Басты квант саны (n) электрон орналасқан энергетикалық деңгейдің номерін көрсетеді. Басты квант саны 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 мәндеріне ие бола алады. Электрон орналасқан орбита ядродан алшақтаған сайын басты квант санының мәні өседі. Мысалы n 1 болса, электрон ядроға ең жақын энергетикалық деңгейде, ал n 7 болса, электрон ядродан ең алшақ энергетикалық деңгейде болады. Басты квант санының мәні өскен сайын, яғни электрон ядродан алшақтаған сайын, электронның энергия қоры арта түседі, атомдық орбитальдардың көлемі ұлғая түседі, сондықтан электрондар атомды оңай тастап кете алады. Сыртқы энергетикалық деңгейдегі электрондарды валенттік электрондар деп атайды. Валенттік электрондар - химиялық байланыс түзуге қатысатын электрондар. Валенттік электрондардың саны элемент орналасқан топ номеріне тең болады. Энергетикалық деңгейді толтыру үшін қажет электрондардың саны мына формуламен анықталады:
N 2n2 Осындағы n – басты квант сан.
Атомның электрондармен толтырылатын энергетикалық деңгейлерінің саны элемент орналасқан периодтың номеріне тең:
Период номері
Энергетикалық
деңгей саны
Энергетикалық деңгейді толтыруға кажетті электрондар саны (N 2n2)