С. С. Неуструев (1915) жер бедерінің өзгеруіне байланысты ком-
бинацияларды топырақ кешендеріне (комплексы) жəне топырақ
үйлесушіліктігіне (сочетания) бөлді. Топырақ кешендері жер
бедерінің микроөзгешеліктеріне байланысты қалыптасқан болып
келеді. Ал топырақ үйлесушіліктері мезо жер бедеріне байланыс-ты
қалыптасып, үлкенірек аумақты алып жататын топырақтар
жамылғысы құрылымын құрайды.
В. М. Фридланд (1973) микрокомбинациялар ішінде топырақ
кешендерін
(ерекше
айырмашылықты)
жəне
шұбар
(сəл
айырмашылықты) топырақтар жамылғысы құрылымын бөліп қарауды
ұсынды. Мезокомбинациялар ішінде жер бедеріне байла-нысты
қалыптасқан ерекше айырмашылықты топырақ жамылғысы бар
үйлесушілікті жəне сəл айырмашылықты топырақ жамылғысы бар
вариацияларды бөліп қарауды көрсетті. Сонымен бірге мезоком-
бинациялар ішінде топырақ түзуші тау жыныстарының кеңістікте
өзгеруіне байланысты қалыптасқан ерекше айырмашылықты топырақ
жамылғысы құрылымын өрнекті жəне сəл айырмашылықты топырақ
жамылғысы құрылымын ташеттер деп атады.
Достарыңызбен бөлісу: