Бүйректің функционалдық қызметін зерттеу.
Зимницкий сынағы.Бұл әдістің негізгі артықшылығы – бүйректердің функционалдық тексеруі науқастың қалыпты жағдайда жасалынады.Сынақ тәулік бойынша жүргізіледі.Несептің түнгі және күндізгі мөлшерін салыстыра отырып қай кездегі диурездің көп екенін аныңтайды.Қалыпты жағдайда күндізгі диурез түнгіден көп болады,несеп мөлшері үлестерден 50мл – дан 250 мл ге дейін,ал салыстырмалы тығыздығы - 1.005 тен -1.028 дейін.Бүйректердің қызметінің жетіспеушілігі күшейгенде несептің салыстырмалы тығыздығы(1.009-1.010). Бүйректің функционалдық күйін анықтайтын тура әдістермен бүйрек клиренсін анықтау және Реберг сынама тәсілі жатады.Қалыпты жағдайда шумақ сүзіндісін 60-120мл/мин тең.
Достарыңызбен бөлісу: |