І-ші деңгейге -индивидтің төмендегідей ерекшеліктерді жатқызамыз:
· жыныс, жас конституция, нейродинамикалық қасиеттер;
· психофизтологиялық қасиеттер және органикалық қажеттіліктер;
· нышан және темперамент
ІІ-ші деңгейге іс-әрекет субъектісі деңгейі:
· когнитивті сипаттар, коммуникативті қасиеттер, еңбекке қабілеттілік іс-әрекет ерекшелігі ретінде;
· қабілеттер
ІІ-ші деңгейге тұлғалық көрсеткіштер жатады:
· статус, әлеуметтік рөл, құндылықтар құрылымы;
· жүріс-тұрыс мотивациясы;
· мінез және бейімділік.
А.Н.Леонтьевтің ойынша, индивид (организм) – бұл генотиптік пайда болу, филогенетикалық және онтогенетикалық дамудың өнімі, адамның биологиялық ұйымдасуы. Леонтьев бойынша , тұлға индивидуалдылық- арнайы адамдық пайда болу, қоғамдық қарым-қатынас негізінде туындайды. В.С.Мерлиннің пікірінше, индивидуалдылық –бұл материяның барлық деңгейлерінің иерархиялы тәртіптелген қасиеттер жүйесі, яғни физикалық, биохимиялық, физиологиялық нейродинамикалық, психодинамикалық тұлғалық қасиеттер және т.б.
Қазіргі кезде Ресейде және шет елдерде бірнеше индивидуалдылықты зерттеу орталықтары бар. Пятигорск психологиялық мектебінде В.В.Белоус басшылығымен индивидуалдылықтың полиморфты мәселесі зерттелуде. Онда қазіргі кезеңде индивидуалдылықтың полиморфты мәселесі зерттелуде. Онда қазіргі кезеңде индивидуалдылықтың интегралдылығы жайлы теориялар қарқынды дамуда. Пермь қаласындағы ғылыми орталық индивидуалдылықты зерттеудің маңызды орны болып табылады. Орталықтың негізін салушы – психология ғылымының докторы, профессор В.С. Мерлин. Қазіргі кезде орталықтағы индивидуалдылық мәселесімен айналысушы зерттеушілер Л.Я.Дорфман, Б.А.Вяткин, А.И.Щебетко. Ұжымның зейін орталығында – интегралды индивидуалдылықтың құрылымдық ерекшеліктерін зерттеу болып табылады. Л.Я.Дорфман интегралды индивидуалдылықтың ерекшеліктеріне ұйымдасудың иерархиялы тәсілін, көп деңгейлік, интерация мен дифференцация процестерінің бірлігін, индивидуалды жүйелер арасындағы көп мәнделк байланыс майыспалығын және бір мәнділік байланыс қатаңдығын жатқызады. Ол метаиндивидуалдылық және интраиндивидуалдылықтың әр түрлі иерархиялы деңгейлеріне жатады және олардың арасындағы байланыс тікелей сипатқа ие. Осындай байланыстың болуының шарты индивидуалды іс-әрекет стилі болып табылады.
Индивидуалдылықты зерттеу психология ғылымының докторы В.М.Русаловтың басшылығымен қарқынды жүргізілуде. Зерттеудің ерекше сипаты индивидуалды-психологиялық айырмашылықтың негізгі детерминанты жоғары жүйке жүйесінің жалпы қасиеттер спектрінен негізгі көңіл формальді – динамикалық индивидуалдылық құрылымындағы орнын зерттеу мақсатында және оның жалпы психометриялық әдістерін өңдеуге басты назар аударылады. В.М.Русалов индивидуалдылықтың толықтығынның моделін ұсынды:
· Дифференциялды-психофизиологиялық (төменгі) деңгей, организм қасиеттері жатады;
· Дифференциялды-психофизиологиялық (жоғары) деңгей, тұлғалық, индивидтік және басқа әлеуметтік-мәдени құрылымдардан тұрады.
Психологиялық институтта, психофизиологиялық қабілеттер зертханасында психология ғылымының докторы Э.А.Голубеваның басшылығмен қабілеттердің табиғи алғы шарттарын зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Э.А.Голубева индивидуалдылық құрылымдағы организм және тұлға деңгейлерін бөліп көрсетті. Жүйе құрайтын қаситеттерге эмоционалдылық белсенділік, өзіндік реттелуді жатқызды.
Отызыншы жылдары психологияға қатысты зерттеулерді қазақ ғалымдары да Ш.Әлжанов, М.Әуезов, С.Балаубаев, Ә.Сыдықов, Т.Тәжібаев, А.Темірбеков, С.Қажахметов, Қ.Жарықбаев, С.Бабаев, А.Құдиярова, Х.Т.Шарьяздановалар сияқты тағы басқада ғалымдарды атап өтуге болады.
ХІХ ғасырдың ІІ жартысында психодиагностиканың әдістері пайда болды. Олар бақылау, сұрақ, құжаттарға анализ жасау.осы кезеңдер де әдістемелер сапалық сипатта болады. Вундтың басшылығының дүние жүзінде бірінші эксприменталды психологиялық құбылыстарды байқау мүмкіндіктерде ашылды. Негізгі объект адамның түйсігін, сезім мүшелерін ХІХ ғасырдың аяғына дейін практикалық психодиагностика өлшеумен шектелді.
Қазіргі психодиагностикалық әдістер адам жағдайы және қасиетін қарастырады. Осы кезеңдерде теориялар және математикалық, статистикалық әдістер басқа ғылыми әдістерге және психодиагностиканың сандық көрсеткіштерге сүйенеді. Математикалық статистиканы психологияларын басқа биалогия, эканомика, медицина т.б. ғылымдар да қолданылады. Кейінірек арнайы құрал ретінде факторлық анализге сүйенетін болды.
Достарыңызбен бөлісу: |