отыруы тиіс. Яғни, топырақтар таулы өлкеде де аймақ болып кезектесіп
орналасады, бірақ ол көлденең бағытта емес, тік бағытта байқалады.
Қазіргі кезде құрлық бетінде топырақ-климаттық белдеулер анық-
талған. Оларды анықтап жіктеу үшін климаттың ерекшеліктері
ескеріледі. Осындай белдеулерге полярлық, бореалдық, суббореалдық,
субтропикалық жəне тропикалық белдеулер жатады. Бұл белдеулер-де
оларға тəн, басқа белдеулерде жоқ топырақ типтері кездеседі. Ол
типтердің түзілуінің термоэнергетикалық режимі ұқсас болып келеді.
Топырақ – климаттық белдеулер топырақ-биоклиматтық облыс-
тарына бөлінеді. Топырақ – биоклиматтық облыстары келесідей:
– орман, тайгалы орман немесе тундра өсімдік жамылғысы бар
ылғалды облыс;
– далалық, ксерофитті-орманды немесе саванналы өсімдік
жамылғысы бар далалық облыс;
– шөлейттің немесе шөлдің өсімдіктері жамылғысы бар құрғақ
облыс.
Топырақ-климаттық белдеулерге қарағанда биоклиматтық-
топырақ облыстардың топырақтары біртектес болып келеді. Соның
өзінде де бұндай облыста бірнеше аймақтық топырақтар жəне
оларға сəйкес интра аймақтық топырақ типтері кездеседі.
Сондықтан əр биоклиматтық топырақ облысы ішінде 2-3 топырақ
аймағы кездеседі. Топырақ аймағы бір немесе екі аймақтық топырақ
типінің жəне осыларға сəйкес интрааймақтық жəне аймақ ішіндегі
топырақ типтері таралған жер кеңістігі.
Топырақ аймағы топырақ типшелерінің аймақшаларына,
топырақ фацияларына жəне провинцияларына бөлінеді.
Топырақ аймақшасы – топырақ аймағына сəйкес таралған бір
топырақ типшесі таралған жер аумағы.
Топырақ фациясы – жылу режимінің жəне жыл мерзімдері ішінде
ылғалдылығының ерекшелігі бар топырақ аймағының бір бөлігі.
Топырақ өлкесі (провинциясы) – жылу режимі жəне жыл мерзімі
ішінде ылғалдылығының айрықша ерекшелігі бар топырақ
фациясының бір бөлігі.
Топырақ округы жəне топырақ ауданы – жер бедерінің жəне
топырақ түзуші тау жыныстарының ерекшелігіне байланысты
қалыптасқан топырақ жиынтығы бар топырақ өлкесінің бөлігі.
Достарыңызбен бөлісу: