Дәріс 26
Сәкен Сейфуллин “Сыр сандық” өлеңі
Ақын «Сыр сандық» өлеңінде шынайы адал достықты тілге тиек еткен.Адалдық пен арамдық,талант пен күншілдік,мансап пен ұждан,достық пен қастықтың ара жігін аша жазып,адам үшін құнды байлық-достықты жырлайды. Ақын тек қана өз жайын,өз басының мұңын,өзінің арманын ғана айтып отырған жоқ,жалпы адамзатты ғана толғандыратын,жалпы адам баласын ойландыратын құндылықтарды жырлап отыр. Сәкен достыққа қандай баға береді?Нағыз дос қандай болуы керек дейді?
Достық-адамдардың бір-біріне адал,бір мүдделі ортақ көзқараста болатын қасиеті.Өмірге деген көзқарасы ортақ дүниетанымы деңгейлес,әрі бір-бірімен дос бола алады. Өлеңді оқи отырып, автордың дос көңілін шыңдығын қоймаға,алтын сарайға бағалайтынын байқаймыз.Лирикалық кейіпкер ақынның өзі достық сезімін құзды шыңға ,нулы шатқалға ,мөлдір суға ,қымбат жасауға ұқсатады.Жанама, жағымсыз достарды қаламайды.Алтын сарай –шын достыққа нағыз дос ие болады дегенді айтады.Сұлу пернелер адам бойындағы жақсы,жағымсыз қасиеттер. Сәкен адамның көңіл-күйін,сырын,тұспалдай жырлап ,оны биік таудың басындағы кілттеулі сырсандыққа балайды.Кез-келген адамның кеудесінде шың,құз басында Сәкен ағамыз айтқандай сыр сандығы болады.Оның ішінде алтын да, күміс те бәрі бар.Сұлу сандық.Талай сол шыңға шығып,сын пернелерді басып қарап,біраз сыр ақтарысасың.Бірақ ол сандық та адамның жеке ақтаруын қалайды.Жаныңда жаныңды түсінер адам болса… Жоғарыда айтқандай,ол сандықта екінің біріне ақтаруға жол берген адам бақытсыз…Өмірде сүрінетін кездерде болады,сол кезде бірінші досыңа арқа сүйейсің,ал айналаңа қарасаң,олардың біреуін де таппайсың.Сатқындық,екіжүзділік,өзімшілдік достықпен сыйыспайды.Абай атамыздың айтуынша, «Жаман дос-көлеңке:басыңды күн шалса,қашып құтыла алмайсың,басыңды бұлт шалса,іздеп таба алмайсың».Өмір ағымына қарай ,шынайы достық пен жалған достықтың айырмашылығын үйренесің.
Қорытындылай келе,осы өлеңді оқып бола салысымен өз жүрегіңе терең бойлап,сен де көңіліңнен сыр сандық іздейсің,ойланасың,ой тұжырымдайсың,өмірлік сабақ аласың.Адамдық асыл қасиеттерді бойына жинақтай алған адам ғана –адамдарға шын дос,шынайы жолдас,нағыз дос болмақ.Ең бастысы әрбір адам достықта шынайылылық,адамгершілік,сенімділік,уәдеге беріктік қасиеттерді жоғалтпау тиіс.
Өлең астарлы жұмбақ мағынада жазылған. Түсінбеген оқушы өлеңді тауық туралы деп қалуы мүмкін. Өлеңнің прологы жеті жолдан тұрады. «Мұнда жем іздеген жанама тауықтың» әрекеті жөнінде айтылады. Негізгі ой, негізгі түйін – адал достық жайында. Өз өмірінің қиын кезеңінде жанынан табылмаған айнымалы, айналғыш, уәдеде тұрмайтын, сырға саяз, сертке тұрақсыз адамдар жайында айтылған. Автор ол жайында ашып айтып жатпайды, жем бар кезде жолында топырлайтын тауық туралы айтып келеді де, «шындап берік сүйіскен» нағыз достар жайына тоқталады. Қаламгердің «Тар жол тайғақ кешу» мемуарлық романы арқылы біз ақынның өмір жолына қанықпыз, жан түршігерлік атаман Анненковтың азап вагоны, Дүйсенбі деген жалған атпен еліне жаяу оралуы, сталиндік репрессия зобалаңы – оның өмірінің ең азапты тұсы болғанын және сол Голощекин геноциді құрбаны болғанын білеміз.
Күй шертуге анда – санда
Сырласарлық жан керек, – деген ақын өзіне шын дос, шынайы жанашыр іздеді. Өлеңді өрлей берсек, одан ары ақын Сарыарқа тауының сымбаты мен қалың зергер құзды шаттарын жырлайды. Үңіле қарасақ, «қалың нудағы тіп-тік, сұңғақ сыр жиып тұрған шың суреті» ақынның өз бейнесі ме дейсің?! Ал, «шыңның нақ басындағы алтын жазулы қақпа тасы, текшелеген сымнан жасалған сандық» оның қойнауындағы тұңғиық сыр – ақынның жан дүниесі. Сандық іші толған қойма асыл сымдар пернесін тек сыршыл, жібек талдап түйін түйген түршіл адамдар ғана таба алады, – дейді сыр сандық иесі.
1936 жылы Москвада болған Қазақ әдебиеті мен өнерінің он күндігінде осы өлеңін ақын – биші Шара Жиенқұлова мен әнші Күләш Байсейтоваға берген екен. Жаны таза, жүрегі нұрлы өнер адамдарынан өзіне дос тапқысы келген болар
Бұл «Сыр сандық» өлеңі 1926 жылы жазылған.Ақын өлеңін «Досқа жазылған хат» деп атаған.Ақын өміріндегі 1923 жылы Қызылжар қаласында болған жағдайға байланысты туған.Халық комиссары Сәкенді бір сапарында вокзалдан күткен досы Шәріпжан Тотоев аяғын сындырып алады.Бірақ кейінгі бір кездесуге Сәкенді жаңағы досы танымайды,шақыртқанына келмепті.Сонда көңілі қалған Сәкен ақын: «Үлкен шенділерге табынғыш,жарамсақ.Былтыр күтіп,аяғын сындырған доссымағым ұлық болсам ғана шырқ айналар соқыр тауық болғаны ма?» дегенді ойлапты.Әрине,бұл дерек Сәкен туралы естеліктерде (фил.ғыл.докторы С.Талжанов) осылай сақталғанымен, Сәкен бұл өлеңінде шынайы адал достықты тілге тиек еткен.Өмір,достық туралы терең толғанған ақынның жаны таза,ешкімге қиянаты жоқ.Адалдық пен арамдық,мансап пен ар-ұждан,достық пен қастықтың ара жігін аша жазып,адам үшін құнды байлық-достықты жырлайды.Дос көңілін шыңдағы қоймаға, алтын сарайға балайды.Лирикалық кейіпкер ақынның өзі достық сезімін құзды шыңға,нулы шатқалға,мөлдір суға,қымбат жасауға ұқсатады.Жанама,жағымсыз достарды қаламайды.Алтын сарай- шын достыққа нағыз дос ие болады дегенді айтады.Сұлу пернелер-адам бойындағы жақсы,жағымды қасиеттер.Адамдағы асыл қасиеттер шын достыққа жеткізетінін ақын тебірене жырлайды.
Достарыңызбен бөлісу: |