарғы жақ сүйек нервісі, 3) төменгі жақ сүйек нервісі.

  1. Көз нервісі ми сауытынан көз ұясына жоғарғы көз саңылауы арқылы шығып, 3 тармаққа бөлінеді : 1. Маңдай нерві - маңдай терісіне, жоғарғы қабақ пен көздің медиалды терісінің бұрышына тармақ береді. 2. Көзжас нерві, көзжасы безіне барып, одан өтіп, көздің латералды бұрышының конъюктивасы мен терісінде аяқталады, ол бетсүйек нервімен қосылады. 3. Мұрын – кірпік нерві мұрын қуысының алдыңғы бөлігін, көз алмасын, көздің медиалды бұрышының конъюктивасы мен көз жасы қапшығын және терісін нервтендіреді. Одан кірпік түйініне байланыстырушы тармақ кетеді. Көз нерві ІІІ, IV, VI нервтермен байланысып, көз бұлшықеттерінің сезімтал иннервациясын іске асырады.

  2. Жоғарғы жақ сүйек нерві- дөңгелек тесік арқылы бас сүйек қуысынан қанат- таңдай шұңқырына шығады. Оның тармақтары : 1. Бетсүйек нерві- ұрт пен самай аймағының терісін нервтендіреді. 2. Жоғарғы ұяшықты нервтер – жоғарғы тістер мен қызыл иекті нервтендіреді. 3. Түйіндік тармақтар- мұрынның және таңдайдың шырышты қабығының бездеріне барады.

Төменгі жақ сүйек нерві сопақ тесік арқылы бас сүйек қуысынан шыққаннан кейін екі тармаққа бөлінеді : 1. Бұлшық еттік тармақтары- шайнау бұлшық етін, дабыл жарғағын, жұмсақ таңдайды, самай бұлшық еттерін нервтендіреді. 2. Сезімтал тармақтар- ұрттың шырышты қабығын, тілдің үстін, шеке терісін, құлақ қалқанын, есту тесігін және есту түтігін нервтендіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет