Дәріс 4 Химиялық байланыс және зат құрылысы


NH3 + H+  NH4+ осында: аммиак молекуласындағы (



бет4/4
Дата26.02.2023
өлшемі19,62 Kb.
#170240
түріҚұрамы
1   2   3   4
Байланысты:
4 лекция

:NH3 + H+  NH4+

осында: аммиак молекуласындағы (:NH3) азот атомы – электрон жұбының доноры, H+ (протон) - электрон жұбының акцепторы.


Донорлы-акцепторлы байланыс коваленттік байланысқа жатады, тек түзілу механизмі ерекше. Донорлы-акцепторлы байланыс комплексті қосылыстарда кең тараған.
Сутектік байланыс. Сутектік байланыс сутек атомы электртерістігі жоғары элементпен (фтор, азот, оттегі) ковалентті байланысқан полярлы молекулалар арасында немесе молекулалар ішінде орын алады. Сутектік байланыстың түзілу (үзілу) энергиясы 10-30 кдж шамасында, яғни сутектік байланыс коваленттік байланыстан 10 еседей әлсіз. Сутектік байланыс су, спирттер, аммиак, фторлы сутек молекулаларының арасында кездеседі. Сутектік байланыс биологиялық жүйелерде үлкен орын алады. Молекула ішіндегі сутектік байланыс белок молекулаларында, нуклеин қышқылдарында кең тараған. Сутектік байланыс белоктардың екінші реттік структурасын, ДНК-ның қос спираль структурасын қамтамасыз етеді. Сутектік байланыстары үзілген белок өзінің биологиялық активтілігін жоғалтады.


Бақылау сұрақтары:

1. Химиялық байланыс не себептен түзіледі ?


2. Химиялық байланыстың үзілу энергиясы дегеніміз не ?
3. Қандай байланысты ковалентті байланыс деп атайды және оның қандай түзілу механизмдерін білесіз ?
4. Иондық байланыс дегеніміз не ?
5. Металдардағы химиялық байланыстың ерекшелігі неде ?
6. Сутектік байланыс дегеніміз не және оның қандай маңызы бар ?
7. Элементтердің электртерістіктерінің айырмашылығы арқылы химиялық байланыс типін қалай анықтайды ?

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет