Дәріс №6 Дәріс тақырыбы: Қауымдастықтар экологиясы Дәріс мақсаты



бет2/12
Дата14.12.2021
өлшемі25,69 Kb.
#100386
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
6,7 Дәрс

Биоценоздың түрлік құрылымы


Бірлестіктің тіршілігі үшін, қалыптасуы үшін организмдердің санының мөлшері ғана маңызды емес, сонымен қатар тірі табиғаттағы биологиялық алуантүрліліктің негізі болатын түрлік алуантүрлілік маңыздырақ. Қоршаған ортаның даму туралы БҰҰ-ң конференциясының биологиялық алуантүрлілік жөніндегі Конвенциясына сәйкес (Рио-де-Жанейро, 1992) биологиялық алуантүрлілік деп түрлер мен түрішілік және экожүйелердің алуантүрлілігін айтады. Түрішілік алуантүрлілік популяция дамуының тұрақтылығын, түрлер және популяциялар арасындағы алуантүрлілік - экожүйенің негізгі бөлігі- биоценоздың қалыптасуының негізі.

Биоценоздың түрлік құрылымы көптеген факторлар жиынтығына тәуелді. Түрлер алуантүрлілігімен және түрлердің сандық ара қатынасымен сипатталады. Негізгі шектеуші факторлар –температура, ылғалдылық және қоректік қорлардың жетіспеушілігі. Сондықтан жоғарғы ендіктердің, шөл және биік таулар биоценоздары түрлерге кедей. Бұл жерлерде тіршілік формалары осы жағдайларға бейімделген организмдер тіршілік етеалады.

Түрлік алуантүрлілік – осы аймақта немесе бірлестіктегі түрлер саны. Түрлік алуантүрлілік экожүйенің тұрақтылығының негізгі сапалық және сандық сипаттамасы болып табылады. Ол тіршілік ортасының алуантүрлі жағдайларымен тығызбайланысты.

Аз санды түрлер - бірлестіктің резервтерін (қорларын) құрайды. Олардың көп болуы- бірлестіктің тұрақты дамуының кепілі. Бай биоценоздарда барлық түрлер аз санды негізгі емес түрлер, бірақ түрлік құрамы неғұрлым кедей болған сайын доминантты түрлер соғұрлым көп болады. Осы қалыптасқан жағдайда аз санды түрлер өздерінің көбею мүмкіншіліктерін іске асыра алмайды, бірақ орта жағдайлары өзгерсе, олар басым түрлердің құрамына кіруі немесе тіпті олардың орнын басуы да мүмкін.

Бұндай биоценоз өзінің төзімділігін сақтайды және сыртқы әсерлерден немесе әртүрлі ауа райының өзгерістерінен бұзылмайды.Түрлердің сандары жөнінен қатынасы- биоценоздың түрлік құрылымын құрайды. Биоценоздың әрбір типі үшін өзіне тән өз құрылымыболады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет