Дәріс 5. Заманауи педагогика бастауларына оралу. Ізгілік педагогикасының манифесі. (Ш.А.Амонашвили). Ішкі (рухани-адамгершілік) және сыртқы (зияткерлік) білім.
Педагогика – әлемдегі керемет өнер. Әр баланың өзінің педагогикасы болуы керек. Педагогика ерекше ғылым ретінде философиялық білімдер жүйесінен ХІІ ғасырдың басында бөлектеніп шықты. Педагогиканың өзіндік статусы аса көрнекті чех педагогы Ян Амос Коменскийдің (1592-1670) еңбектерінде беки түсті. «Ұлы Дидактика», «Аналар мектебі». Коменский ізімен Англияда Джон Локк(1632-1704), Францияда Жан- Жак Руссо(1712-1781), Швейцарияда И.Г. Песталоцци(1746-1827), Германияда И. Герварт(1776-1841), Адольф Дистерберг(1790-1866) және т.б. ғылым өкілдері келіп шықты. ХVII ғ. мен XIXғ. аралығы педагогикалық теорияның қарқын ала дамыған, тәрбиелік идеялардың өрбіген заманы болды. Ресейде К.Д. Ушинский, Н.И. Пирогов, В.В. Водовозов, Л.Н. Толстой және т.б. Ұлттық педагогикалық теория мен тәрбие мәселелері Ы. Алтынсарин, С. Кобеев, А. Байтурсынов, С. Аспандияров және т.б. Еңбектерінде көрініс тапты.
Достарыңызбен бөлісу: |