Дәріс Биосфера құрылымы, эволюциясы және оның тұрақтылығы. «Биосфера»



бет3/5
Дата07.02.2023
өлшемі68,42 Kb.
#167829
1   2   3   4   5
Байланысты:
4-Дәріс ЭжАТҚ
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ, Қазіргі сайлау жүйелері және олардың ерекшеліктері-melimde.com, 1 rubezhka, 2 лаба
Тірі зат концепциясы. В.И.Вернадский биосфера геологиялық кездейсоқ емес әртүрлі жеті бөліктерден тұрады деп есептеледі: тірі зат, биогенді, өлі, биологиялық өлі, радиоактивті ыдыраушы заттар, шашыранды атомдардың заттары және космостық заттар. Мұның ішінде алғашқы төртеуі маңызды болып саналады.
Тірі зат. Әдебиетке бұл ұғымды В.И.Вернадский енгізді. Бұл химиялық құрамы, энергия және салмағы арқылы біріккен бүкіл тірі организмдердің жиынтығы.
Биогенді заттар (көмір, мұнай, әк тас, шым тезек және т.б.)–Жердің бүкіл геологиялық тарихында тірі организмдер құрған, қуатты энергия көзі болып табылатын органикалық және органоминералдық заттар.
Өлі заттар–түзілу процесіне тірі заттар қатыспаған тірі организмдердің тіршілік ету орталары немесе субстрат.
Биологиялық өлі заттар тірі және өлі заттардың (үгілу қабаты, топырақтар, тұнбалар, табиғи сулар, шөгінді жыныстар және басқалары) синтезі нәтижесінде түзіледі. Биологиялық өлі заттағы тірі және өлі заттардың ара қатынасы әртүрлі болады. Мысалы, топырақ шамамен 93%-ға өлі және 7%-ға органикалық заттардан тұрады.
Тірі зат биосфераның ағзаға бөлігін құрғанымен (бүкіл биосфера салмағының 0,01%) оның негізін құрайды. В.И.Вернадский бойынша , тірі заттар – бұл қуатты геологиялық фактор болып табылатын тіршілік ететін (немесе бұрын тіршілік еткен) тірі организмдердің жиынтығы. Биосфераның тірі заттары химиялық және геологиялық тұрғыдан өте белсенді болып саналады. Планетамызда тірі заттардың 5 негізігі компоненттерін ажыратады:

  1. Энергетикалық – биосфералық-планетарлық құбылыстардың космостық сәуле шығарумен, күн радияциясымен байланысын жүргізу;

  2. Газды – газдардың миграциясын және олардың айналымын, атмосфераның газдық құрамын қамтамасыз ету;

  3. Тотығу-тотықсыздану тірі заттың әсерінен тотығу (ортаның оттегімен байытылуы) және тотықсыздану – оттегінің тапшы кезінде органикалық заттардың ыдырауы, күкіртті сутектің тізілуі, жиақталуы процесі;

  4. Жинақтау – организмдердің өз денелерінде шашыранды химиялық элементтерді жинақтау қабілеті, олардың мөлшерін қоршаған ортамен салыстырғанда бірнеше есе көбейту,

  5. Диструкциялық – өлген органикалық заттардың ыдырауы, яғни тірі заттың өлі затқа айналуы. Нәтижесінде биосфераның биогенді және биологиялық өлі заттары түзіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет