Дәріс №15 Жаралар Дәріс жоспары



Pdf көрінісі
бет1/5
Дата23.01.2022
өлшемі244,86 Kb.
#113427
  1   2   3   4   5
Байланысты:
15 дарис (1)
Жарыс мамандық, Ғылыми және пед зерт жобалау (3)


Дәріс № 15 

 

Жаралар 

Дәріс  жоспары:     

1.

 



Жаралар, жаралар инфекциясы.  

2.

 



Жарақаттар кезінде асқынушылық.  

3.

 



Таңу материалы, жеке таңу пакеті және оны пайдалану тәртібі.  

4.

 



Жараланған кездегі алғашқы меднциналық көмек. 

5.

 



Қан кетуі. 

 

Дәріс мақсаты мен міндеттері: 

Жаралар және жараланған кездегі алғашқы медициналық 

көмек түрлерін түсіндіру.

 

 

Дәріс мазмұны: 1. Жаралар, жаралар инфекциясы 

Жаралар  тері  жамылғысының  терідегі  кілегейлі  қабықтың  тұтастығы  бұзылып, 

ұлпалардың механикалық зақымдануынан пайда болады. 

Жаралар жеңіл және қатты болып бөлінеді. 

Қатты жарақаттану кезінде тері астындағы клеткалар ғана емес сондай-ақ бұлшық ет, 

сүйек,  нерв,  сіңір,  байлам,  ірі  қан  тамырлары  зақымданады.  Жарақаттағыш  зат  дененің 

ішіне — кілегейлі қабыққа, бас сүйектің қуысына және  т.б. енуі мүмкін; осындай бойлай 

салынған жарақат ішкі органдарды зақымдайды. 

Жаралардың жіктелуі. 

Жаралар  заттың  немесе  қарудың  түріне  байланысты  жаралар:  кесілген,  тілінген, 

түйрелген, сыдырылған, тістелген, жарымдалған және оқ тиген болын бөлінеді. 

Түйрелген жаралар түйрегіш қарулы найза, пышақ, біз, ине, шеге әсерінен болады. 

Кесілген жаралар жүзі өткір заттар арқылы болады (пы-шақ, ұстара, шыны және т.б.). 

Кесілген жаралардың шеті тегіс және зақымданбаған болып келеді. Қан жиі ағады. 

Тілінген  жаралар  ауыр  өткір  заттың  тиюінен  болады  (балта,  қылыш).  Сырттай 

қарағанда кесілтен жараны еске түсіреді, алай-да зақымдану аумағы үлкенірек, кейде тіпті 

сүйектің зақымда-нуына апарып соқтырады. Жараның шеті біршама ісінеді. 

Сыдырылған  жаралар  ауыр  жалпақ  заттың  соққысынан  (ба-лға,  тас  және  т.б.). 

Сыдырылған жаралардың шеті ісінеді, тегіс емес, қан қатады, тамырлардың және олардың 

тығындалуы-ның  нәтижесінде  жара  шетінің  нәрленуі  бұзылады.  Ісінген  ұлпалар 

микробтардың көбеюіне септігін тигізеді. 

Атыс қаруынаң болған жаралар атыс қаруының зақымдау салдары болып табылады. 

Қару  түріне  байланысты  оқтан  жаралану,  бытырадан  жаралану,  жарықшақтан  жаралану 

(мина, граната, снаряд). Атыс қаруынан болған жарақат тесік болуы мүмкін. Жаралаушы 

зат тесіп өтеді және оның кіріп-шығу саңылауы болады. Кейде зат денеде тұрып қалады, ал 

кейде жанай тиіп өте шығады. 

Кіретін саңылау тесік жарақат кезінде шығатын саңылаудан анағүрлым кіші болады. 

Жарақаттаушы зат ұлпа ішінде қалып койған кезде басқа затқа айналады. Жараланған жерге 

киімінің қалдығы тұрып қалуы мүмкін, ол жара ішінде қалып оны іріндетеді. 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет